Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мен - жаңа форматтағы педагогпын -

Мен - жаңа форматтағы педагогпын

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3388 | Размер: | Автор: Публикатор
.

Айтбаева  Салтанат Мухтаровна Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласы № 141 жалпы орта мектептің тарих пәні мұғалімі

Мен - жаңа форматтағы педагогпын.

         Мен эссемді бастамас бұрын  педагогика сөзінің шығу тарихынан бастағым келіп отыр.

        Педагогика өзінің атауын гректің «paidagogas»  - баланы жетектеуші  сөзінен алған. Ең алғашқыда  бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды.

       Қытайдың дана ойшылы Конфуций балай деген екен. «Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады»- деп мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығын жоғары, танымы биік, бастаған ісінің  нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу  жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің  заңдылықтарымен  етене таныс, оқытудың  әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үдерісін ізденімпаздықпен арттыратын  өз ісінің шебері болуы керек.  Өйткені «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман» сол себепті болып жатқан білім беру  саласындағы өзгерістерге, қоғам  сұранысына байланысты  жоғары мәдениетті,  білімді де білікті  жеке тұлға қалыптастыру бүгінгі күнде  өзекті мәселеге айналып отыр. 

          «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұларды ешнәрсені  ұмытпайтын алғыр да, аңғарымпаз , мейлінше шешен өнерге құштар, аса қанағатшыл жанды асқақ және ар-намысын ардақтайтын,  жақындарына да, жат адамдарына  да әділ, жұрттың бәріне  жақсылық пен ізгілік көрсетіп қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» - деп тағлымы мол екінші ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз ұстаз бейнесін сомдап берген.

      Мұғалімге  қойылатын талап – жауапкершілік, жүктелген үлкен міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан –жақты  терең біліктілікті, аса педагогикалық шеберлікті, өте  нәзік психологиялық қабілеттілікті талап етеді.

  Бұдан нені байқауға болады?  Мұғалімнен жан-жақты терең білім-білікті, сегіз қырлы, бір сырлылықты талап етіп тұрған жоқ па?

        Мұғалімнің бір ғана сыры – оның мамандығы, бұл дүниеде теңдесі жоқ мамындық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам – кәсіби мамандығына құштар, оны жан – тәнімен  сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса мұғалім  еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбейді. Мұғалім адамның өз  пәнін терең  меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлігін үздіксіз ұштай, шыңдай  түсуі екінші  қыры болмақ.

Үшінші қыры – мұғалімнің тілді меңгеруі – тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне  жеткізе сөйлей білудің өзі – өнер.  Себебі, тіл – тәрбие құралы.

Төртінші қыры – байқағыштық сезімі – көрегендігі.

Бесінші қыры – әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін, жасампаздығы.

Алтыншы қыры – жан-жақты – дарындылығы.

Жетінші қыры – үздіксіз,тынымсыз, ізденпаздығы.

Сегізінші қыры – үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп – этикасы деуге болар еді.

      Жаңа  формация  мұғалімі – ол кәсіптік дағды  мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, ол білім берудің барлық сатысында, яғни мектепке дейінгі,  мектептен тыс, жалпы, кәсіби, орта арнаулы және жоғары деңгейде білім беретін,  біліктілікті жетілдіру, жүйесінде  жұмыс жасай алатын,  тұлға болуға тиіс.

       Білім – тек оқытып қана  қоятын технологиялық сфера емес, ол сонымен бірге қоғамдық сананы,  қоғамдық дамудың мақсаты мен міндеттерін қалыптастыруға белсенді әсер етуші  фактор. Менің ойымша жаңа формациядағы ұстаздың кәсіби мәдениеті төмендегідей болу керек:

І. Кәсіби қасиеті:

 * ұйымдастыру қабілеті;

 * білімнің тереңдігі;

 * ғылыми білімі;

 * дарындылығы;

 * шығармашылығы;

 * интеллектуалдық қасиеттері;

ІІ. Моралдық-этикалық қасиеті:

  • Адамгершілігі;
  • Ақиқатқа құштарлығы;
  • Мейірімділігі;
  • Қарапайымдылығы;

ІІІ. Психологиялық даярлығы:

  • Сыртқы келбеті;
  • Киім киісі;
  • Жүріс – тұрысы;
  • Сөйлеу мәдениеті;
  • Әдептілігі;

      «Барлық мүмкіндік балалардың бойында» деген ұлы ойшыл

А. Толстойдың даналық сөзі бар, ал баланы дамытатын шығармашыл, талантты, білімді ұстаз.

    Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің  оқушының тақырыптың мәнін  өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Соңдықтан мұғалімде  Шульманның « мұғалімнің үш көмекшісі» деп атаған қасиеттер болған жағдайда  ғана оқыту  жақсы болып саналады. Бұл қасиеттерге біз бас, қол,  жүректі жатқызамыз.   Жеті  модульде  тиісті сабақтарда  қарастырылатын  жеті модульге  сараланған. Алайда  жеті модульде қарастырылған  идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген стратегиялар мен тәсілдер  сияқты өзара байланыста болады. Жаңа форматтағы  біліктілікті арттыру  курсының ІІІ деңгейінен кейін  өз іс-тәжірибемде  өзгерістер енгізіп,  оқушыларға жаңаша білім бергім келді. Енді сол іс-тәжірибемдегі   өзгерістерге тоқталғым келеді.

     Мен оқытудың ұтымды әдістерін, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді, сын тұрғыдан ойлауғы үйретуді,  оқыту үшін бағалау  және оқуды бағалауды, оқыту мен оқуда  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану сияқты модульдерді сабақтарда  енгізу жұмыс істеуге  құштарлық туғызып,  білім беруде, нәтижеге жеткізетіндігін байқадым.

      Жаңаша көзқарас, білім берудегі  жаңаша әдіс-тәсілдер өз тәжірибеме жаңаша сипат әкелді. Оқу сабақтарын  ұйымдастырудың жалпы түрі өзгерді, қарапайым сынып парталарының  топтық жұмысқа ыңғайланып қойылуы, оқушылардың  бірлесе,  топтаса жұмыс жасауға мүмкіндік алуы, бағалаудың түрлерін енгізуді, топтың ішінен көшбасшы сайлауы, өз-өздерін бағалауды, бір тақырыпты кең көлемде аша білуі, кері байланыс жаза алуды үйренді. Оқушылардың арасында сөйлемейтін оқушының өзі қызыға қатысуы мұғалім үшін үлкен жетістік деп білемін. Өйткені сол оқушының өзінде ашылмай жатқан талантын мектеп және жаңа форматтағы  мұғалім аша алады деп ойлаймын.

     Әдіс дегеніміз – мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті, тәсілі, ал технология дегеніміз – көптеген  әдістердің жиынтығы.

   Жаңа форматтағы біліктілік  арттыру курсында  алған білімім бұрыннан білетін және тәжірибемде  қолданып жүрген  әдіс -тәсілдерге   тереңінен, философиялық  тұрғыдан қарауыма  себепші болды. Бұрынғы сабақтарымда  оқушыларды топқа  бөлу барысында  топқа не үшін, қандай мақсатпен бөлетіндігіме баса назар аудармаушы едім. Қазір топқа бөлер алдында қандай деңгейдегі  оқушыларды  топтастыруым керек, оны қалай жүзеге асыруым керек деген  мәселелерді алдын-ала  ойланамын. Демек, топтық жұмыстар мен үшін ғана емес, оқушылар үшін де үлкен  өзгерістер әкелді.  Менің  түсінгенім топтық жұмысты  ұйымдастыруда  алдымен оқушылардың талабы мен мүмкіндігі ескерілуі  тиіс, одан кейін мұғалімнің шеберлігі қажет.

       «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының түрлі  стратегиялары  оқушының ойын ашық айта алуға, пікір алмаса білуге үйрету, мәселені сын  тұрғысынан шешуге  дағдыландырады.Ұжымда өз ойын ашық айтып қана қоймай, оны дәлелдей   білуге, бір-біріне  сыйластықпен қарап, пікірін құрметтеуге  баулу.

    Ой салу – ұстаз тарапынан, ойлану – шәкірт тарапынан, ойланту – ұстаз тарапынан, бір шешімге келу – оқушы  тарапынан  жүзеге асады. География сабағында оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда СТО технологиясының маңызы зор, себебі оқушылар әр түрлі ақпарат көздерімен сусынып өз түйінін айта білу керек. Кез-келген тақырыпты талдау барысында өз тобымен ұйымдасып, пікірлесіп, ең ұтымды жауапты іздеуі қажет. СТО технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, өткізген сабақтардың берер әсері мол. Оқушылардың белсенділігі артып, келесі сабақты асыға күтеді. Олардың тарихты оқуға деген  қызығушылығы мен қажеттілігі қалыптасады.  Өз пікірін айта алатын, өз көз қарасын дәлелдей алатын, ұлтын сүйетін оқушы ертеңгі өмірдің ағымына да төтеп бере алатын азамат бола алатынына мен кәміл сенемін.

   Сондықтан да болашақ мамандарға бұл жобаның жеке тұлға ретінде дамуына тигізетін әсері мол деп ойлаймын.

    Қазаққа құлдық қажет жоқ, керісінше, құлдық санадан құтқару үшін мұғалімдер қолдан келген бар өнерін, әдісін жұмсауы керек, ешкімнен кем еместігін дәлелдей алатын білім ғана одан құтқара алады.

      ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан- жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімнің  кәсіби дамуы.  Астана 2012 жыл
  2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық . (Үшінші деңгей.) 2012 жыл
  3. Педагогика.  Мұқанова Б. Төлеубекова Р. А  Алматы 2003 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.