Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мейірімділік – асыл қасиет -

Мейірімділік – асыл қасиет

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1409 | Размер: | Автор: гость
. Жұмабаева Б.Н,
№76 мектебінің мұғалімі
ОҚО, Шымкент қаласы
Сабақтың тақырыбы: «Мейірімділік – асыл қасиет»

Сабақтың мақсаты: Мейірімділіктің адам бойына керекті жақсы қасиеттердің бірі екендігі туралы түсінік бере отырып, мейірімділік ұғымының мағынасын ашу.
Міндеттері:
а) білімділік:Оқушылардың бойларына адамға тән асыл қасиет – мейірімділік екендігін ұғындыру.
ә)дамытушылық: Бойларына осы асыл қасиетті сіңдіру.Топтық жұмыс арқылы ұжымдық жұмысқа, ұйымшылдыққа сыни тұрғыдан ойлануға үйрету.
б)тәрбиелік:Мейірімді болуды үйрету. Мейірімділік туралы өзіндік ой-пікірлерін қалыптастыру. Топтық жұмыс арқылы ұжымдық жұмысқа, ұйымшылдыққа сыни тұрғыдан ойлануға үйрету.
III Сабақтың түрі: дебат-сабақ
IV Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, пікірталас, әңгімелесу, сахналау және т.б
V Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, интерактивті тақта, үн таспа, нақыл сөздер, түрлі-түсті қағаз, картон, маркер, т.б
ШАТТЫҚ ШЕҢБЕРІ:
Үлкен шеңбер құрып оқушылар бір-бірінің хал-жағдайларын сұрасып, Л.Хейдің «Ризашылық әнін» хормен айтады.
Оқулықта берілген Б.Серікбаевтың «Мен – апамның ай мен күні » атты өлең жолдарын мәнерлеп оқып, келесі айдарға өтеміз.
«Мен – апамның ай мен күні» Б.Серікбаев

Апам мені: «Айым» - дейді,
Мен мұңайсам, уайым жейді.
Апам мені: «Күнім» дейді,
Мен қуансам күлімдейді.
ОЙЛАНАЙЫҚ, ПІКІРЛЕСЕЙІК
Оқушыларды топқа бөлу
I топ «Мейірімділік» II топ «Асыл»
Осы жерде оқушылар хормен ұрандарын және өз тобын неліктен осылай атағандарын айтады.
Қойылатын сұрақтар шардың ішінде болады. Жауаптарына қарай дөңгелекшелер таратылып беріледі.
. Мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер?
.Мейірімділікті қалай көресетуге болады?
.Өздерін біреугеимейірімділік танытқан кездерің болды ма?
Өздерің біреуге мейірімділік көрзеткен кезде қандай сезімге бөлендіндер?

ЖАҢА АҚПАРАТ
Адамдар бір-біріне жылы сезім білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейрімдік таныта алады.
мәтінмен жұмыс
М.Төрежановтың «Мары тауық пен балапандары» атты мәтінді оқып 2 топ сұрақтарға жауап береді (сұрақтар 2-2 ден шарды жарып,ішінен алынып жауап беріледі.)
.Сары тауық балапандарын неліктен жеткізе алмайды?
.Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
. «Күн ашылып,ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіздер?
.Ал сендер мейрімділікті, қайырымдылықты, кімдерден үйреніп жүрсіндер?
ТАПСЫРМА
Еді балалар әр топ мүшелері мейрімділік сөздермен гүл құрастырады.
Әр топ басшылары қарама-қарсы топты дөңгелекшелер арқылы бағалайды.
ДӘЙЕКСӨЗ
«Мейрімділікті-анадан үйрен »
(Халық даналығы)
.Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да, адамдыда дүнеге әкелуші ана дейді. Фл барлық нәрсенің дүнеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады.
.Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да, ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалу өз қолыңда.
ЖАҒДАЯТТАРДЫ ТАЛДАУ
.Жағдаят: Марат інісі Қайратпен бірге мектептен келе жатыр еді. Кенет Қайрат лайға құлап, үмті-басын былғап жылап қалды. Ал Марат болса бауырын мысқылдап күліп оған сауап саған сол саған сол керек деп үйіне қарай жүгіріп кетті...........
.Жағдая: Нұргүл мен Гүлназ екеуі жазғы демалыста саябаққа ролик тебуге барды. Гүлназдың жалға ролик алуға акшасы жетпей қалған соң, Нұргүлден қарызға ақша бере тұруын сұрап еді, ол Гүлназға ақшасы жетіп тұрса да менде ақша жоқ деп бермей қойды......

РЕЛАКСАЦИЯ
Балалар, яғни сендер мейірімді болу ды үйде аналарыңнан үйреніп жүрсіңдер. Ендіше сол өзіміздің аналарымыз туралы айтайық.
Ол қандай адам? (Баяу музыка ойнап тұрады) Кішіпейіл, мейірімді, сыпайы, әдепті,жанашыр,қамқоршы,кешірімді, бауырмал.
«Мейірімділік-асыл қасиет»
Айналайын ақ анам,
Ақ дәміңді таттырған.
Нәрін беріп өмірдің,
Есігіналғаш аштырған.
Ақ сүт берген анамның
Керемет ыстық жүрегі.
Жақсы бол деп өзіңе,
Үлгілі тәрбие береді.
Әрқашан адал, аман бол,
Өмірде тауып, орныңды
«Мейірімділік-асыл қасиет»
Бойыңа сіңген адам бол!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.