Меню
Назад » » »
Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек.(ұстаздарға арналған тренинг сағаты)
загрузка...

загрузка...
МАТАЙ Сарқыт Қрманғалиқызы - Оқушылар үйінің педагог- психологы
Әйтеке би кенті, , Қазалы ауданы Қызылорда облысы

Тақырыбы: Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек.(ұстаздарға арналған тренинг сағаты)
Мақсаты: Ұстаздарды жаңашылдықа, инновациялық әдіс тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру.
Міндеті: Жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту.
Мұғалімнің эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту. Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттыру.
Түрі: Психологиялық тренинг сағаты
Әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, мимика мен түсіндіру, коллаж, ой бөлісу және пікір алмасу.
Көрнекілігі: Плакаттар, маркерлер, компьютер, интерактивті тақта, жүрекше, смайликтер, қобдиша, А4,А3
Тренинг ережесі:
1. Белсенділікті арттыру
2. Бірігіп жұмыс істеу
3. Бір-біріне кедергі келтірмеу
4. Өз ойымды ашық айта білуге үйрену
5. Өзіме пайдалы нәрсені алу
6. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу.
7. Өзімді еркін ұстауға үйрену
Тренер сөзі: Сәлеметсіздерме, ұлағатты ұстаздар! Бүгін сіздерді психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» тренинг сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын. Құрметті әріптестер өздеріңізге белгілі, осы жылды Елбасымыз «Ассамблеяның 20 жылдығына байланысты » Ассамблея жылы деп атады, әрине «Конституциямызға 20жыл», «Қазақ хандығына -550жыл» бәріңізді ерекше мерекелеріңізбен құтықтаймын!
I. Ұйымдастыру кезеңі:
«Шаттық шеңбер» қатысушылардың бәрін еңберге шақырамыз.
«Амандасу тренингі» қол шапалақтау
«Жан жылуы» жаттығуы. Қолддарынан ұстап бір-біріне төмендегі сөздерді хормен айтады.
Мен сенен жылу аламын (сол жағына қарайды)
Жүрегіме саламын (тура қарайды)
Досыма сыйлаймын (оңға қарайды)
Сәттілік тілеймін (тура қарайды)
«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы: Қобдишаны бір-біріңнің қолдарыңа бересіздер, қобдишаны алған адам оны ашып ішіне қарайды.
Оның ішінде кішкентай өзеннен сіздер жан-жақты және қайталанбайтын бейнені көресіздер. Оған күліп қарауларыңыз керек.
Тренер талдау: жан-жақты және қайталанбайтын бейне деген сөзді қалай түсінесіздер?
- сіздер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сізге қалай қарады?
- Қобдишаның ішінен қандай құпияны күттіңіздер?
- Демек, біз, сіз, әрбір адам өз алдына жан-жақты қайталанбайтын дүние екен. Ендеше сіздердің «сиқырлы қобдишадан » күткен құпия сырларыңыз сияқты, мен сіздермен құпия ойындар мен тапсырмаларға толы тренингмізді бастаймын.
«Жемістер жинау» жаттығуы: Құрметті әріптестер қазір сіздер мына жемістерден өздеріңіз қалағанын алып, себеттерге саласыздар.(осыған байланысты үш топқа бөлеміз, әр топ өздеріне ат қояды,топ басын сайлайды)
II. «Негізгі бөлім»
«Моншақ»жаттығуы: ( 3 топқа да, алдын ала стол үстіне 3 ине мен жіп беріледі)
Тренер сөзі: Нұсқау: менің қолымдағы моншақтан өздеріңіз қалағандарыңызша алыңыздар.
Енді алған моншақтың санына қарай өз есіміңізді атай отырып,жақсы қасиеттеріңізді атаңыз. Олай болса мына инежіпке жақсы қасиеттеріңізді тізіп көрейік. Әр топ өздеріне моншақ жасап алады.
Тренер талдау: Көрдіңіздерме осы жақсы қасиеттерді бірктіре отырып, сіздер әлі талай шыңдардан көрінетіндеріңізге мен де, сіздер де сенімдісіздер.
Бір- бірімізге қол соғып қоямыз. Рахмет, келесі тапсырмаға көшеміз.
