Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мейірімді әдетке балалық шақтан бастап тәрбиелеу -

Мейірімді әдетке балалық шақтан бастап тәрбиелеу

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1894 | Размер: | Автор: гость
. Турдалиева Салтанат Абдоновна
БҚО Зеленов ауданы
Трекин ЖОББҚМ-нің бастауыш сынып мұғалімі

«Мейірімді әдетке балалық шақтан бастап тәрбиелеу» тақырыбы бойынша
ата-аналар комитеті төрағалары отырысы

Сессия тақырыбы: «Мейірімді әдетке балалық шақтан бастап тәрбиелеу»
Жалпы мақсат: Мектеп, ата-ана, оқушы үштігінің байланысын жаңа әдіс-тәсілдер арқылы жандандыру
Күтілетін нәтиже:
1. Психолого-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесі артады.
2. Әр отбасы бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын түсінеді.
3 Баланың мейірімді, сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп, өсу жолдарын бірлесе қарастырады.
Өткізу түрі: Дөңгелек үстел, пікірталас
Әдіс-тәсілі: Тренинг жаттығулары, топтық жұмыс, кеңес, шығармашылық тапсырма.
Сессияда қолданылатын материалдар: Ватман қағаз, қалам, жүрекшелер, үлестірмелі тапсырмалар, слайд, «Балалық шақ» күй , А-3, маркерлер

Коучинг сессияның өту барысы
Сессия кезеңдері Коучтың іс-әрекеті Ата-аналардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру сәті Ата-аналар жиналысының мақсатын хабарламын.
«Мейірімді әдетке балалық шақтан бастап тәрбиелеу» пікірталасымызды бастаймыз.
Ортаға шығып шеңбер жасап тұрып бір-бірімен амандасады..

Психологиялық дайындық «Жүректен жүрекке»
-Осы тілектеріңіз қабыл болсын десеңіздер, мына жүрекшеге, яғни балалардың жүрегіне әкеліп қояйық.
-Енді осы үлкен жүректі, жүрекшелерімен бірге мектептің жүрегінің үстіне қояйық.
-Бәріміздің тілегіміз қабысып, жүректен-жүрекке жылы лебізіміз жетіп тоғысты. Ата-аналар шеңбер жасап, ортаға келіп тұрады. Қолдарында кішкене жүрекшелері бар. Жүрекшелерді бере отырып, жақсы лебіздерін білдіреді.

Үш топқа бөліну.
Сары қағазға жазылған «Мектебім, менің мектебім»,
қызыл қағазға жазылған «Ана туралы жыр»,
көк қағазға жазылған «Балапаным» әндерінің шумақтары жеке–жеке жазылған үлестірмелі тапсырмалар таратамын. Әр ата-ана өзіне тиген өлең шумағын өлеңдете айта отырып, түсіне орай топқа сары түс- «МЕКТЕП», қызыл түс- «АТА-АНА», көк түс- «ОҚУШЫ» тобына бірігіп отырады.
Топ басшысын сайлайды.

«Алтын ереже» Топ ережелерін анықтап алайық Топ «Алтын ереже» анықтайды.

«Жарнама»
Топбасшыларына тапсырма береді. 3 көшбасшы шығады. Оларға қағазда жазылған бірнеше сөздер көрсетіледі. Сол сөздерді қатыстырып, 3 минутта өздерін әкім, директор, полиция қызметкері болуға ұсынып,
жарнама жасайды. Соңынан шапалақпен дауыс береміз.
«Жұмыртқа» тренингі. Тренингтің мақсатымен таныстырамын. Өткіземін. Берілген жұмыртқалардан 1-уін таңдайды.
Слайд арқылы жұмыстанады
Топпен жұмыс:
1. «Үлгілі мектеп бейнесі»
2. «Үлгілі отбасы бейнесі»
3. «Үлгілі оқушы бейнесі» Әр топ постер дайындап шығады, қорғайды.
«Ереже - қарым-қатынас негізі» 3 топқа үш түрлі қатынас ережесін жазу тапсырады. Тапсырма орындалып жатқанда «Балалық шақ» тыныштандыратын күй ойналып тұрады.
«МЕКТЕП» тобы: «Ұялы телефон қолдану ережесі»
«АНА» тобы: «Тамақтану ережесі»
«ОҚУШЫ» тобы: «Оқушы ережесі» Топтар постер қорғайды.

