Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мен  және менің  отбасым -

Мен және менің отбасым

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1765 | Размер: | Автор: гость
. Қалмұратова Ұлбосын Үсенқызы,
Т.Тәжібаев атындағы отбасылы үлгісіндегі балалар
ауылының тәрбиешісі
ОҚО, Арыс қаласы
Сабақтың тақырыбы: «Мен және менің отбасым»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өздерінің жанұясы туралы жан-жақты ойлануға жағдай жасау . Адамгершілікке, еңбекқорлыққа, ұстанымдылыққа, ақыл-ой, сана-сезім қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, гүлдер, әуен, плакат.
Кіріспе: Құрметті қонақтар, ұстаздар, балалар, «Мен және менің отбасым» тренинг сабағына қош келіпсіздер.
Отбасындағы бала тәрбиесі ата-ана үшін ең жақын әлеуметтік орта. Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», - деп тегін айтпаған. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті баланың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор .
Ұлы ғалым, филосов Әбунасыр әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы», ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі деген екен. Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстанымдылығы, ақыл-ой, сана-сезімін, адамгершілігі әсер етпек.

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала білсе жастан, ұядан,
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер-білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.
Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы-жаман болса бала солардан.

Ал енді қонақтар, балалар бір-бірімізбен жақсылап танысып алу мақсатында барлықтарыңызды «Шаттық шеңберіне» шақырамын.

Шеңбер құрып тұрайық жылы жүзбен,

Келсін бізге қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толсын, жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жұрт мына бізден.

Атымыздың бас әріпіне сын есім тіркестіріп, сағат тілімен танысып шығайық . Мысалы: көрікті Кәмшат, сүйкімді Сәуле.

Балалар, қонақтар сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтап мына «Қызғалдақ» гүл шоқтарын сіздерге ұсынамын.
Гүлдің кейбір жапырақшаларында сұрақтар берілген. Кімге қандай сұрақ түсті көрейікші.

1. Отбасы қандай болу керек?
2. Өзіңіздің отбасыңыз туралы айтып берсеңіз?
3. Барлық отбасы бірдей деп ойлайсыз ба?
4. Отбасы дегенді қалай түсінесіздер?

Тәрбиеші: Ал, құрметті қонақтар, балалар, қазір сіздермен
«Жан жүрек сыры» ойынын ойнаймыз.

Қатысушыларға түрлі-түсті қағаздардан жасалған кішкентай жүрекшелер таратылып, оған жылы, мейірімді сөздер жазулары сұралады. Жансыз жүректі жандандыру, сол жүрекке жылы-жылы сөздер жазылған кішкентай жүректерді орналастыру.

Тәрбиеші: Қалай ойлайсыздар, жүрегіміз жанды ма? Қайтып? Неліктен?

Тәрбиеші: Жаттығу. «Рөлдік билер»
Мақсаты: Көңіл-күйді көтеру.

Қазір біз рөлдік билер билейміз. Яғни мен сіздерге образ
ұсынамын, сол образды көрсете отырып барлығымыз билеп көрейік, мұқият болыңыздар. Сонымен біз роботтар, қара жорға, брэк ------------
билерін қайталау арқылы қимылдарын қайталау.

Тәрбиеші: Келесі ойынымыз « Міндеттемелер таразысы» деп аталады.
Ортаға тәрбиеші ана мен оқушыны шақырамыз. Міндеттемелер таразысының бір жағына «Менің ата-анаға қатысты міндеттемелерім», екінші жағына «Менің балаға қатысты міндеттемелерім», деген плакаттар ілулі тұр. Ойынға қатысушы ана-тәрбиеші мен оқушы өздерінің міндеттеріңізді жазып шығасыздар.

Кім міндеттемелерін көп деп есептеп көбірек жазса, сол жақтың таразысы басым түседі.

Тәрбиеші :

Жақсы мінез, жылы сөз жан дәруі,
Оқушының керек мұны аңғаруы.
Бейпіл сөйлеп, тік мінез танытқаның,
Тіптен оңай адасып сандалуың.
Мінездер бар, жақсы-жаман әр алуан,
Әдептілік әділдіктен нәр алған.
Кең болғанның, кем болғанын көрмедім,
Теңіздей тасып жатқан шараңнан!

Тәрбиеші: Ортаға бір ана мен оқушыны шақырамыз. Ойынымыздың аты «Үлгілі ана мен бала». Мына алдарыңыздағы «Түймедақ» гүлін одан әрі жандандыру мақсатында Ана өзінің баласының бойындағы жақсы қасиеттерімен гүлді толтырады. Ал бала анасының бойындағы кереметтей асыл қасиеттерімен толтырады. Гүлдердегі толтырылған сөздерді оқып шығып. Міне, осы қасиеттер барлығымыздың бойымызда болса нұр үстіне нұр болар еді.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады». Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы, еліміздің болашағы бүгінгі балалардың дұрыс азамат болып қалыптасуы отбасыдағы тәрбиеге байланысты. Сондықтан балаларымыз елін, Отанын сүйетін азамат болып өсіп, сіздерді бақытқа кенелтсін десеңіздер бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермейік!

Ал балалар, егер ата-аналарың сендердің қызықтарыңа қуанып бақытты өмір сүрсін десеңіздер сендер қандай болуларың керек екен? Оқушылар өз ойларын айтады:

Тәрбиеші: Енді міне, кездесуіміздің соңында мен сіздерге өз атымнан жүрегімнен шыққан жылы сөздерімді сыйлаймын. Осы жылылықты әр кезде өздеріңізбен бірге алып жүріп, айналаңыздағы адамдарға айтып жүргейсіздер. Ата-ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, мына біздерге үлкендерге байланысты.
Ал балалар, сіздер болашақта ата-ананың үмітін ақтар елін сүйер саналы азамат болады деген сенімдемін. Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық, жылулығындай мейрімділік, қуаныш, береке бақыт тілей отырып бүгінгі «Мен және менің отбасым» тренинг сабағын аяқтаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.