Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Материктер мен мұхиттардың карталары. №1 практикалық  жұмыс жоспар бойынша «Атлас карталарына сипаттама беру» -

Материктер мен мұхиттардың карталары. №1 практикалық жұмыс жоспар бойынша «Атлас карталарына сипаттама беру»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2276 | Размер: | Автор: Публикатор
.

Сыныбы:7                         күні     

      Сабақтың тақырыбы : Материктер мен мұхиттардың карталары. №1 практикалық  жұмыс жоспар бойынша «Атлас карталарына сипаттама беру»

Оқып-үйренудің негізгі мақсаты:Оқушылардың картографиялық проекция ұғымын білуге., қорытынды жасауға дағдыландыру,топтық жұмысқа бейімдеу..

Күтілетін нәтиже:.. Оқушылардың картографиялық проекцияұғымымен танысып, жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыланып ,топтық жұмысқа бейімделеді.

Түйінді идеясы: Географияның басты құралы карта.

Сабақтың әдіс-тәсілдер:, Сурет галериясы,Мағынаны таны,топтастыру тапсырмасы,топтық жұмыс.

Ресурстар :Интерактивті тақта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірме қағазы т.б.

Бағалау:Жұптардың өзара бағалауы,дескрипторлар арқылы бағалау.

Сабақтың барысы:

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Кіріспе

1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп, смайликтер арқылы көңіл-күйін біледі.

2. Үй тапсырмасы Сурет галериясын ұйымдастыру,стикер арқылы бағалауларға коментарий алу.

1.Оқушылар амандасады,топтарға бөлінеді. Топтағы міндеттерін бөліседі.

2. Үйден салып келген суреттерін,портреттерін тақтаға іліп галерия ұйымдастырып ,стикер арқылы бағалайды.

Тұсаукеср

1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбын жұмбақтар арқылы анықтайды, мақсатын айқындайды.  

 Жер көрдім қаласы бар, Үйлері жоқ мекендейтін.

Көл көрдім, өзен көрдім, Сулары жоқ тереңдейтін.
2 Кестемен жұмыс жасайды

Мағынаны таны жұмысын жүргізеді.

Сергіту сәті.

1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтады.

2.Мәтінмен ,кестемен танысып,практикалық жұмыс дәптеріне картографиялық, цилиндірлік,конустық, азимуттық проекция,бұрмалану,т.б сөздерді жазып алып мағынасын тауып жазады.

 Негізгі    

 бөлім

 

Топтық жұмыс:

1 топ Картадан масштабты пайдаланып Еуразия құрлығының орталық бөлігінің шығыстан батысқа дейінгі ұзындық өлшемін табады.Сол өлшемді глобустан тауып ,қорытынды жасайды.

2 топ Картадан масштабты пайдаланып Африка құрлығының орталық бөлігінің солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындық өлшемін табады. Сол өлшемді глобустан тауып ,қорытынды жасайды.

3 топ Картадан масштабты пайдаланып Аустралияның құрлығының орталық бөлігінің солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындық өлшемін табады. Сол өлшемді глобустан тауып ,қорытынды жасайды.

1. Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.

3. Оқушылар жұптасып атлас немесе карта пайдалана отырып,сәйкестендіру тапсырмасын орындап,келесі топқа тексеруге береді.

Қорытынды

 Мұғалім сабақты қорытындылайды.

 Үйге тапсырма береді :Өтілген тақырыпты оқуға және картаны сипаттаудың жоспары қосымшадағы  тапсырма беріледі.

 

 

 

Топтастыру арқылы оқушыларға картографиялық проекциялардың түрлері түсіндіріледі.Овал: Еркін алынған

Овал: КонустықОвал: Азимуттық           

           
   
     
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

            Тірек-сызба арқылы карталардың қандай белгілеріне қарай жіктелетініне сипатталады.

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.