Меню
Назад » » »
Мен болашақ оқырманмын.
загрузка...

загрузка...
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Жасқайрат ауылы
Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебінің Кітапхана меңгерушісі:
Құсанова Айшолпан Сайынқызы

Тақырыбы: Мен болашақ оқырманмын.
Мақсаты: Кітаптың адам өміріндегі орны туралы мәлімет беру. Кітап оқуға қызығушылығын арттыру. Кітап пайдалану ережелерімен таныстыру.
Түрі: Өнеге сағаты
Көрнекілігі: Кітап көрмесі,нақыл сөздер т.б.
Сыныбы: 2 сынып.
Кітапханашы: Салеметсіздер ме балалар! Бүгін сіздер үшін ерекше күн. Сіздер биылғы жылы мектеп кітапханасына оқырман болып қабылдандыңыздар. Мен сіздерге кітап пен кітапхана деген сөздің мағынасын қысқаша түсіндіріп беріп өтейін. - Араб тілінен енген сөз, жазу қоймасы деген мағынаны білдіреді. Кітапханада кітаптар өмір сүреді және оқырмандарға көмек береді. Сондықтан балалар кітап ең жақын досың болып саналады, кітапты ұқыпты ұстаңдар.
Кезекті оқушыларымыздың кітап туралы өлеңдеріне берейік.
1-оқушы: Білесің бе, кітап білім ұясын
Келесің мұнда, өмірге азық жиясың
Оқып, біліп, зерттеп көріп санаңа
Терең білім, ой маржанын құясың
2-оқушы: Дейді ойшылдар « Кітап -білім бұлағы»
Кітапхана сол кітаптар тұрағы
Көп үйреніп, көп оқыған баланың
Анық тағы білімпаз боп шығары.
3-оқушы: О, кітап, бас иемін мәртебеңе
Игілік қазынасың бар адамға
Сен берер игіліктің есебі жоқ
Жеткізіп жолын тауып айта алам ба?
4-оқушы: Білім алар көп адам
Жақсы нәрсе жоқ одан
Қызыға кеп оқимын
Кітап көрсем жаңадан.
5-оқушы: Кетпейді ешбір жадымнан
Мектепке бардық, күз айы
Тастамай сені жанымнан
Қолтықтап жүрдім ұдайы.
6-оқушы: Елімізде атақты
Ғалым ата не тапты?
Бәрін, бәрін білесің
Оқи берсең кітапты.
7-оқушы: Достарға толы маңайым,
Татулық тәтті бәрінен,
Ерекше сені санаймын,
Құшақтап жүрмін әлі мен.
8-оқушы: Кітапты ұста аялап,
Ағаш үлкен сая бақ.
Көркімен елді таңдантып,
Өмір берер аялап.
Көрініс көрсетіледі.
Оқушы: Асыл ойдың иесі,бар ғылымның жүйесі.
Қуанышы көңілдің, баспалдағы өмірдің
Жан азығым серігім, ардақтамас сені кім?
Кітап: Күнде өсіп көңілім, көріктеніп келемін
Көптің тауып керегін, кезінде айтып беремін.
Оқушы: Жан азығым серігім, ренжітті сені кім?
Кітап: Беттерімді сызады, шырқымды да бұзады.
Оныменен бітпейді, беттерімді бүктейді.
Көп жерімді жазады, қайшыменен қияды,
Налымаймын неге мен бұл секілді пендеге.
Оқушы: Сені сүймес адам аз,
Ақылды көп, надан аз.
Ондайлардан түңілме,
Сені ойлар түбінде.
Кітапханашы: Енді сіздерді кітапхананың ережесімен таныстырып өтейін.
Кітапханашы: Қымбатты жас оқырмандар! Сендер кітаптың нені сүйетінін, оны қалай ұстау керектігін білдіңдер, кітапхананың оқырманы болуға дайынсыңдар ма? Дайынбыз.
Бәрекелді, ендеше сендерді мектеп кітапханасының оқырманы ретінде қабылдаймын, оқырман болуға лайықтысыңдар.
Қорытынды.
Осымен «Мен болашақ оқырманмын» атты өнеге сағатымызды аяқтаймын.Көп білгілеріңіз келсе, кітапханаға жиі келіңіздер. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Мен болашақ оқырманмын. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 255 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar