Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мен бақытты баламын -

Мен бақытты баламын

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3272 | Размер: | Автор: гость
. Абуова Әлия Ағайбекқызы,
І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің 1-санатты педагог-психолог
ОҚО, Созақ ауданы, Таукент поселкесі
Тақырыбы: «Мен бақытты баламын»

Мақсаты:
Бақыт,қуаныш,сүйіспеншілік құндылықтарының мағынасын түсіндіру.

Міндеттері:
Адам қасиеттерін дамыту,сүйіспеншілікке тәрбиелеу,бақыт құндылығының мазмұнын ашу.

Көрнекі құралдар:
Айна,фламастер,түрлі түсті парақтар,еліміздің картасы,бейнефильм, слайдтар,оқулық,үнтаспа,дәптер,күн үлгісінде қиылған сары қағаздар,гүлдер.

Шаттық шеңбері:
Балалар біз өзіміздің дәстүрлі шаттық шеңберіне жиналдық.Біздің шеңберіміз қандай тамаша! Бізді достық пен сүйіспеншілікке шақыратындай?
Қайырлы таң достым!
Қайырлы күн болсын!
Күніміз жарық болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Ұйқымыз тыныш болсын!
Суымыз мөлдір болсын!
Амансыз ба қонақтар,
Амансыз ба әлем !
Баршамызға амандық сәлем !

Ойын:
Балалар енді мен сендерді бүгінгі көңіл-күйлеріңді көтеруге шақырамын.Ойын «Менің көңіл-күйім» деп аталады.Оқушы допты келесі оқушыға берер кезде өзінің көңіл-күйін айтып береді.Ойын осылай жалғаса береді.Жақсы рақмет балалар! Барлығымыз жайғасып отырайық. Оқушылар екі топқа бөлініп отырады.

Үй тапсырмасын сұрау:
Балалар үйге берілген тапсырманы айтайықшы.Үйге «Жақсылардың жақсысы» (аңыз),еңбек туралы мақал-мәтелдер жаттау беріліп еді.
-Кім жауап береді?

Балалардың жауаптары:

-Қыздың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
-Дүниедегінің бәрі еңбекпен табылады дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Слайд: Өлең оқу.
-Бақыт деген не?
Оқушы: -Айтшы білсең егер де,
Апай бақыт деген не?

Мұғалім:
Бақыт деген,шырағым,
Мынау әсем тұрағың.
Ну ормандар,гүл бағы,
Күннің күліп тұрғаны.
Бақыт гүлі далаңның,
Алақаны анаңның.
Ботам деуі әжемнің,
Тыныштығы әлемнің.

Оқушы: -Қайда бақыт мекені,
Қалай оған жетеді?

Мұғалім:
Адал еңбек етесің,
Сонда ғана жетесің.
-Бақыт деген не?

Балалардың жауаптары тыңдалады.
-Жақсы балалар, өмірде қуанышты сәттерің көп болсын!

Жаңа сабақ:
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Мен бақытты баламын». Жоғарыдағы өлеңде айтып кеткендей. Бақыт деген сөзге барлық әлемдегі жақсы қасиеттер,ой-армандар,сүйіспеншіліктер сыяды.Соның ішінде бала бақыты ерекше,құнды қасиет.

-Сендер өздеріңді қай кезде бақытты сезінесіңдер?
Балалар жауаптары:

Тыныштық сәті:
Ғажайып әлемге саяхат.Бүгін мен сиқыршымен.Қазір біз ғажайып әлемге саяхатқа барамыз.Мен сиқырлы таяқшаммен белгі берген кезде сапарымыз басталады 1,2,3.Көздеріңді жұмуға болады.Сендер ғажайып бақыт әлеміне келдіңдер.
Жан-жақтарыңа қараңдаршы,қандай керемет.Айнала жұпар иісі аңқыған әсем гүлдерге толы.Сендердің көңіл-күйлерің өте жақсы,жүздерің күліп,тамаша сезімге бөленіп жатырсыңдар.алдарыңнан бақыт періштесі шығып,менің әлеміме қош келдіңдер,балақайлар! Сендер өте ерекше баласыңдар.Қане алақандарыңды жайыңдар,мен сендерге бақыт сәулесін сыйлаймын.Бұл сәулені мәңгілік жүректеріңе сақтаңдар.Өйткені, ол сендерге қуаныш пен бақыт әкеледі.Бақытты болыңдар!
Көздеріңді ашыңдар.
Әңгімелесу.
Не көрдіңдер?
Не сезіндіңдер?
Не ұнады?
Балалардың ой пікірлері тыңдалады.

Жаттығу:
«Сиқырлы айна». Алдарыңдағы айнаны мен сиқырлап қойдым.Айнаны алып,өздеріңе қарап,мен қандай баламын? -деп ойланып көріңдерші.

Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар.
Бақыт желі еседі.
Кіп-кішкентай балалар,
Бақытты болып өседі.

Мәтінмен жұмыс:
Мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбын ашып түсіндіру,мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізіледі.Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды,ондағы айтылған негізгі ойды ашады,сұрақтарға жауап береді.
«Біз бақытты баламыз» өлеңі.
Дәптермен жұмыс:
Жүрегіңнен шыққан бақыт тілектерін кімге арнайсыңдар?Бос төркөзге жазыңдар.

Шығармашылық жұмыс:

1-ші топ. Бақытты әлемінде нелер болғанын қалайсыңдар?
Еліміздің картасына бақыт әлеміндегі өздері қалайтын
армандырын салып іледі.
2-ші топ. Алдарыңдағы парақтарға өздеріңнің ең бақытты, ең қуанышты
сәттеріңді салыңдар.
Бақыт әлемінде ең қуанышты сәттерін салып күн сәулесін
жасайды.
Венн диаграммасы:
Екі топ бір-біріне бақыт тілектерін арнап жолдайды.

Бейнефильм:
Қазақстан Республикасының бірінші ханымы Сара Алпысқызының туған күнін жақында атап өттік.Сара Алпысқызы өзін-өзі тану сабағын біздің оқу бағдарламасына енгізіп,үлкен еңбек сіңірді.Сара Алпысқызына рақметімізді айта отырып,бейнефильм көрейік.

-Балалар бейнефильмнен қандай әсер алдыңдар?

Балалар жауабы:

Үйге тапсырма:
«Мен бақытты баламын» тақырыбына сурет салып келіңдер.

Бағалау:
Балалар сендер бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар,сондықтан мен сендерге алғысымды айтып,бақыт гүлін сыйлағым келіп тұр.
Жүректен жүрекке, «Жүрек шамы» балалар сендерді шеңберге шақырамын. Бүгін біз бақыт дегеніміз, арманның орындалуы,қуанышты сәттің көп болуын,әлемнің тыныштығын,деніміздің саулығын білдік.Ендеше,сол жылуы мол мейірімге толы жүрегімізбен тілектер-тілейік, шат көңілмен ән салайық.
Ән. «Бала тілегі».

Өзін-өзі тану пәні. 2-ші сынып
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.