Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мен жастарға сенемін! кеш сценарийі -

Мен жастарға сенемін! кеш сценарийі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 11358 | Размер: | Автор: Публикатор
. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қожакент ауылы
№ 184 негізгі мектебі
Физика пәнінің мұғалімі
Маханова Айдана Рысбекқызы

Тақырыбы: Мен жастарға сенемін!

І Жүргізуші:Менде сөйлер сөз болса –
Өзің берген сөзің ғой!
Менде көрер көз болса –
Өзіңберген көзіңғой!

Толқығанда сезім –ой,
Әппақ арым, тілегім.
Туған елім өзіңғой –
Арқа сүйер тірегім!

ІІ Жүргізуші:Туғанелім, өзіңнің,
Жазираңды кездірдің.
Жайма –шуақ кезімнің,
Рахатын сездірдің!

Туған елім – гүл елім,
Қасиетіңді білемін.
Өзіңе деп жүремін –
Лүпілдеген жүрегім!
І Жүргізуші:Армысыздар, тәуелсіз елдің жадыраған жастары! Еліміздің болашағы жастардың қолында, еліміздің арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша алады.
ІІ Жүргізуші:Елбасы, Н. Назарбаев, жолдауында: «Мен сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деп пайымдаған. Сондықтан, Қазақстанның жаңа даму кезеңі – тікелей жастардың қолында.
І Жүргізуші:Бірде Әл- Фараби бабамыздан бір әмірші өз елінің болашағы туралы сұрағанда, сен алдымыен жастарыңды көрсет, сонда мемлекетіңнің болашағын барлау қиынға соқпайды деген екен.
ІІ Жүргізуші: Расымен де, қай кезеңде болмасын болашақтың қожасы жастар.
М. Жұмабаев атамыз жырлағандай:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн! Жігерлі қыз жігіттер, Елдің ертеңі, мемлекетіміздің тірегі.

І Жүргізуші:Олай болса Жастарды тәуелсіздік туының астына біріктіруді мақсат етіп отырған «Мен жастарға сенемін!» атты жиынымызға қош келдіңіздер!
ІІ Жүргізуші:Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады. Бұл- тарих заңы. солай емеспе?
І Жүргізуші:Әрине, Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Олай болса ауылымыздың ырысы мен табысының мол болуына, аянбай еңбек етіп жүрген ауыл әкімі мен Нұр Отан партиясының аудандық өкілін ортаға шақырып, сөз кезегін берсек.
Қазақ биі «Қамажай» орындайтын № 184 мектеп қыздарынан құралған «Шашу» би тобы.
ІІ Жүргізуші: Қасиетті хадис: “Отанды сүю иманнан - дүр”, дейді. Елін сүю, Отанын қорғау қашаннан ер жігіттің парызы болған Патриотизм -Отанға деген іңкәрлік, өз халқыңның табыстарына,жеріңнің игілігіне қуана білу болса. “Отаншыл сезім жас ұрпақ бойына қайдан беріледі?
І Жүргізуші: Әрине, ешкімге де елін, жерін, Отанын зорлықпен немесе жалынып-жалбарынып сүйгізе алмайсың. Елжандылық, туған жерге деген құрмет-әркімнің дербес парызы, ар-ұятының ісі. Ол ана құрсағын жарып шыққан пенденің пешенесіне бірден ұялай қалмайтыны тағы да ақиқат. Патриотизм- санаға біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Әркімнің өскен ортасына, қалыптасқан қоғамына қарай түрліше дамып, алуан сатылы деңгейде болатын, үздіксіз тәрбиенің жемісі.
ІІ Жүргізуші:Олай болса Жас ұрпаққа аянбай тәрбие беріп, «Болашақ –жастардың қолында, біз -жастарға сенеміз!» деп үміт артқан ауылымыздың құрметті азаматтары «Молдахан ата» мешітінің имамы Өтеген атаға сөз кезегі беріледі.

