Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Менің арманым -

Менің арманым

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1298 | Размер: | Автор: гость
. Мектебі № 96 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп Күні___________ № 5
Мұғалімі Ибраева П.К. Сыныбы 4 «А,Ә,Б, В,Г» Оқушылардың саны ___
Тақырыбы: «Менің арманым»
Құндылығы: Ақиқат Қасиеттері: басқалардан жақсылықты іздеу

МАҚСАТЫ: Оқушылардың жақсы ниетпен армандай білуіне, басқалардан жақсылықты іздеу және оған қол жеткізуге ұмтылуына ықпал ету.
Міндеттері:
-арман ұғымы туралы түсінік беру;
-балалардың ойын,қиялын дамыту;
-жақсылыққа, басқалардан жақсылықты іздеуге тәрбиелеу. Ресурстары: оқулық, дәптер, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды көңіл күй.
«Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыздар. Қолдарыңызды тізеңізге немесе немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн Нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі Нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы Нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз Нұрға бөлініп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз Нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар Нұр мен мен сүйіспеншілік құралына айналды.
Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей Нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы Нұрды туысқандырыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі Нұрға толсын.
Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне Нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын...»
Осындай Нұрмен, Сүйіспеншілік және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Осы тыныштық сәтінде өздеріңізге қандай әсер алдыңыздар?
Оқушылар өз ойларымен бөліседі.
Рақмет. Әр күндерің шаттыққа толы нұрлы болсын. Ескертулер
2. Сабақтың дәйексөзі
«Арман-адамға қанат»
Жеке – жеке оқыту, дәптерге жаздырып, дәйек сөздің мән-мағынасын түсіндіріп кету.
3. Оқиға айту
Әже әңгімесі.
• Әрбір адамның арманы болады. Арман таусылмайды, бір арманына қол жеткізген соң, екінші арманыңның орындалуы үшін талпынасың, үшінші, төртінші... солай жалғасып кете береді. Өйткені бұл өмір! Ал өмір армансыз болмайды. Арманға жету үшін көп күш жұмсалады. Арманның орындалуы жақсы ниеттілікті, төзімділікті, уақытты, табандылықты, қайырымдылықты, еңбектенуді, білімді, ақылды қажет етеді. Адам арманының орындалғаны қаңдай жақсы! Себебі сол шақта ол үлкен бақытқа кенеледі.



Арман мен ақыл.
Қ. Мырза Әли

Шіркін-ай, күйші болсам,
Бал тамған бармағынан!
Шіркін-ай, биші болсам,
Шығып бір арманымнан!
Шіркін-ай, әнші болсам,
Кәдімгі күміс таңдай!
Шіркін-ай, батыр болсам,
Айбаты арыстандай!
Шіркін-ай, ғалым болсам,
Тілдескен даналықпен!
Әлемге мәлім болсам,
Ашқан көп жаңалықпен!
Көзіңнен күлімдеген
Бір ұшқын сезіп пе ең сен?
Алдымен
Білім деген
Бәйгеден озып келсең.
Актердің,
Ақынның да
Жанына ғылым қорек.
Бүгінде
Батырдың да
Өзіне білім керек.
Оқудың озатына
Арман да таяу болар.
Білімнің боз атына
Мінбеген жаяу қалар.
• Өлең неліктен «Арман мен ақыл» деп аталған деп ойлайсыңдар?
• Білімнің арманға қандай қатысы бар? Ойланып, жауап беріңдер.
4. Ойын.
Оқушылардың жақсы ниетпен армандауына ықпал ету үшін ойын ұйымдастырылады.
Оқушылар шеңбер құрып отырады. Олардың біреуі ойын жүргізуші болады. Ол ортадағы үстелге асықты бар өнерімен бұралта тастайды. Асық кімнің тұсына түссе, сол оқушы шығып өз арманын және не үшін соны армандайтынын жоғарыда берілген өлең қатарларына салып айтады. Мысалы, «Шіркін-ай, басшы болсам, еліме нұр сыйлаған», «Шіркін-ай, доктор болсам, халқымды етем аман», «Шіркін-ай, банкир болсам, молшылық бәрінде болады» және т.б.
Жылдам және не үшін оны армандайтынын айта алмай қалған оқушы айып тартады.
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс
Арманды адам бойындағы жақсы қасиеттермен ұштастыру мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылды. Тақтаға сөзжұмбақ ілінді, бос шаршыларға қандай баланы жақсы бала деп атайтынын жазыңдар.
А
Р
М
А
Н
Ш
Ы
Л
Сөзжұмбақ жауабы: ақылды, рақымды, мейірімді, арлы, зейінді, шыншыл, ынталы, ойлы.
Балалар өз ойларын айтады, мүғалім тақтаға жазады.

6. Топпен ән айту
Бала арманы
Ұлы Абайдай кең жүрек
Ақын болғым келеді.
Бауыржандай ержүрек
Батыр болғым келеді.
Бар білімді меңгерген
Ғалым болғым келеді.
Жетпіс өнер теңгерген
Дарны болғым келеді.
Міне, осындай дүрмекті
Бар таусылмас арманым.
Елге деген құрметті
Ертеңіме жалғадым.
7. Үй тапсырмасы
«Менің арманым»
8. Тыныштық сәті
-Балалар, денелерін түзу, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша екі минуттай отырады.
9. Сабақтың қорытынды сәті
-Біз бүгінгі сабақта сыныптастар арасында өзара сыйластық, достық, түсіністік, кешірімділік болуы тиістігін ұғындық. Біз бір ұжым екенімізді сезіндік.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.