Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мен өмірді қалаймын -

Мен өмірді қалаймын

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1092 | Размер: | Автор: гость
. «Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ
тарапынан жарияланған
сайысқа»

Ұран
Жастарымыз жайқалған еліміздің,
«Есірткі жойылсын»-деп өктем үнім.
Салауатты өмір салтын ұстанамыз,
Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.

Мен өмірді қалаймын

Бұл дүниеде жүрген соң адам болып,
Қылайық саналы іс,адамшылық.
Өзімізді-өзіміз артқа тартып,
Кетпейік өр көкірек,надан болып.
Адалдық-айнасындай адамзаттың,
Қадірін біл басыңда барда бағың.
Алланың өлшеп берген өмірінде,
Аманатқа қиянат жасамағын.
Жасап жүріп адамдыққа жат қылық,
Алып жүрме жақыныңды жат қылып.
Болмас үшін болашағың бұлыңғыр,
Әуел бастан денсаулықтың құнын біл.
Әнге толы қазағымның даласы,
Кең жүректі баласы мен данасы.
Ағалар мен апаларым көрінбей,
Жаулап алды есірткінің жаласы.
Өмірдің қалтарысы сан қабат,
Өмір қызық қарағанға сағалап,
Біреулер жүр бақыттан басы айналып,
Біреулер жүр есірткіні жағалап.
Азаматсың ата-анаң сенім артқан,
Үміті бар ақжарқын болашақтан.
Есірткінің арбауына еріп кетіп,
Шеттеп қалма өмірдегі қызықтан.
Білсең досым есірткі індет екен,
Оны жою біздерге міндеттелген.
Есірткіден жырақ жүрсең бауырым,
Бақытыңа жол табарсың діттеген.

Қызылорда қаласы
Тасбөгет кенті
№172 орта мектеп
7 «А» сынып оқушысы
Жақсылықова Айшолпан
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.