Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Мен өмірді қалаймын!» -

«Мен өмірді қалаймын!»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1157 | Размер: | Автор: гость
. №212 мектеп- гимназиясының 10- сынып оқушысы Ердәулет Бауыржан


«Мен өмірді қалаймын!»

Міне, Қазақстан ХХІ ғасырдың жаңа онжылдығына қадам басты. Әрине еліміздің арайлы таңының ертеңгі күні, болашағы біздер жастар.
Әр адамның келешегі және өмірі өзінің мойнында. Өмір – бұлақ.... біз бәріміз сол бұлақты екі алақанымызда сақтап жүру керекпіз. Егерде жаман жолға түссек, өміріміздің маңызын қолымыздан жіберіп аламыз. Қазіргі кезде, жастар өздерін көрсеткісі келіп көп жағдайда бұрыс жолға түседі. Бұл жастардың бойында тәрбиесі мен мәдениетінің негізі болмағанының белгісі. Бұл негіз, біріншіден әр отбасынан басталады. Отбасы - бұл тәрбиенің отаны.
Есірткі адам өмірін жалмап, тағдырын күл талқан ететін қасірет
Есірткіге елігіп, өз балалық шағына, болашағына балта шабу біздің «адам» деген атымызға мүлде жат. Осы орайда данышпан кемеңгер сөз атасы Ұлы Абайдың «Атаның баласы болма адамның баласы бол» деген асыл пікірі еріксіз ойға оралады. Демек,адам деген «ардақты ат» деп бекер айтылмаған. Қаншама адамның түбіне жеткен, бақытты өмірлерін баянсыз еткен бұл қасірет әлі де тыйылар емес. Қазіргі таңда есірткінің зиянын біле тұра оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін жастар көбейді.
Күннің шуағынан, жылуынан, сәулесінен нәр алып, тамырын топыраққа кең жайған раушан гүлі қандай көрікті, ал қараңғыда осының бәрінен мақұрым болған қурап, суалған гүлдің келбеті қандай?
Кейбір денеге енген дертті дәрігерлер көмегімен сыртқа шығаруға болады. Есірткіге елігу асқынып кетсе оны ешбір дәрігер де, емші де емдей алмайды. Ендеше ,ол дегеніміз - адамның өмірімен қоштасуы.
Ұлы Ж. Баласұғұн «Ақыл – Алланың сыйы» деген екен.
Ақыл мен денсаулық егіз, екеуі ұштасқанда адам бақытқа кенеледі. Есірткі, темекі, ішімдік ақыл мен денсаулықты түпсіз, қараңғы құзға құлатады.
Бұл жолға түскенде адам тек өзін бақытсыз етпейді, аяулы ата- анасын, туған туысқанды, достарын жерге қаратып, жігерін құм етеді. Бір ойшыл дана айтқан мынадай нақыл сөз бар:
«Денсаулықты сақтай білу де өнер»- деп.
Менің ойымша, бұл өнерде ғасырлар тоғысында өмір сүріп отырған әрбір жас азамат игеруі міндетті.
Өмірді мәнді, бақытты ету үшін ең алдымен, адамға мықты денсаулық қажет. Мықты денсаулық адамға салауатты өмір салтын сақтаған жағдайда ғана болатынын есте сақтайық!
Есірткі - ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа!

№212 мектеп- гимназиясының 10-сынып оқушысы Ердәулет Бауыржан

Мен өмірді қалаймын

Халықпыз біз бүкіл әлем жақтаған,
Татулықпен ел бірлігін сақтаған.
Салауатты өмір сүріп, мәңгілік,
Қазағымның салт - дәстүрін мақтаған.

Жетеді әлі қасіреті ғаламның,
Қас жауы бар есірткідей адамның.
Қаптамасын алқабында сорасы,
Кең жазира менің алтын даламның.

Бақытты өтіп оқушылық өмірім,
Өлең жазып, жадырайды көңілім.
Мен де ертең мектебімді бітіріп,
Көркейтемін Қазағымның өңірін.

Мен оқимын өлеңдерін Абайдың,
Өнегенің көзі ғой деп санаймын.
Жиренемін әркез жаман әдеттен,
Қашанда да мен өмірді қалаймын!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.