«Суреттегі ой» жаттығуы: экраннан 3 топқа бөлінген суреттер көрсетіледі.
Тренер сөзі: экрандағы суреттерге байланысты әр топ өз ойларын ,түсінгендрін айтып ой бөліседі.
1тапсырма: ақ қағазға салынған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан.
Мұғалімдер ойы:
Тренер талдау: Ортасында қара нүктесі бар ақ кеңістік.Бұл бала алғаш дүниеге келгенде ақ қағаздай, сол қағазға ата-анасымен біздердің салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен салыстыруға болады.
2-тапсырма: Жарқын шуағын төккен күн шуағының астында әр ұлттың үш баласы қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.
Мұғалімдер ойы:
Тренер талдау: Сыртқы түстері әр түрлі болғанымен бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан ұлағатты ұстаздар оларға күн сәулесіндей бірдей мейірім шуағын төгеді.
3-тапсырма: Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақты бейнелеу.
Мұғалімдер ойы:
Тренер талдау: Біз сұқ саусағымызбен өзгені көретіп тұрғанда өзге үш саусағымызбен өзімізді көрсетекенімізді аңғара бермейміз. Ендеше біз әлдекімді кінәләғанда, өзіміздің кінәміз бар ма, жоқ па, осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Кінәні өзгеден емес, өзімізден іздейік . сіздердің жауаптарыңызда керемет болды, рахмет! Енді, арнайы сіздерге тағы бір сурет көрсетіледі бұл тапсырманы 3 топта орындау керек.
4-тапсырма: Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген
Мұғалімдер ойы:
Тренер талдау: Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымындаған жұлдыздар, ел ұйқыда бірақ ояу бір кісі бар. Ол- мұғлім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, жұмыста да, үйдеде, ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді. Құрметті әріптестер менімен келісесіздерме? Керемет, жарайсыздар!
«Нұрлы жүрек» жаттығуы: «Ұстаздармен сұхбаттасу жолы».Олай болса назарларыңызды экранға аударайық.Мінекей сіздерге бірнеше сұрақтар беріліп тұр.
1. сіздің бала кезіңіздегі арманыңыз қандай?
2. сіздің қызығушылығыңыз қандай?
3. сіз қандай оқушыны ұнатпайсыз?
4. ең сүйікті мейрамыңыз қандай?
5. өз мамандығыңыз сізге ұнайма?
6. бос уақытыңызда немен айналысасыз?
7. мұғалімдіктен басқа қандай мамандыққа барар едіңіз?
8. оқушы бойынан қандай қасиет көргіңіз келеді?
9. сізге ұнамайтын үйірмелер бар ма?
10. сіздің қолыңызда билік болса, қандай үйірме ашар едіңіз?
Тренер сөзі: Нұсқау: алдарыңыздағы А4 ақ қағазға әркім қос қолының суретін бастырып алады және сауақтарға өз жауаптарын жазып, ал есімдерін ортадағы жүрекшеге жазу керек.
Мұғалімдер жауабы:
Тренер: Рахмет сіздерге, әрқашанда жүректеріңіз нұрлы иманға толы болсын деген тілекпен тренингімізді жалғастырамыз.
«Коллаж»жаттығуы: бұл бөлім бойынша әр топ өзі таңдап алған түсінен плакатқа жабыстыру арқылы белгілі бір бейнені білдіреді.
Нұсқау: мына бөліп қойған түстерді топ басыларыңыз таңдауға болады.
Енді 1 топқа – қызыл, жасыл түс келді (Бұл топ Қалампыр гүлін жасайды және оны өзі қорғап , әділқазылардың біріне сыйлайды)
2-топқа – көк, сары түс келді (бұл топ ҚР Туын бейнелеп, оны қорғап , өзі қалған әділқазыға ұсынады)
3 топқа- көк,сары түсі келді (бұл топ Теңізе жүзіп бара жатқан желкенді қайық бейнесін бейнелеп, қорғап,қалаған адамына ұсынады)
( Топ басылары өз ойларын жеткізеді)
Тренер сөзі: 1-топқа, рахмет сізге. Гүліңізді кімге сыйлар едіңіз?
Сіздің шәкірттеріңіз, сізден алған білімімен тәрбиесінің арқасында Отанымызды сүйетін патриоттар болып, осы гүл сияқты құлпырып өсе берсін деп тілеймін!
