Меню
Назад » » »
Мемлекеттік рәміздер
загрузка...

загрузка...
Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер»
Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ - жауап
Көрнекілігі: ҚР - ның рәміздері, Президент портреті,слайд
Барысы:
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар,ата-аналар! Бүгінгі біздің «Мемлекеттік рәміздер» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын

1-жүргізуші:: Біздің тәрбие сағатымыз екі бөлімнен тұрады:
1-ші бөлім -Әдеби сазды монтаж
2-ші бөлім-Топтар арасындағы сайыс

2-жүргізуші:: Ендеше кезекті Отан, туған жер, туған тіл,ұлттық рәміздер туралы жырлаған ақындарымыздың өлеңдеріне берейік.

1-жүргізуші:Даламның кеңдігіндей жүрегім бар,
Мөп – мөлдір елге арнаған тілегім бар.

2-жүргізуші:Қатардағы қазақтың перзентімін,
Отаныма, еліме, берерім бар.

1-жүргізуші:Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін, туып – өскен жерін – Отан дейді. Әрбір адамда туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Қандай қияға, алысқа кетсе де сол сезімі сағынышқа ұласып, жүрегімен мәңгілік жіпсіз байланыста болады. Адамзаттың парызы – туған Отанын гүлдендіріп, сақтап ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Ата – бабаларымыз ұрпағым осы жерде еркін өссін деп, келген жауға таптатпай, босағадан аттатпай, Отаны үшін айқасып, қанын төккен. Сол үшін де біз жерімізді қасиетті дейміз.

2-жүргізуші:Ия,дұрыс айттың Ұлағат,біз ата-бабаларымыздың арманына жеттік. Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, өзінің елтаңбасын, әнұранын, туын белгіледі. Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақ терең түсініп, оны қастерлей білуі керек. Қазақ халқының асыл арманы әнге айналды.
Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті ел ретінде танылып 1992 жылдың 4-маусымында мемлекеттік рәміздерін белгіледі.

1-жүргізуші:РӘМІЗ – белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге, жанама сипаттап көрсетуден туатын сыр таңба, эстетикалық категория, шартты белгі. Мысалы ақ көгершін – бейбітшілік нышаны, балға – жұмысшының символы.

2-жүргізуші:Рәміздер тарихын геральдика (елтаңбатану), виксикология (тутану) ғылымдары зерттейді. Мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану тәртібі туралы арнайы ереже бар. Оны бұлжытпай орындау керек.
1-жүргізуші:Батырлықтың уызына жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған

2-жүргізуші:Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран.

Сымбат: Гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру - тайпасының таңба белгілері, жалауымен қатар, Әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер - жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған.

1-жүргізуші: Балалар, қазақ халқының «Бізді таныдыңдар ма?» деп, әлемге жар салған Әннұранның әнін жазған, сөзін жазғандар кімдер?

Оқушылар жауабы. Әні: Шәмші Қалдаяқов
Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекең Нәжімеденов

Еркебұлан:Әнұраным!
Қаһарман қажыр, қайратым.
Шайлықпас текті айбатым.
Арман, абырой, толғаныс -
Айтылатын ар, затым.
Жұртымның мұң, мұратын
Құлқыма құйып тұратын
Сіңірген тұла бойыма.
Тәңірлік күштің қуатын
Жан дауысы халқымның
Шабыттана шырқалар
Киелі сөз, сазды әуен
Шырқағанда, нұр тамар
Беріле тыңдап,
Егіле
Жанып тұрар мың жанар.

2-жүргізуші: ҚР - ның Әнұранында адамға зор рухани әсер ететін күш, өйткені Әнұранда халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны бар.

1-жүргізуші:Сынып қатар түзеп, тік тұрайық! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны шырқалсын!

Оқушылар хормен музыканың сүйемелдеуімен әнұранды шырқайды.Әнұран айтылғанда интерактивті тақтадан Қазақстан Республикасының туы,елбасы суреті,Ата заң,Астана қаласы,ондағы ескерткіштер,қазақ ғарышкерлерінің суреттері көрсетіледі.

2-жүргізуші::Бәрі болған қазақ сынды көне елде
Ел белгі де, ерлік ,өрлік,өнер де.

1-жүргізуші:Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді «Ту болмады» дегенге?

Қайсар: Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу - өліммен тең болған. Өздерімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын - қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен.

Айханым: 1992 жыл 4 - маусым - тарихи күн. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР - ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н. Ә. Назарбаев ұлт Туына тағзым етті.

Индира:Ту – біздің егемендігімізді дүниеге паш етіп тұрар байрақ.Тудың түсі – көк. Көк түс – судың түсі. Су жоқ жер де өмір де жоқ. Егер су тартылып қалса, онда жерді жапқан жасыл шөп қурап кетіп, бүкіл дала бос мекенге айналар еді.Тудағы күн – ол да бекер бейнеленбеген. Күн - тіршіліктің қуат көзі. Ол жердегі барлық нәрсеге өмір сыйлап тұр.Ал тудың сабына тақау жердегі оюға назар аударсақ, кәдімгі ұлттық ою – қошқар мүйіз, бұған қарап, Қазақстан туы екенін әлемдегі кез келген саналы азамат тани қояры сөзсіз.
Тудағы құстың суреті, біріншіден, дала қыраны, дүниедегі ең ірі құстардың бірі, Жүректі және төзімді құс, екіншіден, басқа құстардың бәрінен де биік ұшады.

