Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
. Ш.Қанайұлы атындағы № 2 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі Ниязова Б.Ж.
Кентау қаласы

Сабақтың тақырыбы : «Мейірім »
Сабақтың мақсаты :
Білімділік : шығарманың мазмұнын өмірмен байланыстыра білуге үйрету. Ауылшаруашылық жұмыстары мен адам еңбегі және оның табиғатпен байланыстылығы.
Дамытушылық : оқушылардың шығармашылық ойлау қабелеттері, сөйлем тілдерінің жетілуіне оқушы тарапынан да қызығушылық болу керектігін ұғындыру.
Тәрбиелік мәні : адал еңбек пен білімнің арқасында шыңдарды бағындыруға болатынын жадында сақтай отырып,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Әдісі : түсіндіру,сұрақ – жауап, сипаттау,орталықтардың жұмысы,іздену,талдау.
Түрі : аралас сабақ.
Көрнекілігі : суреттер,бүктемелер,проектор,сөзжұмбақ,плакат.
Сабақтың барысы : І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа дайындық.
Адам күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегі мен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің ашылуына жол ашады.Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер. Бір – біріңе жымиыңдар,күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет ! Ендеше сабағымызды бастайық.
Үй жұмысын « Лездеме сұрақтар » қатары бойынша бақылап шығамын.
Үй жұмысын тізбектей оқытамын.
Қызығушылықтарын ояту.
1. Жас қойшының есімі.
2. Түлкі қайда бұрылды ?
3. Ауыл тіркесінде қандай өзендер бар ?
4. Әңгіме не жайында ?
5. Ат неге батты ?
6. Қабырғаға басын ұрған кім ?
7. Әңгімедегі түлкіні қуып жүрген баланың аты кім ?
Сөзжұмбақ
М
Е
Й
І
Р
І
М

Балалар, мінекей үй жұмысын қорыта отырып біз бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбын ашып алдық. « Мейірім»
Балалар, сендер мейірім сөзін қалай түсінесіңдер ?



Әр оқушылар өз ойларын айтады. Ал, олай болса проектордағы суретке назар аударайық.
- Бала не істеді ? Әжейге көмектесіп жатыр.
Міне,балалар біз қарт кімілерге үнемі осылай сүйеу болсақ бізге ризашылық білдіріп , алғыстарын айтады.
Жаңа сабақты оқып,мазмұнын түсіндіріп беремін.
Сөздік жұмысты оқып , мазмұнын түсіндіріп беремін.
Теперіш көру – жәбір көру.
Құрақ ұшу – зыр жүгіру.
Кәдеге асу – пайдаға жарау.
Сергіту сәті. Қане қанат жазайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып – ұшып алайық.
Орнымызға қонайық.
Олай болса, сабақты орталықтарға бөліп орындаймыз.
І – топ. Оқу орталығы.
2 – топ. Жазу орталығы.
3 – топ. Бейнелеу орталығы.
Әр орталыққа тапсырма беремін.
Оқу орталығы – Мәтінді оқып, әңгімелеу.
Жазу орталығы – Мәтіндегі Нұржан мен Саматқа мінездеме жазу.
Венн диаграммасы арқылы.

Нұржан мен Саматтың мінездерінің айырмашылығы мен ұқсастығын дәлелдеу.
Бейнелеу орталығы – Мәтіннің бірінші абзацындағы табиғат сипатын оқып, суретін салып қорғау.
Сұрақ : - Саматтың орнында болсаң сен не істер едің ?
- Үлкендерге қандай көмек көрсетесің ?

ІІІ. Қорытындылау. Ал,балалар бүгінгі сабағымыз « Мейірім» тақырыбында болғандықтан Мейірім туралы эссе жазамыз.
Оқушылар жазған эсселерін оқиды.
Өз бастарыңда Самат пен Нұржан сияқты оқиға болды ма ?
Оқушыларды басбармақ арқылы бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.