Меню
Назад » » »
Менің Отаным - Қазақстан
загрузка...

загрузка...
Сәлімбаева Мейраш Ертайқызы,
Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Жамбыл облысы, Байзақ ауылы
Сабақтың тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан»

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: қазақ тіліндегі сөйлем мүшелерінің түрлерін ажырата білуге үйрету, логикалық ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, сауатты жазуға төселдіру.
Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту арқылы өздігінен ізденуге, сөйлем мүшелерінің ерекшеліктерін анықтап, еркін талдау жасай білуге дағдыландыру, топтық тапсырмалармен жұмыс істеуге машықтандыру, оқушылардың ауызекі сөйлеу және өз ойын жеткізе білу дағдыларын арттыру, шығармашылық ізденіске баулу, танымдық ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелігі: оқушылардың жалпы тұлғалық, әдеби-мәдени деңгейін көтеру, қазақ елінің тарихы мен мәдениетін мен ұлттық ерекшелігін құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылардың патриотық сезімі мен туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, эстетикалық дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру, талдау, топтық жұмыс т.б.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентациялық слайдтар, үлестірмелі парақшалар, кестелер, мультимедиялық презентация, DVD диск;
Пәнаралық байланысы: әдебиет, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі, өзін-өзі тану.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
- сәлемдесу;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау;
- оқушылардың назарын сабаққа аудару.
І . Ұйымдастыру кезеңі.
-Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Оқушылардың өзіндік көзқарасы мен сенімділігін қалыптастыруда «Шаттық шеңберін» жасау.
-Қайырлы күн, балалар!
«Жақсы қыз – жағадағы құндыз, жақсы ұл- аспандағы жұлдыз»,- деп бекер айтылмаған. Олай болса,қанеки, бәріміз шаттық шеңберіне жиналып, бүгінгі сабақта бір-бірімізге жүрегімізден шыққан жақсы лебіздерді айтып, қуаныш сыйлап көрейікші! Ол үшін бір-бірлеріңіздің қолдарыңыздан ұстап, алақан арқылы жылылықты сезе отырып, жылы лебіздер білдірейік.
-Ал, балалар, бүгінгі сабағымыз қызықты өтсін.
(оқушылар жүректен шыққан өз лебіздері мен ізгі ниеттерін білдіреді).

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Қайталау- білім анасы».

Оқушылар үйге берілген «Қазақстанның кен байлықтары» тақырыбына кластер құрып, сызба бойынша әңгімелеп береді.


Оқушылар жауабын мәтіндегі ақпараттармен тексеру.
Батыс Қазақстан- Еуропа мен Азияның түйіскен жері. Каспий теңізі, Жайық өзені, Маңғыстау өлкесі де осы аймақта. Батыс Қазақстаннан мұнай, жанармай, түрлі ас тұздары шығады.
Солтүстік Қазақстан - астығы мол өлке. Бұл жерде темір, жылу энергиясын өндіретін өндіріс орындары бар. Атақты Көкшетау, Баянауыл деген сұлу жерлер де осында.
Орталық Қазақстанға – Қарағанды, Жезқазған, Ақмола, Павлодар облыстары жатады. Мұнда алтын, мыс, қорғасын өндіріледі.
Шығыс Қазақстанға- Семей, Зайсан, кенді Алтай аймақтары жатады. Мұнда әсем көлдер, сыңғырлаған бұлақтар көп.
Оңтүстік Қазақстанға- Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстары жатады. Бұл аймақ – мақтаға, көкөніске, жеміс-жидекке бай. Табиғаты сұлу.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Интерактивті тақтада берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау және тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің анықтамасы мен сөйлемдегі қызметін сұрау.
Біз тәуелсіз, егеменді Қазақстанда тұрамыз. Еліміздегі халықтар тату тұрады. Қазақстанды дүниежүзі таныды. Туған жерімді, халқымды құрмет тұтамын.
Мұғалім сөзі:
Бүгінгі сабақта орындалатын тапсырмаларды екі топқа бөлініп орындаймыз. Мен сіздерге бағалау парағын таратып беремін. Білімдеріңізді өздеріңіз бағалайсыздар. Яғни, дұрыс жауап «5» ұпай, орташа жауап «4» ұпай. Бүгінгі сабақта орындаған әр тапсырмаға берілген ұпайларыңызды бағалау парағына жазып отырасыздар.
Сайысымызды бастаймыз,
Қиындықтан қашпаймыз.
Алтын алма, білім ал,
Деген ұран тастаймыз.