№ 184 негізгі мектебінің домбыра үйірме мүшелері «Жастар» күйімен

І Жүргізуші:Қазақтың даңқты қолбасшысы, 1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысында ерен ерлігімен есімі шығып, аты аңызға айналған халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы өткен ғасырда «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген. Дөп айтылған қанатты сөз. Бұл қағида бүгінде әрбір азаматқа, әр ұжымға қатысты қағида болуға тиіс екендігі дау тудырмайды.

ІІ Жүргізуші: Тәртіп бар жерде сапалы жұмыс болатыны айтпаса да түсінікті. Тәрбие, тәртіп туралы тағы қандай нақыл сөздер білесің?

І Жүргізуші:
Тәрбиелі – тәртіптің құлы
Тәртіпті – елдің ұлы.
Тәртіп – тән үшін,
Ынтымақ – жан үшін керек. -деген бар
ІІ Жүргізуші:
Жақсы тәртіп әдетке айналса – ырыс,
Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық .(Ғабиден Мұстафин)
Сонымен қатар, Тәртіпті бала сүйініш,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күйініш,
Төмендеп басың кетеді,- деп бабаларымыз бекер айтпаған сияқты. Мен бұл әнгімен бекер қозғағам жоқ. Сөз кезегін №168 орта мектебінің АӘД пәнінің мұғалімі Башаров Нұрлан ағайға беріледі.

Ән Ортада Мәулен Рақымжан «Қазағым менің»

І Жүргізуші:«Қазақстан -2050» стратегиясын оқыдың ба?

ІІ Жүргізуші:Әрине Елбасымыз: Мен сөзімді әсіресе жастарымызға арнағым келеді. Бүгін мен жариялаған Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді. Мен сіздерге- жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» деген сөздері маған әрдайым күш қуат сыйлайды.

Баяндама «Қазақстан-2050 стратегиясындағы жастардың рөлі»Қожакент ауылдық аппарат маманы Сапиев Олжас

І Жүргізуші:Құрметті бүгінгі жиынға қатысушы жастар! Осында қонақ етіп шақырылып отырған «Нұр Отан» ХДП-ның , «Жас Отан» жастар қанаты өкілдеріне арналған сұрақтарыңыз болса қоюға рұқсат.
(Оқушылар мен ауыл жастарының сұрақтары қойылып жауап алынады)
І Жүргізуші:«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» туралы естігенің барма?
ІІ Жүргізуші:Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Бұл ұйым қоғамдық ұйым болып табылады. "Нұр Отан" ХДП XIII съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін "Жас ұлан" бірыңғай балалар ұйымының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын.Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай 2011 ж. 6 шілдеде "Елорда күніне" орай "Бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестік құрылды.

І Жүргізуші:Өте жақсы! Алайда бұл ұйымға кімдер мүше бола алады?

ІІ Жүргізуші:Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық,беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеуді мақсат тұтқан әрбір оқушы «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі бола алады.
Сен білсең Қызылорда облысының өзінде игі істерге бастамашы болып жүрген Жас Ұландықтардың саны 60 000 нан асты. Жыл сайын облыстық, аудандық деңгейде іс- шаралар өткізіп тұрады.
«Мыңретестігеншебірреткөр»демей ме дана халқымыз. Олай болса № 184 негізгі мектебінің «Жас Ұлан» ұйымы белсенді оқушыларын ортаға шақырайық.
Айтмахан:
Тәуелсіздік. (Авторы :Қ.Сарин)
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!

Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!

Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшеңді!?

Мұхаммедкәрім:
Қазақстаным!
Бір Алла атты теңдессіз ғажап Ұстаның,
Бойына жиған имани тазалық нәрін.
Төріңе қанша төнсе де қара дұшпаның,
Болашағы үшін бастарын бәйгеге тігіп,
Қорғады сені серт беріп сан Арыстарым –
Қазақстаным!

Төндіріп тағы басыңа қара бұлттарын,
Тарихтан білем ұлтымның жан ауыртқанын.
Ұрпақтарыңның былғаған балалық шағын,
Қариялардың ұрлаған даналық шамын,
Замандар да өтті-ау, жататын тоналып бағың –
Қазақстаным!

Өмір-өзеннің бұлқынған долы ағыстарын,
Елең де қылмай, еңкеймей, алабұртпадың.
Қап-қара жерге қып-қызыл көп ағып қаның,
Ақырып теңдік сұрап ең, Алашыңды айтып,
Ақыры келіп қолыңа жалау ұстадың –
Қазақстаным!

Босатып тордан, зарыққан дала құстарын,
Алдыңнан атты нұр шашып, ағарып таңың.
Соның үшін де қолыма қалам ұстадым...
Жүрегімменен жүремін үнемі сезіп,
Бойыңда сенің асқақ рух, дара күш барын –
Қазақстаным!
Қазақстаным – Отаным гүлдей жайнаған,

Азиза:
Төсінде оның тасқындап еңбек қайнаған.
Төскейі малға, астыққа толып қамбасы,
Еліміз дамып, жылжыды өрге арбасы.

Әнұран,Туы, Елтаңбасы бар азат ел!
Әлемге мәлім, өркендеп өскен ғажап ел!
Бой тікті қала Есілдің қос қапталынан,
Мақтанышыма мұрагер ұрпақ бола көр!
Көшбасшы өзі, тұтқасы елдің Нұр аға,
Қиялын баптап қондыра білген қияға.
Күн санап менің құлпырып жатса бай далам,
Қуанышы шіркін кеудеме менің сия ма?
Мәңгілік болсын тәуелсіздіктің тұғыры,
Күлкімен өтсін, бейбіт күнімнің ғұмыры.
Татулық пенен бірліктің туын көтеріп,
Арманшыл елдің лайланбасын тұнығы.
Тәуелсіз елге тілеулес менмін бүгінде,
Ырыс құт дарып, бақыт кеп қонсын еліме.
Молшылық тойдың куәсі болып әрдайым,
Ынтымақ болсын Қазақтың шалқар жерінде.
Жиырма үш жыл міне,, жұлдызды күндер өтіпті.
Тарихта өшпес іздерін тастап кетіпті.
Шыдамды қазақ, өз бейнетінің арқасы,
Аңсаған талай бақытты күнге жетіпті.

Наргиз:
Мен Қазақпын!

Мен Қазақпын!
Барлық есік ашық деймін,
Өз елімде мен үшін.
Ата-бабам қорғап қалған,
Ұрпақтары, елі үшін.
Тәуелсіздік төрімізде,
Желбірейді туымыз.
Қазақпын деп мақтанады,
Қызымыз бен ұлымыз.
Еңсемізді тік ұстап,
Мақтанатын кез келді.
Қазақстан таң қалдырды,
Туысқан, дос, өзге елді.
Отыз елдің қатарына,
Жетеміз деп сенемін.
Жастар адал Отанына ,
Көркейтетін өз елін.
Туған жерім — Қазақстан!
Өскен елім — Қазақстан!
Ән жырым да — Қазақстан!
Байлығым да — Қазақстан!

ІІ Жүргізуші:
«Жас Ұлан» ұйымы мүшелеріне алғысымызды білдіреміз. Айдана іс шара соңына жетіп қалды. Біз мақсатымызға жеттік пе?

І Жүргізуші: Әрине, ауыл үлкендері ақылын айтса, оған жауап ретінде ауыл жастары патриоттық өлеңдерімен жауап қатты емеспе.

ІІ Жүргізуші: Дұрыс. Алайда, Бүгінгі жиынымызды қорытындылайтын тағы бір қонақтар бар. Олар: ауылымыздың жастар ісі жетекшісі Бекқожаев Сүнет, және осы ауылдың топырағына аунап өсіп, қазіргі таңда мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген бір топ жастарға сөз кезегін берсек.

І Жүргізуші: Өте дұрыс. Мына отырған еліміздің болашақ азаматтарына, өздерінің өмір жолындағы қуанышымен қиындығын қысқаша әңгімелеп берсе, бүгінгі жиынымыз өз мақсатына жеткені деп сенемін

Ән. Ортада Тоқташ Салтанат «Қазақстаным»
(Соңында барлық шараға қатысқан оқушылар ортаға шақырылып Қ.Р Мемлекеттік Туы мен Жас ұлан ұйымының туы көкке көтеріледі.)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.