Меню
Назад » » »
Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін.
загрузка...

загрузка...
Мектеп: 33 ЖОМ
Мұғалім : Қожакеева Гүлназ Әбубәкірқызы
Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін.
• Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз.
Л.Н.Толстой
Мен де барлық ұстаздар секілді Мұғалім болуды бала кезінен армандадым. Ол кезде «мұғалім» ұғымы мен үшін ең қадірлі де қастерлі еді. Өйткені өз анамда мұғалім болатын. Жоғары оқу орнына түскенде қуанышымда шек болады, себебі осы уақыттан бастап мен өзімен үлкен міндет артылғанын түсіндім. Ол міндет -шәкірт бойына жақсы білім нәрі мен тәрбие беру еді.
Мұғалім болу деген не? Осы сұрақты өзіме жоғары оқу орнында оқып жүргенімде жиі қоятынмын және оның жауабын табуға тырыстым. Мен ол сұранымның жауабын ең алғаш рет мектеп кабинетіне кіріп алғаш балалардың бал-бұл жанған жүздерін көріп , барлық мұғалімнің басынан өткен қорқыныш пен үреймен өмірімдегі нағыз сабақ қоңырау үнін естіген сәтте ғана мен шын мәнінде Мұғалім болу деген сұрақтың жауабын түсіндім.
Мұғалім болып жұмыс істеген аз ғана уақытымда түсінгенім мұғалім ол оқытушы ғана емес , ол - бағбан. Әрбір сабақ сайын мен өзіме ерекше бір әсер аламын. Мен тек қана оларды үйретіп қоймай , өзімде көп нәрсені үйренемін. ұғалімБалалар маған төзімді, қайырымды болуды, өзімді де өзгелерді де түсінесіне білуді үйретті. Бұл мұғалім үшін қаншалықты маңызды екенін жеткізу қиын.
Балаларды оқыту және өз жемісін көру - мұғалімнің жұмыс бақытының жартысы ғана, ал балаларды оқыту және өзін оқыту , кез келген сұрақтың жауабын табу , үнемі ізденісте болу , өз жұмысының жаңа қырларын ашу - бұл мұғалім жұмысының нағыз бақыты деп айтуға болады.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев " Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында , ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында" деген болатын.
Әрбір баланың бойына сүйіспеншілікпен білім нәрі мен тәрбие беру арқылы біз саналы ұрпақ тәрбиелейміз.
Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін.
Балалардың әрқайсысының бойында өзіне тән ерекшеліктері болады.Мысалы : бір бала дөрекі, біреуі ұялшақ біреуі тұйық, енді біреуі шектен тыс көп сөйлетін , т.б.
Жақсы мұғалім - ол кез келген баланың қабілетінің " кілтін" таба біледі. Бала- шырақ секілді . Мұғалім сол шырақты жағушы .
Ұстаз болу ең қиын да жауапкершілігі көп жұмыс. Соған қарамастан балаларға жақсы білім мен тәрбие беруге тырысамын. Балаларға үйрету арқылы өзімде үйренемін. Ғалымдар судың қасиеттерін зерттегенде , оған жылы сөздер айтқанда кристалдары өзгеріп әдемі болғанын, ал жағымсыз сөздер айтқанда кристалдарының бұзылғандығын дәлелдемені. Оның жанында кеудесінде жаны бар әппақ таза жүректі балаларға тек ізгілікпен сүйіспеншілікпенпен , жақсылықты, адамгершілігі мол жас ұрпақты тәрбиелеу өз қолымызда! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 263 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar