Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мектептегі жаңа форматтағы жұмыс – бүгінгі күн  талабы -

Мектептегі жаңа форматтағы жұмыс – бүгінгі күн талабы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1892 | Размер: | Автор: гость
. Асанова Асемкул Ужетовна,
№70 С.Бекбосынов атындағы жалпы орта мектебі, химия пәні мұғалімі.
ОҚО, Шымкент қаласы
Сабақтың мақсаты: Мектептегі жаңа форматтағы жұмыс – бүгінгі күн талабы

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев жаңа білім беру жобаларының басты қозғаушысы бола отырып, білім беру саласын дамыту жолына айырықша көңіл бөлуде. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында орта білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев: «Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек және оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс»,– деп атап көрсеткен болатын. Сондықтан да педагогикалықұжымныңалдындаөзін-өзідамытуға, жетілдіруге, ұйымдастыруға қабілетті жеке тұлғаға бағытталған жүйе құрудағы тарихи міндет тұр. Осы міндетті іске асыру жолдарының бірі ретінде мұғалімдердің біліктілігін арттырудың жаңа модернизациясы құрылып, білім саласындағы әлемдік озық тәжірибелерді меңгеру үшін 1, 2 және 3-базалық деңгейдегі бағдарламалар енгізіліп, оң нәтижесін беруде. Бұл игі бастама білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Чарльз Дарвиннің: «Ең күшті, ең ақылды емес, болып жатқан өзгерістерден қалыс қалмайтындар ғана өміршең болады»,– деген сөзі мұғалімдерді жаңа бағытта жұмыс жасауына, қазіргіуақытта түрлі ақпараттың көптігі ұстаздың ізденуіне, өз білімін жетілдіруге талап етіп отырғандай. Егерде мұғалім өз ісіне немқұрайлылықпен қарайтын болса, өз пәні бойынша біліміне, өзіне педагогикалық дағды қалыптастырмаса, әдістемесіне өзгерістер енгізбесе, «дәстүрлі , бірсарынды » сабақтардан бала жалығып, мектепке келу және білім алу үдерісі жүрмей қалатынын түсіне отырып, әрбір мұғалімдік мамандықты таңдаған адамға, күнін текке өткізбей, өз оқушыларына сабақ өтуде инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануына қолдау көрсету керек. Мұғалім өзінің тәжірибесінің аздығынан ізденістерін дұрыс қолданбайтын болса, оған мектеп әкімшілігі мен әріптестері дер кезінде қолдау көрсеткені жөн болар еді. Шынында,оқушы талабы жылдан-жылға артып келеді. Жаңа бағдарламаның бізге ұсынып отырғаны оқушыны қазіргі заманға, бәсекеге қабілетті, өмірге бейімділігі мен алған білімін күнделікті тіршілікте қолдана алатын тұлға тәрбиелеу. Өмір адамнан өзгерісті қажет етеді. Өзгеріс үздіксіз ізденіс пен еңбектің арқасында келетін туынды болып табылады. Сондықтан болашақ ұрпақ тәрбиесі мен білім алуында олардың ЖАДЫНА сіңіретін үш факторды қалыптастыруымыз қажет деп санаймын: 1) Мен - осы уақытқа дейін қандай өзгеріс жасай алдым.? 2) Мен – бүгінгі күндері қандай өзгеріс жасап жатырмын? 3) Мен –болашақта қандай өзгеріс жасай аламын және оған қалай қол жеткізуге болады?