ІV. Жаңа сабақ.
«Ассоциативті қатар»
Оқушыларға тақырыпқа байланысты әуен тыңдату. Бұл жұмыс түрінің мақсаты: оқушы мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субьекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.

Мұғалім сөзі:
-Балалар, осы әуенде сіздер қандай сөзді көп кездестірдіңіздер. Олай болса, біз бүгін қандай тақырыпты өткелі отырмыз. Дұрыс айтасыздар! Біздің бүгінгі тақырыбымыз туған жерімізге арналмақ.

Мұғалім сөзі:
- Балалар, сонымен біздің бүгінгі тақырыбымыз: «Менің Отаным - Қазақстан». Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол- Тәуелсіз Қазақстан. Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жариялағаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады. Мемлекеттік рәміздерімізді белгіледік. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Туған жерімізде талай-талай өркенді өзгерістер болып жатыр. Ең бастысы- тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар.
- Ал, енді дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі күннің реті мен сабақтың тақырыбын жазып қойыңыздар.
- Оқушыларға тақырыпқа қатысты бейнефильм көрсетіледі. Екі топ осы бейнефильм туралы өз ойларын айтады.
- Бұл жұмыс түрінің мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын жеткізу, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырма. Екі топтан бір-бір оқушы тақтаға келіп, Қазақстанды картадан сөйлетуі қажет.
3-тапсырма.Берілген синонимдерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңыздар.
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Отан, туған жер, өлке, аймақ, өңір, кең-байтақ, ұлан-ғайыр, жариялау, жария ету,тану, білу, байлық, қазына.

«Өнерлі өрге озар».
Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуде жастарымыз білімді, үш тілде жетік меңгерулері қажет. Осыған орай, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үштұғырлығы» бағдарламасы бойынша өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету сабақтарында «Глоссарий» әдісін қолдану.
Әр топтағы оқушылар үш тілдігі білімдерін көрсетіп, сұрақтарға жауап берулері қажет.

«Болашақ» тобына
1. I live in Kazakstan. The State language is Kazakh. Сөйлемдерді орыс, қазақ тілдеріне аударыңыз.
2. Отан туралы қазақ тілінде мақал айтыңыздар.
3. Осы мақалдарды орыс тіліне аударыңыздар.

«Достық » тобына
1. There are many nationalities in Republic Kazakstan. I love my mother land. Сөйлемдерді орыс, қазақ тілдеріне аударыңыз.
2. Туған жер туралы қазақ тілінде мақал айтыңыздар.
3. Осы мақалдарды орыс тіліне аударыңыз.

«Ойлан, тап!»
Тақырыпты қазіргі өмірмен байланыстыру мақсатында оқушыларға проблемалық сұрақ қою. Мақсаты – оқушыларды ізденімпаздыққа және тапқырлыққа үйрету.
Мұғалім сөзі:
-Балалар, Қазақстан туралы көптеген мәліметтер айтыңыздар. Ал, енді сіздерге туған жеріміздің төрт астанасы туралы жұмбақтап айтамын, жауабын табуға тырысып көріңіздер.
1. Бұл қала – тұңғыш Астана. 1920-1925 жылға дейін Қазақстанның астанасы болды. Қазір Ресей Федерациясына қарайды.
2. Бұл қала сұлу Сыр бойында орналасқан. Бұрын Ақмешіт деп аталған. Қазақстанның екінші астанасы.
3. 1929 жылы Қазақстан астанасы Қызылордадан осы қалаға көшіп келді. Басын қар басқан Алатаудың етегіне орналасқан. – Алматы.
4. Бүгінде бұл қаланың аты әлемге әйгілі. Бұрын Ақмола деп атаған. Қазақстанның бас қаласы мәртебесіне ие болды.
Оқушылардың әрбір жауабынан кейін, интерактивті тақтадан
дұрыс жауаптардың суреттері беріледі.

