Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Менің Қазақстаным. -

Менің Қазақстаным.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1199 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы, Индер ауданы
Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінің
мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Магауина Акмарал Улжагалиевна

Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Менің Қазақстаным.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
1) Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту.
2) Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.
3) Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.
Сөздік жұмыс: Отан, туған жер.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Қазақстан картасы.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, барлығы бірге қосылып айтады.
Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан — ана, Отан - үлкен,
Қазақстан - туған ел!
Мұғалім:
- Отан - біздің сүйікті отбасымызбен бірге тұратын үйіміз, туған жеріміз, ауылымыз, қаламыз, айналаны қоршаған табиғатымыз.
Біздің Отанымыз - Қазақстан.
- Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады?
- Рәміздерді атаңдар.
- Қазақстан Республикасының Президенті кім?
- Қазақстан картасын білесің бе?
- Сендер қай қалада тұрасыңдар?
Т. Молдағалиевтың «Қазақстан картасы» өлеңінің мазмұнын талдау.
Анау Жайық өзені, анау жатқан Атырау,
Бәрі сенің өз жерің, өз суларың, батыр-ау,
Туған жердің тынысын ұққын орман нуымен,
Алтынды Алтай шығысың, қыран ұшқан шыңынан...
Балалар өздері тұрып жатқан жерін картадан көрсетіп, арнайы белгілермен белгілейді.
Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен
-Балалар көзімізді жұмып, туған жеріміздің табиғатын, таза ауасын, әдемі гүлдерін, сайраған құстарын көз алдымызға елестетейік. Туған өлкеміздің табиғаты қандай тамаша!
Көзімізді ашамыз. Туған жеріміз туралы ойымызды әңгімелейміз.
Сергіту сәті:
Төскейден жел еседі,
Төбемнен бұлт көшеді.
Туған жерім мен үшін,
Көк майсасын төседі.
(Қимылмен көрсетеді).
Дидактикалық ойын: «Қай қала екенін тап».
Ойынның шарты: Ойын үшін Қазақстан картасын пайдаланамыз. Балаларға Қазақстандағы бірнеше қалалардың аты беріледі. Картадан сол қалаларды тауып, жанына белгілерін іледі: Астана - Бәйтерек, Алматы - Қазақстан қонақүйі, т.б.
Қорытынды:
Қазақстан Республикасы - біздің сүйікті Отанымыз!
Қазақстан - өте үлкен, бай республика. «Жері байдың - елі бай».
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.