Мектептегі жұмыстың уақыт талабына сай жүргізілуі, айналып келгенде,істі ұйымдастыру деңгейіне байланысты болып келеді. Яғни,ұтымды басқару ісіне көп байланысты.Бұл бағытта ел ішінде көңіл,назар аударар өнегелі істер,тәжірибелер баршылық.Соларды күнделікті істе пайдалануға баса көңіл бөлінгені жөн.Қазіргіқоғамдық-саяси,әлеуметтік-мәдени жағдай білім беру саласында тың талаптар қоюда.Дүниежүзіндегі өркениетті отыз елдің қатарына қосылу педагог кадрлардан да зор жауапкершілікті талап етеді.Қазір–бәсекелестік заманы.Біздің педагогтеріміз,оқушыларымыз білім жағынан да,дарындылық жағынан да өзге елдердің өздері секілді әріптестерінен кем болмауы тиіс.Қайта артықшылықтармен көзге түсулері қажет. Әрине,бұл бағытта мектептегі оқу-тәрбие үрдісін заманауи сай басқарудың орны айрықша екендігін мен қызмет ететін мектеп ұжымы да жақсы түсінген.
Оқу жылын бастағанда, келешекте мектеп жұмысы нәтижелі болу үшін жоғары санатты,тәжірибелі ұстаз,мектеп директоры Кошкарбекова Нұрбала апаймен 24 жыл бойы С.Бекбосынов атындағы мектепті басқарып келе жатқан тәжірибелі басшылығымен мынадай жұмыстарды қолға алдық:
- командалар жұмысының ортақ мақсаты бардеңгейлік курс бітіріп келген мұғалімдермен бірлескен команда құру;
- мектепте дұрыс ахуал қалыптастыру, негізігі жұмыс істейтін басымдықтармен құндылықтарды анықтау(биылғы жылғы сауалнамалардың нәтижесін негізге ала отырып);
- мақсат қоюға өзгеріс енгізу (ұстаздар үшін үлкен проблема осы болып тұрған сияқты);
- ұстаным, бағыт, нәтижені айқындадық тұрақты жұмыстың жүруіне қолдау жасау, (жетістігіне қарай марапаттау);
- қамқорлық көрсету–мұғалімдерге жағдай жасау, тренингтер өткізу (сынып жетекшілермен, пән мұғалімдеріне қолдау көрсету, сабақ кестесін жасау т.б.);
- мұғалімдерге, командаларға, ата-аналарға қолдау көрсету (кеңеc, пікір алмасу т.б);
- оқыту мен оқуды дамыту–мұғалімнің сыныптағы ахуалды дұрыс қалыптастыруына мүмкіндік беру (оқушылардың дұрыс білім алуына ықпал ету мақсатында).
Осы көрсетілген мүмкіндіктер қолға алынып оқыту мен оқуды дамытуға толық мүмкіндіктер бар екеніне көз жеткіздік.
Барлық қазақстандық мектептерде, менің ойлайымша, дамуға кедергі болатын өзекті проблемалар тестілеу, әңгімелесу, пікір алмасу нәтижесінде анықталады. Олар:
жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында қолданылатын оқушылар мен мұғалімдер арасында жүйелі кері байланыстың аздығы;
мектебімізде оқыту үдерісі мен көшбасшылықтың өзара әсері туралы ашық айта алмауымыз;
оқу үдерісіндегі сабақтарда тапсырма орындауда қолданылатын топтық және жұптық жұмыс түрлерінің аздығы;
оқушылардың өз ойын ашық жеткізе алмауы, еркін ойлылықтың аз көрініс беруі;
оқушылардың қалай оқитынымыз туралы ойларымызды айтуға мүмкіндік берілмеген деп есептеуі;
мұғалімдердің оқушылардың ойынша көңіл күйі мен сезімдерін толық назарға алмауы;
мұғалімдерде мектеп пен өзіне қанағаттанып,талапқа сай жұмыс істеуінің жеткілікті дәрежеде еместігі;
мұғалімдердің әлемдегі білім беру жүйесіндегі өзгерістерден хабары жақсы емес;
мұғалімдер өздерінің кәсіби өсуіне кедергі келтіретін факторлар бар деп есептейді.
Алдағы уақытта осы кедергілерді жою мақсатында метептер жұмыс жүргізуі қажет.Бүгінгі таңда деңгейлік бағдарламалар бойынша білім берудің артықшылықтарына барша әріптестердің көзі анық жетті. Бірақ бұл оңайлықпен бола қойған жоқ. Ол үшін көп қажыр-қайрат, еңбек кеткендігі баршамызға аян. Осы арада мұғалім еңбегінің лайықты бағасын беріп отырған ел үкіметінің қолдауын ерекше атап өту маңызды. «Балам дейтін елі болмаса, ұлтым дейтін ұл қайдан шықсын», –деген екенАхметБайтұрсынов. Мектебімізде оқу ісі меңгерушіері мен педагогтердің құзыреттілігін жетілдіру барысында біршама істер атқаруда.Мектеп бойынша 6 ұстазымыз заманауи талаптарға сай Назарбаев зияткерлік мектептері мен дербес білім беру ұйымы (ДББҰ) Кембридж университеті мен педагогикалық шеберлік орталықтарымен (ПШО)бірлесе жасаған бағдарлама бойынша біліктіліктерін көтеру арқылы бүгінгі күн талабына сай қызмет атқаруда.Олар білім сапасының талапқа сай болуы үшін ақпараттық-технологиялық,оқу-танымдық коммуникативтік,тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттіліктері бағытында жұмыс жасауда.Оған дәлел ретінде мектепаралық ұйымдастырылып жатқан семинарлар,коллаборативті жұмыс жасау,жаңа форматтағы сайыстардың мұғалімдер және оқушылар арасында өткізілуі,жаңа форматта пәндер онкүндіктерінің өткізілуін айтуға болады. Бұл Елбасымыздың «Саусақ бірікпей,ине ілікпейді» деп келтірген мақалының жүзеге асырылып жатқанының куәсі ісеттес. Сондай-ақ, мектепте оң жұмыстардың алға қойылып, оның тиімділігіне көз жеткізгендігіне де куәгер болып отырмыз.
Қазақ елі білім беру жүйесінде әлемік аренадан көріне алатынына мен кәміл сенімдімін. «Тегінде адам баласы,адам баласынан ақыл,білім,ар,мінез сияқты қасиеттерімен озады»деген ұлы Абай сөзі қай уақытта да өз мәнін жойған емес.Озық ойлы, білікті маман адамдар заманның,қоғамның дамып өзгеруіне өз үлесін қосқан,қосады да.Қазақстан мектебіне деңгейлі баағдарламаны оқып,меңгеріп келіп жатқан мұғалімдерді «жаңалықтың жаршысы»деуге болады.Олар бар «біліп-түйгендерін»өз алтын орда мектептеріндегі өзгерістерді енгізуге күш жұмсап,атсалысып жатыр. Шульманның айтқанындай,кәсіби түсінікті тәжірибелік дағдылармен ұштастырып,кәсіби адамгершілікті тұтастықта ұстансақ,оқытудың сапалы және табысты болары анық.Табысты оқыту үшін осыны әрдайым басшылықта ұстауымыз керек. «Адам мен адамды теңестіретін–білім»екенін Мұхтар Әуезов айтқандай,өзге дамыған елдермен терезесі тең болуы үшін біз білім алаңында олармен тең дәрежелі болуымыз керек.Бәсекеге қабілетті елдер қатарына болуымыз үшін, ең алдымен,жастарымыздың білігі мен біліміне көңіл аударып,сандық көрсеткішке емес,сапалық көрсеткішке баса назар аударуымыз керек.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Білім берудегі дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама.2010 ж.
2.Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдау«Қазақстан -2050 стратегиясы:қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.»
3. «Қазақстан мектебі» журналдары, №9, №10, №12. 2014ж.
4.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық бірінші (ілгері) деңгей, 2012ж.
5.ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы бірінші (ілгері) деңгей .Екінші басылым,2012ж.
6.ҚР ұстаздардың желілік коғамдастық порталы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.