Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мейірімділік  - асыл қасиет -

Мейірімділік - асыл қасиет

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2112 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы : мейірімділік - асыл қасиет

Сабақтың мақсаты : Балалардың «мейірімділік» , «Қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылығы: Оқушылардың психологиялық ой – өрісін , ойлау қабілеттеоін дамыту,өз ойларын еркін жеткізе білуге уйрету.
Тәрбиелігі: Оқушыларды мейірімділікке , қайырымдылыққа , кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Міндеттері:
- Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- Өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту;
- Мейірбандыққа тәрбиелеу.
Корнекілігі : Бейнефильм, слайдттар, оқулық суреттер т.б

1. Тыныштық сәті.
Нұрға бөлену.
Балалар денелерін түзу, бастарын жоғары көтеріп , ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауны терең жұтып , еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап , қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Ослйша екі минуттай отырады.
- Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)
Қуанасын сен де, (көршісін көрсетеді)
Қуанайық достарым, (қолдарын ұстайды)
Арайлап атқан күнге. (қолдарын көтереді)

Балалар , бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп қол соғайық.

2.Өткен сабақты еске түсіріп , қайталау.
Тақырыбы: Өнерлі бала сүйкімді .

3.Жаңа сабақ
- Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Мейірімділік- асыл қасиет.».Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиетерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты-әдептілік белгісі, сол туралы білеміз.
- Балалар сендер мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер ?

4. Мәтінмен жұмыс.
Енді балалар оқулықтарымызда «Сары тауық пен балапандары»деген әңгіме бар, сол әңгімені мына тақта арқылы көреміз.
( Әңгіме балаларға мультфильм түрінде көрсетіледі.)

М . Төрежанов. Сары тауық пен балапандары.

Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен.
Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.
Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді.Сары тауық қатты састы.Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыррта қалды.Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды.Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртка шығармады.
-Оны неге шығармайсыз ? –деп сұрады бір ақ балапан.
- Ол тым жас.
- Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде олда шықсын.
- Сырқаттанып қалады. Кішімізге өзіміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне , мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.
- Мен,- деді тұңғышы.
- Мен барайын ! - деді оған тетелесі.
- КЕзекті маған беріңіз ! – деді одан кішісі.
-Мен қалам ба сонда?- деді алғашқы қарсылық білдірген ақ балапан.
- Қатесін түсінген сенің барғаның жөн ! – деді сары тауық балапанды тысқа қарай ысырып.
- Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббаты мен жылытып, сақтап қалды.

Күн ашылып , ана жүрегіндей жадырады.

5 . Сұрақтар.

- Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
- Сары тауық өз аналық мейірімін көрсете білді?
- «Күн ашылып , ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Ал сендер мейірімділік , қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?
- Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

6. Тапсырма.

- Сары тауық өзінің бойында бар, қандай жақсы қасиеттерді балапанына үйретті? Сол жақсы қасиеттерді балапанның бойын жапсырамыз, ал қандай жағымсыз қасиеттер балапанның бойында болмау керек соларды себетке саламыз.
Балалар тапсырманы орындап шығады.

7. «Болады - болмайды» тренингі.

( Оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды.)

- Мейірімді болуға ... (болады)
- Кешірімді болуға ...(болады)
- Қатыгез болуға..... (болмайды)
- Тәртіпті болуға ....(болады)
- Әдепті болуға ....(болады)
- Ұрысқақ болуға ...(болмайды)
- Сыпайы болуға ....(болады)
- Қайырымды болуға ..(болады)
- Бұзық болуға ...(болмайды)
- Бауырмал болуға...(болады)
- Ақылды болуға ...(болады)
- Мақтаншақ болуға ...(болмайды)
- Шыншыл болуға ....(болады)
- Арпам болуға ...( болмайды)
- Маман болуға ....(болады)
- Жаман болуға....(болмайды)
- Айтпақшы ,
- Жаман болуға ....!(болмайды).

8. Ойын – жаттығу. Мейірімділік сөздерінен гүл құрастырайық.
- Балалар, жаңа өздерің мультфильмде көргендей сары тауық балапандарына бір- біріне адал, қамқор, мейірімді болуды уйретіп жатыр, ал сендерге балалар жақсы болуды, мейірімді болуды кім үйретеді?
(Оқушылар жауабы)

- Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде аналарың үйретеді. Ендеше сол өзіміздің аналарымыз , Сара анамыз туралы айтайық, ол қандай адам?

Кішіпейіл мейірімді бауырмал кешірімді жанашыр жақсы әдепті сыпайы .

9. Дәйексөз.

«Мейірімділік ті анадан үйрен»
Ана – халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші – Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адмның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз колында.
10. Ана туралы ( монолог)
Бейне қойылым.

11. Жаңа ақпарат.
«Адамдар бір- біріне жылы сезімін білдіріп,тек жақсылық ойлау ,игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.»

12.Тапсырма : « Кім жіне не мейірімді» түсіп калған сөздерді, суреттерді өз орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады).
Күлімдеген ...... мейірімді. (күн)
Кіршіксіз ақ ....... мейірімді. Қар)
Таза мөлдір........мейірімді.( су)
Бәрімізді көтеріп тұрған ...... мейірімді. (жер)
Аяулы......... мейірімді. (анам)
Қадірлі...... мейірімді. (әкем)
Әлпештеген.........мерірімді.(әжем)
Еркелеткен.........мейірімді.(атам)
Жылы жүзді......мейірімді.(ұстазым)
Тату тәтті........ мейірімді.(достарым)
13«Мейірімділік ағашы»
Балалар сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына» жемістерді ілеміз.
14Дәптермен жұмыс.
Дәптерде берілген бос жолдарға «Мен мейірімді баламын» тақырыбында өздері жасаған ізгілік істері туралы шағын әңгіме құрастырып жазады
15Сабақты бекіту.
- Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер. Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар , не үйрендіңдер?
(окушы жауабы)
- Дұрыс балалар , адамдар бір-біріне әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағыдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған адамдарға , бауырларына мейірімділік таныта білуі керек.
16Үйге тапсырма.

«Мейірімділік» кестесін толтырыңдар. Бірінші бағанға -мейірімді істер, екінші бағанға- мейірімсіз істер тізімдемесін жасаңдар.

17.Бағалау.

- Балалар сіздер бүгін сабаққа барлығыңыз өте жақсы қатыстыңыздар,сондықтан мен сендерге алғысымды айтып, «Мейірімділік гүлін» сыйлағым келіп тұр. (оқушыларға түрлі-түсті қағаздан қиылған гүлдер беріледі)
18. Қане балалар, ендеше барлығымыз бірге «Ана туралы жыр» әнін хормен орындаймыз
- Рахмет осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.
Б ұл сабақ Оспанова Айнагүлдің атынан жіберілді.
Мекен жайы: Оңтүстік Қазақ стан облысы, Отырар ауданы
Зи яш Қалауова атындағы бастауыш мектебі сыныбы:3
Өзін-өзі тану пән мұғалімі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.