«Кім тапқыр?».
Берілген сөйлемдерді аяқтаңыздар. Интерактивті тақтамен жұмыс.
1. Қазақстанның жері......................
2. Табиғаты.......................................
3. Мұнда ......................, ................., .............. бар.
4. Қазақстан - ............... .......... өлке.
5. Қарағанды ............. береді.
6. Оны «......................» дейді.
7. Оңтүстікте .................. өседі.
8. Оны «........................» дейді.

«Көршіңді тап!».
Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табыңыздар.
• Отан отбасынан ....................................
• Отансыз адам- .............................
• Отан - оттан да ........................
• Туған елдің қадірін ............................
• Өзге елде сұлтан болғанша,.........................
• Туған елдей ел болмас,...............................

V. Сабақты бекіту.
«Бой сергіту». Грамматикадан білімдерін тексеру.
Оқушылар интерактивті тақтада берілген тест сұрақтарына «activat» басқару құрылғысын (пультті) басып, дұрыс жауапты белгілейді.
1. Елтаңбада не бейнеленген?
А. қанатты тұлпар
В. ою-өрнек
С. жазу
Д. шаңырақ
2. Есіл өзенінің бойында орналасқан қала?
А. Астана
В. Ақмола
С. Ақтау
Д. Алматы
3. Қазақстан Республикасының негізгі заңы қалай аталады?
А. Ереже
В. Бұйрық
С. Ата заң
Д. Анықтама
4. Қандай?, қай?, кімнің?, ненің? деген сұрақтарға жауап беретін сөйлем мүшесі қалай аталады ?
А. пысықтауыш
В. бастауыш
С. толықтауыш
Д. анықтауыш
5. Қимыл, іс-әрекетті білдіретін сөйлем мүшесін көрсетіңіз?
А. пысықтауыш
В. баяндауыш
С. толықтауыш
Д. анықтауыш

Мұғалім сөзі:
Сонымен балалар, туған жеріміз Қазақстан – тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміздің қабылданған мемлекеттік рәміздері, ата Заңы, халқымыз сайлаған Президенті, ұлттық төл теңгеміз, ғасырлар бойғы тарихымыз бен ұрпақтан-ұрпаққа жеткен салт-дәстүр, мәдениетіміз бар. Өздерінің туып-өскен жерлеріне перзенттік парызы ретінде жүректен шыққан жырларын арнаған ақындар қаншама! Ал, сіздер туған жер туралы өлең-жыр білесіздер ме?
- Сіздердің жыр жолдарыңызда «атамекен» сөзі көп қолданылды. Атамекен деген сөзді қалай түсінесіздер?
Атамекен - ата-бабамыз және біздің туып өскен жеріміз. Туған жерімізді аялау және құрметтеу – біздің перзенттік парызымыз.
(Оқушылармен бірге «Атамекен» әнінің бір шумағын орындау)
VІ. Үйге тапсырма беру:
Шығармашылық жұмыс: «Менің туған жерім » тақырыбында шағын эссе жазу.

VІІ. Бағалау.
Оқушыларды бағалау парақтары және тест қорытындысы бойынша бағалаймын.

РЕФЛЕКСИЯ.
Оқушылардан бүгінгі сабақ бойынша нені үйреніп білгендері және нені білгісі келетіндері туралы ой-пікірлері ортаға салынады. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Менің Отаным - Қазақстан можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 297 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar