Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Менің  арманым -

Менің арманым

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1265 | Размер: | Автор: гость
. Менің арманым
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам .
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда кім болам?!
С. Торайғыров
Менің бала күнгі арманым – журналист болу. Сол бір ыстық оттай лапылдаған кішкентай ғана жүрек түкпірінің сәулесі еді. Бала күнімнен теледидар, радиодағы тілшілерге тәнті болып, жүргізіушілікке деген ынтызар сезімім, құштарлығым арта түсіп, көкейіме арман құсы ұялады. Ал арман құсы адамды баулып, үлкен бір асуларға жеткізетін дүние ғой. Мен Байкалдай терең, Алатаудай биік өнерді , ең қызығы мен шыжығы көп , қайғысы мен қуанышы қатар жүрер , келешекте от ауызды , орақ тілді , тек шыңдық ауылын іздер, санасы сергек, « ақыл ойдың алыбы », « жақсылықты нұрға балайтын » қастерлі де қасиетті журналистика мамандығын таңдадым.
Журналист - бұл төртінші билік , әрі хабаршы , әрі жаңалық жаршысы , әрі қоғамдық ойдың көшбасшысы. Яғни, халыққа жақын, ел мұңына етжүрегі елжірей ортақтасатын да , қайғысы мен қабырғасы қайыса бөлісетін де , ел ертеңі үшін төселуге дайын да, қоғамды қызықты ететін де , халық пен билік арасына алтын көпір болатын да - осы журналистер.
Бұл мамандықты таңдаудағы басты мақсатым – ой еркіндігі мен сөз бостандығына қол жеткізіп, бүгінгідей мәңгүрттік дерті саналарды улап жатқан қоғамда бұқара жүрегіне күш болып, жылу сыйлап, шуағымды шашар білікті маман болу. Алаш алыптарының ізін жалғап, өңірімнен түлеп ұшқан журналистердің салған сара жолымен , ұлтжанды , көзі ашық , көкірегі ояу қазақ азматшасы болып, еліме адал қызмет етіп , жұртшылық үкілеген үмітін ақтар, халық сөзін сөйлер, «Қараңғы қазақ көгіне , Өрмелеп шығып күн болғым » келеді. Сонымен қатар , қазақ журналистикасының әлемдік деңгейге көтеріп, өзге елдермен терезесі тең дірежеге жетуіне тамшыдай болса да өз үлесімді қосу. Оның әлемдәк аренада биік болғанына, көгілдір байрағымыздың аспанда желбіреуі үшін де , дамыған Қазақстанның жарқын болашағына нық сеніп , қызмет еткім келеді. Ол үшін шыдамдылыққа , төзімділікке, сабырлыққа , ақылымның тереңдігін , ойымның кеңдігін, қиялымның ұшқырлығын дамытып , көп еңбектеніп , армандарымды орындау үшін жанымды салып кірісемін. Мен өз мақсаттарыма жетуде қиыншылықтардан қорықпай , өз асуларымды бағындыруға дайынмын! Себебі, бұл – жүрек қалауымның шуақ шашқан ыстық лебі.
Балалық , сенен артық күнім
бар ма , бала күнде бойымда
мінім бар ма? Бәріне жетемін
деймін,алам деймін, жас қиялда
тоқталып тыным бар ма ? - деп , қазақ әдебиеті тарихында ерекше орны бар, айрықша сипатты , сұңқар жүрек ақын Сұлтанмахмұт атамыз айтқандай , менің арманым – асқақ , бағындырар биігім асқарлы…


Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Ұзынарык елді – мекені Қ.Байболов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Бөлен Жанар
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.