2-топқа. Керемет! Сіз кімге сыйлайсыз? Сіздің шәкірттеріңіз, еңбектеріңізді ақтап егеменді еліміздің білімді ұрпағы болып, тілімізді,дінімізді құрметтей отырп, еліміздің туын биікке көтеруіне шын жүректен тілектеспін!
3-топқа. Жарайсыз,тамаша! Ал сіз кімге ұсынар едіңіз? «білім –теңіз, мектеп -кеме» демекші, сіздің шәкіттеріңіз,сіздің берген біміңіздің арқасында,осы кемедей еш кедергісіз асулардан тосқауылсыз өтп теңіздің шетіне, яғни білімнң шыңына қиындықсыз жетсін дегн ақ тілегімді білдіремін!
«Еңбек ағашы »жаттығуы: қазір сіздерге үш түрлі қағаз қиындысы таратылып беріледі. Сол қағазға өз ойларыңызды жазып әр қайсысың өз орнына ілесіздр.
- бұталарға- мұғалім қандай болу керек?
- Жапырақтарға- мұғлімнің түпкі мақсат-мұраты
- Гүлдер- мұғалім еңбегінің нәтижесі
- Жемістер- шәкірт қандай болу керек?
Мұғалімдер ойы:
Тренер сөзі: Міне , сіздер «Еңбек ағашын» құрастырып шығардыңыздар. Сіздің еңбектеріңіздің жемісі осы емеспе? Керемет, өте тамаша! Рахмет!
«Ертегі терапиясы »жаттығуы: экранға назар аударамыз, көрсетілген сурет бойынша әр топ ертегі құрастырып,әңгімелеп береді.( ҚР Конституциясы)
Тренер сөзі: ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабыданған болатын. 98 баб, 9 бөлімнен тұрады, үстіміздегі жылда Конституциямыздың 20 жылдық туған күні тойланады.
(Үш топ бойынша ертегісін тыңдау) Міне керемет!
Бәріміз тағыда экранға көз салсақ 3 топқада ортақ тапырма.
«Әріптер әлемі »жаттығуы. «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ» сөзі берілген осы сөздегі әріптерді пайдаланып, барынша көп сөз құрау қажет. Уақыт 1 минут негізі 30-дан аса сөз құрастырылады.
Тренер сөзі: Жарайсыздар, Қазақ хандығына биыл 550 жылдығы.
Қазақ халқының басына қасіретті түн төнгенде халықымыз бір жағадан бас, бр жеңнен қол шығарған. Ел шетіне жау келсе «аттан» деген ұранға ат жалын тартып мінген бала, қолына найзасын алып «жау қайдалап атқа қонған» 15 жасар Сартай қолына найза алып 90 жастағы қарт Байжан биден ел қорғауға бата сұрайды. Сондағы Сартайға берген батасы (батаны запистен тыңдату)
Мінекей жас жеткіншектерді тәрбиелеу жүйесін «Сартай батыр» дастаны толық қамтылған деуге болады. Олай болса найзаның ұшымен, білектің күшімен, бабаларымыздың қан төгісімен келген Тәуелсіздігмізді құрметтейік!
«Жұбыңды тап» жаттығуы: қағазға жасырылған нәрсені еш сөйлеместен мимика арқылы түсіндіріп,жұбын табу.
Бәрі қайтадан 2-2 ден жұп болып бөлінеді.
Рефлексия: «Ашығын айтсам»
1. Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады ма?
2. тренингтен қандай әсер алдыңыз?
3. тренингтен кейінгі көңіл күйіңіз қандай?
Тренер сөзі: «жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» Ә.Науай.
Осы шенбер бойынша тұрып,жүректі үлестіруарқылы бір-біріне тілек айту.
Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге аашуын қайтаруға септігін тигізеді. әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан, қолдан келгенше бір-біріңе жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс.
Қорытынды: Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды, біріншісі-қайырымды ісі, екіншісі- жүректен шыққан жылы сөзі. әрқашанда бір-бірімізге жылы сөздер айтып, бір-бірімізге қайырымды болайық. Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек.(ұстаздарға арналған тренинг сағаты) можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 277 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar