Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мемлекеттік тіл – менің тілім -

Мемлекеттік тіл – менің тілім

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1722 | Размер: | Автор: гость
. Сыныптан тыс іс-шара
Сайыс: «Мемлекеттік тіл – менің тілім»
(8-9 сыныптар аралығында)
Мақсаты:
1. Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен, басқа да пәндерден білімдерін тексеру. Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттілігін дамыту.
3. Ана тілін сүюге тәрбиелеу.
Әдістері: сұрақ - жауап
Көрнекілігі: кестелер, нақыл сөздер
Сайыстың өту барысы:
Кіріспе: Сайысқа 6 оқушы қатысады.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады:
1. Өзін - өзі таныстыру
2. Бойындағы бір өнерін көрсету
3. Күш-білімде
4. Жеті жұмбақ
5. Мақал-сөздің мәйегі
Сайысты өткізу үшін әділқазыларды тағайындаймыз.
1. –
2. –
3. –
1 кезең: Сайысымыздың ең алғашқы кезеңі – «Өзін-өзі таныстыру» (Сайыскерлер өзінің аты-жөні, сыныбы, сүйіп оқитын пәні, жақсы көретін хабары, сүйікті мерекесі, бос уақыты, нені армандайтындығы жөнінде өздерін таныстырып өтеді).
2 кезең: «Бойындағы өнерін көрсету». Бұл кезеңде қатысушы сайыскерлер өздерінің бойындағы өнерлерімен таныстырады. Мысалы: ән айту, би билеу, өз ойынан өлең шығару.
3 кезең: «Күш-білімде» (Сайыскерлер кәртішкелердегі сұрақтарға тілде жауап береді) толық жауап 10 ұпай.
Сұрақтар:
1. Сенің болашақта таңдайтын мамандығың қандай ?
2. Сен қандай үйірмелерге қатысасың ?
3. Саған қандай пәндер ұнайды ?
4. Саған гүлдің қай түрі ұнайды ?
5. Сен спорттың қай түрімен шұғылданасың ?
4 кезең: «Жеті жұмбақ». (Бұл кезеңде сайыскерлер сұраққа жауап береді). Әр жауапқа 10 ұпай.
Қазақ тілінен:
1. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін саласы қалай аталады ?
2. Сөздердің дұрыс жазылу ережелерінің жиынтығы қалай аталады ?
3. Буынның неше түрі бар ?
4. Септіктің неше түрі бар?
5. Қандай жалғау түрлерін білесіңдер?
6. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
7. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер қалай аталады?
8. 16-шы желтоқсан қандай күн?
9. Елтаңбаның авторлары кімдер?
10.Заттың сынын білдіретін сөз табы?
11.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін ата?
12. Сөз құрамы неден құралады?
Қазақ әдебиетінен:
1. Қазақ әліпбиін жазған кім? (А.Байтұрсынов).
2. Ең алғаш қазақ мектебін ашқан кім? (Ы.Алтынсарин).
3. Абай Құнанбаевтың неше қара сөзі бар? (45).
4. Қазақ хрестоматиясын жазған кім? (Ы.Алтынсарин).
5. «Мен, мен едім, мен едім» - қай ақынның өлеңі? (Махамбет).
6. Айтыс дегеніміз не? (Екі адамның сөз жарысы).
7. Шоқан Уәлиханов кім? (Ғалым, этнограф, жазушы, саяхатшы, зерттеуші).
8. «Қыс» өлеңін кім жазды? (А.Құнанбаев).
9. Абайдың әжесінің аты кім? (Зере).
10.Сәкен Сейфуллиннің туған жері? (Көкшетау, Сырымбет).
11. «Жүз жыл» жасаған ақын? (Ж.Жабаев).
12. «Бандыны қуған Хамит» кімнің әңгімесі? (С.Сейфуллин).
5 кезең: «Мақал - сөздің мәйегі». (Сайыскерлер кезектесіп, белгілі бір тақырыпқа мақал – мәтелдер айтып жарысады). Ең көп айтқан сайыскерге 10 ұпай беріледі.
Тақырып: «Отан», «Туған жер».
Сайысты қорыту. Әділқазылар ұпайларын санайды. Оқушыларды марапаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.