«Аяқталмаған сөйлем»
тренингі
– Егер баланы үнемі сынап отырса, ...
– Егер балаға үнемі күлсе, ...
– Егер баланы үнемі мақтап отырса, ...
– Егер бала төзімділікте өссе, ...
– Егер бала адалдықта өссе, ...
– Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ...
– Егер бала кекшілдікте өссе, ...
– Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ...
Дұрыс жауаптары:
– Егер баланы үнемі сынап отырса, ... (оның оқуға құлқы болмайды).
– Егер балаға үнемі күлсе, ... (ол бұйығы болып кетеді).
– Егер баланы үнемі мақтап отырса, ... (ол өз қадірі үшін оқиды).
– Егер бала төзімділікте өссе, ... (ол басқаларды түсінуге тырысады).
– Егер бала адалдықта өссе, ... (ол адал болып жетеді).
– Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ... (ол адамдарға сеніммен қарайды).
– Егер бала кекшілдікте өссе, ... (ол қатыгез болып өседі)
– Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ... (ол әлемнен махаббат табуды үйренеді).
«Кінәлі сөздер»
ойыны
Берілген сөздерді қалай алмастыруға болады?
1. Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.
2. Неге сен басқа балалардай емессің?
3. Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір.
4. Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.
5. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.
Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес.
Дұрыс жауаптары:
1. «Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді.
Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың, » - деп үміт артуы керек.
2. «Сенің де басқалардан өзгеше болуына құқын бар, сенің де қолыңнан
келеді» - деп, сенім артуы керек.
3. «Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр » - деп,
баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.
4. «Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман
қылық жасама».
5. «Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен
кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда » және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.

Ата-аналарға арналған ұсыныстар мен кеңестер
МЕКТЕП - БАЛА ҮШІН ЖАҢА ӨМІР
Қазіргі білім беру үрдісіндегі маңызды мәселелердің бірі -баланың мектепте оқуға дайындығы болып табылады.
Баланы мектепке дайындау маңызды, мектеп өміріне бейімделуден өтпеу мүмкін емес, бірақ оны едәуір немесе жартылай болсын жеңілдету- орындауға болатын міндет.

Балаңыздың қуана мектепке баруы үшін не істеуге болады?
«Ата-аналарға кеңес» парақшаларын үлестіреді.
Оның уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз. Ұйқысы қанбаған бала - сабақта мұңаюлы құбыжық.
• Мектеп туралы жаман айтпаңыз, Баланың көзінше мұғалімдерді сөз қылмаңыз.
• Бала тапсырмаларға, мектептен әкелген кітаптарына сіздің қызығушылық танытып, қадағалайтыныңызды көрсін.
• Өзіңіз оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін білсін, көрсін.
• Компьютерлік ойында ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс.
• Балаға өз ойын жазбаша жеткізуді үйретіңіз: онымен хат жазып алмасыңыз, бірге хат жазыңыздар. Егер бала сізбен қатты әсер алған оқиғасымен бөліссе – сол оқиға жайлы әңгіме құрастырып жазуын өтініңіз , ал кешкісін оны барлық отбасы мүшелеріне оқып беріңіз.
• Мектеп пен сынып өміріне үнемі белсенділік танытыңыз. Балаға оның мектебінің сіздің өміріңіздің маңызды бөлігіне айналуы жақсы әсер етеді.
• Мектепте сіздің балаңыз өзіне деген өте жағымсыз қатынасқа қақтығысып қалуы мүмкін. Және де барлығы әрқашан іске аса бермейді. Осы сәтте балаға өзіне деген сенімін жоғалтпауға көмектесіңіз.
• Кейде бала барлық мектептік жағымсыз жағдайларды жүректеріне жақын қабылдап қалуы мүмкін. Әркез оған ненің маңызды, ненің аса маңызсыз екенін үйретіңіз.
• Балаңызға ұрыссаңыз, «сен әрқашан», «сен мүлдем», «әркез сен» деген сөздерді қолданудан аулақ болыңыз… Негізінде сіздің балаңыз әрқашан жақсы, тек бүгін ғана бір нәрсені дұрыс істемеді. Осы туралы оған айтыңыз.
• Әдетте бала жаман қылық істегенде ол ұялу сезімін бастан кешіреді. Ал сіз оны жазалағанда, оның ұялу сезімі өшеді. Ал бұл қауіпті.

Қорытынды
Жиналысты мына өлең шумағымен аяқтағым келеді.
Әкем, анам үлкенді сыйла деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
Осы астарлы сөзді әрқашанда ұмытпайық.
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Өзіңізге маңызды қандай ақпарат алдыңыз?
Мектеп ұжымына қандай тілек айтар едіңіз?
Стикерге жазып, мектепке жапсырады
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.