Ислам:Желбірейді шалықтап,
Қазақстан Жалауы.
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
Көк асапанда нұрлы Күн,
Күлімдейді далама.
Бақыт тілеп тұр бүгін,
Ол барлық пәк балаға.
Ұлттық өрнек мұрамыз,
Адастырмас мұраттай.
Нық көтеріп тұрамыз,
Жалауды біз құлатпай
2-жүргізуші:Осы көк туымыздың авторы кім екен?

Оқушылар:Шәкен Ниязбеков

1-жүргізуші:Бас білгізіп жер тарпығын тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

2-жүргізуші:Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен - таңба.

Айгерім: Көк аспан – кеңшіліктің, тыныштық пен биіктіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді. Елтаңбадағы алтын шаңырақ Қазақстанның «қара шаңырақ» деген қасиетті сөзінен алынып, шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халықтың қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр.Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз - ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттен азат еткен.
Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспан ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу.

Ақжол:Елтаңба
Дүние әлем көзіндей
Дөңгеленген жамалы
Ер елімнің қорғаны -
Кереге қанат қамалы.
Көгілдір көктің жүзінде
Шаңырақ күн, уық – нұр.
Мәңгі сөнбес күйінде
Маңдайдан жұлдыз туып тұр.
Қуат отын қоздырған
Қос қанатты пырағым
Хас тұғырға қондырған
«Қазақстан» - Ұраным.
Тұлғасында түзілген
Ыстық қаным, діл, арым.
Төріме іліп,
Төсіме
Тағып жүрер Тұмарым


Аяжан: Енді бүгін өлген Туым тірілді,
Әнұраным жалғап алды ғұмырды.
Босағада қалып кеткен Елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп ілінді.
Елтаңбаның авторлары-Шота Уәлиханов,Жандарбек Мәлібеков

1-жүргізуші: : Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй-Абай атамыз айтқандай кезекті әнге берейік.

2-жүргізуші:: Ендеше Қарахожа Қайсардың орындауында «Жаса,Қазақстан!» әнін қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші:Біз өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық.

2-жүргізуші:«Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер - азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл - қыздар молая берсін.

Олжас: Мен - қазақпын! Ертеден де ертеде
Шыққан тегі киелі, шыққан жері жертөле
Мен - казакпын! Әлди көрген әжеден
Көйлектерін астар еткен көрпеге.
Сәнжарық:
Мен - қазакпын!
Айтқанынан қайтпаған,
Құрбан айтын құлдық ұрып айттаған.
Мен - қазақпын! Дұшпанына шай беріп,
Өз үйінде үйдей өкпе айытпаған

Мағжан:
Мен - қазақпын, тұмар қылған тозғанын
Жеті атадан бұзбай жүрген өз қанын.
Мен - қазақпын! Егеменді ел болып,
Ақтап алған арыстарын, боздағын.

Жайна:
Мен - қазақпын! Намыс өті сөнбеген,
Жесір дауы, жер дауымен терлеген.
Мен - қазақпын! Тоғысындай тағдырдың
Әлімсақтан «е, құдай» деп сөйлеген.

Рысбек:
Мен - қазақпын, шұбырынды ақтабан
Туған елі тектігімді мақтаған
Мен - қазақпын! Абай, Жұбан, Қадырдай
Қазақ болып туғаныма мақтанам!

1-жүргізуші:Мен қазақпын дегенде жүрегім лүпілдеп,бойымды керемет сезім билейді.Ал,саған осы өлең шумақтары әсер ете ме Ұлағат?

2-жүргізуші:Әрине.біздің ұлтымыз- қазақ,мемлекеттік тіліміз-қазақ тілі

Мереке: Әркім тілін сүйеді,
Қадірлейміз мұны біз.
Қазақ тілі киелі –
Мемлекеттік тіліміз
Қазына бар бұл тілде,
Анам айтқан жыр - әнін.
Жоғалуы мүмкін бе,
Өлмейтұғын мұраның?!
Өлмейді еш уақытта,
Ата – баба аңсары.
Қазақ тілі бақытқа
Жеткізеді баршаны


Мерей: Тұғырың биік болғай туған елім,
Сен неткен ұлы едің,көркем едің.
Ту,елтаңба белгісі елдігіңнің,
Кербез,сұлу,әсемпаз,еркін елім!

Мөлдір: Алтын күн нұрын шашып сай-салама,
Гүлденіп дархан далам жайқалуда.
Бұл дағы бейбітшілік белгісіндей,
Балғын ұрпақ нәр алып күн көзінен
Егемендік туралы ән салуда.

Қуанышкерей:Елтаңбамның шаңырақ бас тірегі,
Уықтар шын достықтың ыстық лебі,
Жарық жұлдыз жол сілтеп баршамызға
Қос пырақ қалықтаған ел тілегі.

