Меню
Назад » » »
Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері:
загрузка...

загрузка...

Сабақтың тақырыбы Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері:

Оқып-үйренудің негізгі мақсаты:   Оқушыларға материктер мен мұхиттардың зерттелуін, ашылған жаңалықтар мен заңдылықатары жөнінде түсіндіру. Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыра отырып,топтық жұмысқа бейімдеу..

Күтілетін нәтиже: Оқушыларға материктер мен мұхиттардың зерттелуін, ашылған жаңалықтар мен заңдылықатары жөнінде түсінеді Жан-жақты, ізденімпаз бола отырып, тыңдай және сөйлей білу белсенділігі артады,топтық жұмысқа бейімделеді..

Түйінді идеясы: Ұлы географиялық ашылулар.

Сабақтың әдіс-тәсілдер:, карта құрау тапсырмасы,сәйкестендіру

Ресурстар :Интерактивті тақта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірме қағазы т.б.

Бағалау:Жұптардың өзара бағалауы,дескрипторлар арқылы бағалау.

Сабақтың барысы:

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Кіріспе

1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп, карта қиындыларын таратады топқа бөледі.

2. Үй тапсырмасына шолу жасау.

1.Оқушылар амандасады,топтарға бөлінеді. Топтағы міндеттерін бөліседі.

2. Оқушылар құраған карта қиындыларындағы,құрлықты,

мұхитты картадан көрсете отырып сипаттайды.

 

Тұсаукеср

1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.   

2.Ұлы саяхатшылар бейнебаян көрсетіліп,мәтінмен танысады.

 

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтады.

 

 Негізгі    

 бөлім

 

1.Мен саған,сен маған сұрақ-жауап әдісімен бейнебаянмен ,мәтінді салыстыра отырып сұрақтарға жауап береді.

2.Сәйкестендіру тапсырмасын жұп болып орындауға береді.Тексерілген тапсырмаларды салыстырады ,жақсы жұмыс атқарған жұптарды мадақтайды.

Сергіту сәті

1. Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.

3.Оқушылар жұптасып сәйкестендіру тапсырмасын орындап,келесі топқа тексеруге береді.

Қорытынды

 Мұғалім сабақты қорытындылайды.

 Кері байланыс парақтарын оқушыларға береді.

Үйге тапсырма:Тақырыпты оқу және саяхатшылардың суреттерін салып келу,немесе саяхат жолдарының картасын сызып келу.

 

Блоб сыныпта кері байланыс парағын орындайды.

 

Сәйкестендіру кестесі

1.

1819-1821

 

Семен Дежнев Беринг бұғазы арқылы Солтүстік мұзды мұхиттан Тынық мұхитқа өтті;

2.

1803-1806

 

Колумб ашқан жаңа жерлерге Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады;

3.

1519-1522

 

Ф.Беллинсгаузен мен М.Лазарев басқарған экспедиция Антарктика материгін ашты;

4.

1499-1503

 

И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянскийдің Тынық, Үнді,Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты;

5.

1648

 

Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет Жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты;

Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері: можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 447 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar