Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Менің елім, менің тұңғыш Президентім -

Менің елім, менің тұңғыш Президентім

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1867 | Размер: | Автор: Публикатор
. Менің елім, менің тұңғыш Президентім
Досимова Гулайхан
Отырар ауданы
Абай атындағы жалпы орта мектептің тарих пәні мұғалімі

«Президент дегеніміз – өз елінің тәрбиелі тұтқасы»
(Ж. Аймауытов)
Жер бетінде елінің тәуелсіздігін, халқының бостандығын ойламайтын жұрт жоқ шығар. Бұл тәуелсіздік біз үшін басқа қонған бақ, аяққа тиген тақ. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болу керек. Бұл ежелден келе жатқан өмір заңы.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктірер, өз алдына ел етуді, қазақ халқының атын әлемге танытқан, алаш баласының абыройын асқақтатқан тұлға – ол Елбасы, ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақ халқының, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып 1991 жылы 1 желтоқсанда сайланды.
2012 жылы ел Парламенті қабылдаған заңға сәйкес, Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні 1 желтоқсанда мерекеленуде.
Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кіндік қаны тамған жері Алматы облысы, Қаскелең ауданы, асқаралы Алатаудың баурайындағы Шамалған ауылы. Негізі қол бастаған көсемдерді, сөз бастаған шешендерді Табиғат – Ананың өзі ерекше жаратылыспен толғатып туады деген рас болса керек.
Қазақстанның ең басты мақтанышы ол өз астанасы – Астана. Мен өзім әсем, көркем, көрікті, байтақ еліме, жеріме өте мақтанамын. Қазақстан азаматтары да өз елін мақтан тұтады деп ойлаймын.
Біздің елімізде Елбасыны құрмет тұтуда 2005 жылы 7 - шілдеде Тұңғыш Президент мұражайы ашылды. Мұражайда Қазақстан тарихы, Н.Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайлы сыр тартатын 40 мыңнан астам жәдігерлер бар. Бүгінгі таңда Нұрсұлтан Назарбаевты Еуразия кеңістігі басты ықпалдастырушы – саяси көшбасшысы ретінде қабылдайды. Соңғы жиырма жыл бойы қарқынды даму үлгісін көрсетіп келе жатқан Қазақстанның саяси көшбасшылық моделі тек өз халқына емес, тұтас аймаққа, сол арқылы барша адамзат баласына пайдасын тигізіп келеді. Сол себепті де, біз Президент күні – Қазақстанның тарихи табыстары күні деп нық сеніммен айтуға болады.
Расында, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуынан бастап мемлекеттік дамудың даңғылға түсуі жолындағы жұмыстардың басымы Н. Назарбаевтың есімімен байланысты, ерлігімен ұштасқан дүниелер екені даусыз. Сондықтан да Парламент қабылдаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің 20 жылдығы декларациясында: «Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірауыздан Мемлекет Басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың басшылығымен іске асты. Республика Президентінің жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы - еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты. Мемлекет Басшысының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты» деп жазылды. Бұл даусыз шындық. Өйткені, Қазақстан өз тәуелсіздігінің 23 жылы ішінде әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Терезесі түгел елмен тең деңгейге жетті. Ғасырлар бойы бабалар армандаған тәуелсіздіктің туы көкте желбіреді. 150-ден астам елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, өзге мем-лекеттердің даму жолдарын саралай келе, өзінің даңғылын таңдады.
Елбасының бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүние жүзілік тарихи маңызы бар істер атқарылуда. Ел сенімі ақталды деген осы. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Қазақстанның шынайы егемендігін қамтамасыз еткен маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арналған жолдаулары еліміздің өркендеу мақсатында қалыптасқан аталмыш «заңдар» - халықтың тұрмыс тіршілігін болашаққа деген сенімін нығайта түсуде. Елбасымыз: «Бақ – дәулет, барша игілік адамның өз қолымен жасалады» - дейді. Бізді еңбекқорлыққа ұмтылыс пен үнемі ізденіске шақырған: «Өз Отаның бұл дүниедегі жәннәтің мен шуағың. Сондықтан білімдерің мен қайрат – жігерлеріңді өз елдеріңнің мүддесіне жұмсаңдар» - деген сөздері біздер үшін үлгі, өсиет.
Қорыта айтқанда Н.Ә.Назарбаев біздің еліміздің дамуына зор үлес қосты. Менің ойымша әрбір қазақстандық Президентімізбен мақтана отырып игі істерін жалғастыра білуі керек.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.