Мұғалім: Кезек топтар арасындағы сайысқа да келіп жетті. Сайыс шарттары :
1.Топтың аты, ұраны
2." Білгенге маржан", яғни сұрақтарға жауап беру.
3. «Мақал-сөздің мәйегі» деп аталады. Мұнда берілген мақалды жалғастыру. Әр дұрыс жауап 1 жалаумен белгіленеді.
1 топ - «Атамекен» тобы
Ұраны: Атамекен анаң екен,
Қысылғанда панаң екен.
2 топ- «Туған жер» тобы
Ұраны: Туған жердей, жер болмас
Туған елдей, ел болмас
2- ші шарт бойынша сұрақтарға жауап беру.

1.Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?
1986 жылы 16 желтоқсан

2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады?
1991жылы 16желтоқсан

3.Ұлттық рәміздер қашан қабылданды?
1992 жылы 4 маусым

4.Ұлттық валютамыз қашан енгізілді?
1993жылы

5.Қазақстан Республикамыздың елтаңбасының авторы?
Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов

6.Қазақстан Республикамыздың туының авторы?
Ш.Ниязбеков

7. Қазақстан Республикамыздың гимннің авторы?
Сөзі: Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов
Әні: Ш.Қалдаяқов

8. Астанамыз Астана қаласы болып қай жылы аталды?
1997м

9.Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата?
Тоқтар Әубакіров

10.Қазақстан жер көлемі жөнінен нешінші орында тұр?
9-шы орында

11. Қазақстан Республикасы қай елдермен көршілес?
Ресей, Түркіменстан, Әзірбайжан, Қытай

12. Қазақтың үш биін ата?
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

13. Ақ күрішті аймақ? Қызылорда

14. Мұнайлы өлкелерді ата? Маңғыстау, Атырау

15. Қазақстан Республикасында неше облыс, неше қала бар?
14облыс, 85қала

16.Бәйтерек ескерткішінің биіктігі неше метр?
97м
Мұғалім: Келесі кезекті «Мақал –сөздің мәйегі» деп аталатын бөлімге береміз. Сіздерге туған жер, Отан туралы мақалдардың бастапқы бөлігі беріледі, сіздер соның жалғасың табасыздар.

1.Отан- елдің анасы,
Ел -ердің анасы

2. Отанасыз адам
Ормансыз бұлбұл

3. Отанды сүю-
Отбасыдан басталады

4. Аққу көлін аңсайды
Адам туған жерін аңсайды

5. Ит- тойған жеріне
Ер -туған жеріне.

6. Отан үшін күрес-
Ерге тиген үлес

Қай топта жалау көбін, анықтау. Ұпай саны көп топты мадақтау
Мұғалім: Келген қонақтарға қонақкәде салты бойынша сыныбымыздың бишілері мың бұралып билейді.Қарсы алыңыздар!
«Қаражорға »биі

1-жүргізуші:Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр. Бүгінгі елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымызды асқақтатып, шаңырағымыздың беріктігін паш етіп, республикамыздың қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап келеді.

2-жүргізуші:«Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы» - деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арнау сөзін Қазақ елінде тұратын және оны өз отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек.

1-жүргізуші:Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы.
Бақыт көрсін елімнің әр ұланы,

2-жүргізуші:Енді ағайын, көгінде қалықтасын
Қазағымның танымал «Атамекен»әні – дей отырып кезекті «Атамекен» әніне береміз!

Хор: АТАМЕКЕН әні

АНТ қабылдау

1-жүргізуші:Біз Қазақстан Республикасының азаматы Отаным Қазақстанның дұние жүзінде алдыңғы қатарлы,әділетті,өркениетті ел болуы үшін сапалы білім аламыз,мәдениетті адам боламыз!

2-жүргізуші:Туған халқымыздың ата дәстүрін жалғастырамыз.Елбасымызды құрметтейміз,заңдарын бұлжытпай орындаймыз!Елімнің туын,елтаңбасын,әнұранын сыйлап қастерлеуге ант етеміз!

Мұғалім:Рәміздерім!
Сен неткен маңызды едің.
Сенің асыл қазынам нағыз керім,
Төбемде ту, төсімде елтаңбам бар,
Әнұрандай аузымнан үн үзбедім.
Аспанымда көк туым тұр өң беріп,
Елтаңбамды төрімнен жүрем көріп,
Әнұранмен әр таңда оянамын,
Рақаттанып дүнием түгелденіп.
Бір ауыздан айтылып әнұраным,
Елтаңбаммен әлемге таныламын.
Бір жағадан бас шығып, бір жеңнен қол,
Көк туымның астынан табыламын.
Рәміздерім, сен неткен маңызды едің,
Сеннен басқа келмейді сән іздегім.
Сендерменен жетіп сан жеңістерге,
Гүлдеп әлі – ақ айналар аңызға елім.

- Елімізде мәңгі тыныштық, бейбітшілік болсын деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.Сөз кезегін ата-аналарға,ұстаздарға беру. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Мемлекеттік рәміздер можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 272 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar