Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Менің Отаным –Қазақстан -

Менің Отаным –Қазақстан

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1511 | Размер: | Автор: гость
. Алматы облысы
Қаратал ауданы
Үштөбе қаласы
С. И .Морозов атындағы № 51 орта мектеп –гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі:Ишамбаева А.Қ

Тақырыбы: «Менің Отаным –Қазақстан»

Мақсаты:

Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Оқушылардың ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер,
авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, Астана қалаласына байланысты суреттер.

Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік.

Мұғалім:
-Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз
Біз бақытты баламыз,-дей отырып, « Менің Отаным –Қазақстан » атты сабағымызды ашық деп жариялаймыз.
Қазақстан Респуликасының мемлекетік гимні орындалады.
-Балалар ,сендер қандай ән орындадыңдар?
-Қазақстан Республикасының гимн орындадық.
Дұрыс айтасыңдар,балалар .Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін гимні, туы,елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп атймыз.Осы рәміздер туралы жеке-жеке түсінік беріп өтейін.

-Мынау – біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды.Көк аспандай көгілдір,ортасында күн,астында бүркіт ұшып келе жатыр.

-мынау-елтаңбамыз.Елтаңбада шаңырақ,күн сәулесі,бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан » деген жазу бар.
-Балалар, үлкен мерекелерде туымыз көтеріліп,гимніміз орындалады.Рәміздерімізді үлкен де,кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс.Ал гимнді біз білеміз.Сендер елтаңба мен туды әрқашан қастерлеуге тиіссіңдер.Қазақстан республкасының рәміздері туралы кім тақпақ біледі?

Жанібек:
Көк туымыз бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп,
Біз өсеміз талапты.

Аруна.
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.

Амина:
Елтаңбасы елімнің ,
Қандай әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің ,
Ортада аспан әлемі

Абылай:
Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.

-Балалар ,Қазақстан Республикасының ел басшысы кім?

-Нұрсұлтан Назарбаев атамыз

Елбасымыз туралы кім тақпақ біледі ?

-Балалар ,Қазақстан Республикасының ел басшысы кім?

-Нұрсұлтан Назарбаев атамыз

Елбасымыз туралы кім тақпақ біледі ?

Даниял :

Шықты тарап ой данадан,
Бер қарады жұлдыз беті,
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар президенті.

-Балалар,біздің Отанымыздың астанасы қай қала ?
-Астана қаласы
-Ел бөбегі бүлдіршін жас баламыз,
Астанамыз Астана –бас қаламыз.
(Астана қаласының суретін көрсету)

-Жарайсыңдар, балалар. Біз Қазақстанда тұрамыз ,Отанымыз -Қазақстан.Халқымызда « Отан отбасынан басталады» деген мақал бар.Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар.Отан деген не?
- Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?(ой - пікірлерін тыңдау)
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.

Аружан: ө
Көп аузынан түспейтін, Отан - сенің ата - анаң,
Отан деген немене?, Отан - досың, бауырың.
Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астанаң,
Достым білгің келе ме? Отан - аудан, ауылың.

Азамат:
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.

Елнұр:
Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата - анамды,
Мені өсірген елімді.

Азамат:
Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - пана,
Қазақстан - туған ел.

Анел:
Отанды біз атамекен,
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.

Жанболат:
Отанды жас - кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып, өмір сүреміз.

Айқын:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің, сен Отан!

Айша: Отан деген менің үйім,туған жерім.
Менің жүрегім Отан деп соғады.

Куштар: Қазақстан - көк байрақты ел едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің мақтанышым, тірегім,
Өзің менің қуанышым, бақытым

Алихан:

Азаматқа лайық ,
Отанымның ұлымын.
Отанымды қорғайтын,
Азаматтың бірімін.

-Балалар,өте жақсы.Егеменді елдің басты белгісі-тіл .Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналады. Қазақ тілі –біздің ана тіліміз.

Аружан:
Тілім барда мақтанам,
Тілім менің аппақ ән
Бірлігім бүгінгі,
Ана тілім сақтаған.

Еламан:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.

Мұғалім:
Қазақ халқының хандарын білесіңдер ме?
Қандай батырлары бар?
Қазақстандық Ұлы Отан соғысының батырларын , желтоқсан жұлдыздарын білеміз бе?
(Суреттен көрсету)Видео
Мұғалім: Иә, осы хандарымыз, батырларымыз, ерлеріміз туған жерін, елін жауларынан аман алып қалам деп айқасты. Халық бірлігін нығайтты.
Дүркірете елінен жауды қуған батырларымыз: Қабанбай, Бөгенбай, Шағатай, Қарасай, Наурызбай, Райымбек, Махамбет, Исатай т. б. бабаларымыздың ерлігі бізге үлгі – өнеге
Қазақстандық Ұлы Отан соғысының батырлары ,желтоқсан жұлдыздары Алия Молдағұлова , Мәншүк Маметова , Бауыржан Момышұлы және т.б
1986 жылы 16 - желтоқсан оқиғасы Отанын сүйетін, Отаны үшін отқа түсетін жастарымыздың қарға тамған қанымен бірге елімізге егемендік - Тәуелсіздік әкелді.
Айзере : Қазақстан –бабамнан қалған мұра,
Сенбейсіңбе даламнан бар да сұра.
Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған
Батырларым демесем болар күнә.

-Балалар,сендер отан туралы жан-жақты білетіндеріңді көрсеттіңдер.Енді Отан туралы туған жер туралы мақал-мәтел айтайық.

Мұстафа:

Отан –оттанда ыстық.
Отан –елдің анасы,
Ел-ердің анасы.
Балжан:
Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.

Сұлтан; Елімнің атын айтсам- Қазақстан!
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан!
Қойнауы қазынағы толған мекен,
Байлығымды айтсам-Қазақстан!

Аружан : Қойнауы мол кенге тұнған
Кең жайлауы малға толған,
Жерұйықтай жері дархан
Жаны жомарт елі дархан

Бәрі: Ол біздің - Қазақстан!

Мұғалім:
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.
-Міне , балалар , өміріміздің жалғасы ,еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар.
Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге,кетігін тапта ,бар қалан»деп ,бүгінгі бүлдіршін балаларымыз қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен сабағымызды аяқтаймыз.
Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.