Меню
Назад » » »
Менің Отаным- Қазақстан!
загрузка...

загрузка...
Тақырыбы: Менің Отаным- Қазақстан!
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды Отан сүюге ,қазақ елінің
рәміздерін қастерлеуге қуатты ел екендігін мақтан етуге,
туган еліне ,жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып,
махаббат сезімін ояту.
Дамытушылық : Отанын ,туған жерін ,туған елін қорғай білуге ,халқымыздың
талантты ақындарының өлеңдері мен ата-бабаларымыздың
өнеге қалдырған даналық сөдері арқылы оқушыларды
ұлтжандылыққа ,ата-мекенін көзінің қарашығындай сақтай
білуге ,патриоттық сезімге тәрбиелеу .
Тәрбиелік:Оқушылардың бойына Отансүйгіштік қасиеттерін ойларын жүйелі
түрде жеткізе білу,шығармашылықпен жұмыс жасап ,мәнерлеп
өлең оқып,мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Сабақтың әдіс –тәсілдері: сұрақ –жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,Қазақстан Республикасының картасы, еліміздің рәміздері.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Хор : Әнұран.
-Ал кәне балалар Отан деген не?
-Адамның туып өскен жері,туған –туысқандары ,біз тұратын атамекен.
-Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?
-Біздің Отанымыз Қазақстан .
-Ендеше ,бүгінгі тәрбие сағатымыз «Меің Отаным –Қазақстан!» деп аталады .
II. Мұғалім : Біздің Отанымыз –Қазақстан . Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде.Осынау жылдарда елдігімізді танытып ,еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап ,дербес мемлекет болды. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Конститутциясын 30 тамыз 1995 жылы мемлекеттік мереке деп жариялады.
III. Негізгі бөлім:
Оқушылар 3-топқа бөлу. Әр топқа қиылған қағаздар тарату .Шыққан суреттен әр топтың аты шығады.
1-топ: Туған жер
2- топ: Отан
3- топ: Атамекен
(Өлең ,мақал-мәтел айткан топқа жұлдызшалар беріліп мадақталады)
1-оқушы :
Арыстандай айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым.
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жинаттың,
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан ардақтым.
2- оқушы:
Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған.
Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.
3-оқушы:
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып.
4-оқушы:
Өзіңдікі туыңда,
От пен ауа,суың да .
Жаса Қазақстаным
Белді бекем буында.
5-оқушы:
Жаса жаңа Астанам,
Өркен жая бастаған.
Болашақтың есігін ,
Өз қолыңмен аш маған.
6-оқушы:
Бұлт баспасын күнімді,
Тартылмасын өрісің.
Биік ұстау туымды,
Қасиетті борышым.
7-оқушы:
Сәуле шашқан алтын түсті күнім бар,
Екпіндеген қыран құсты үні бар.
Ою басқан мөп-мөлдір көк аспандай ,
Қазағымның желбіреген туы бар.
8- оқушы:
Отан деген атамекен ,
Отан деген туған жер.
Отан ана ,Отан үлкен
Қазақстан туған ел.
-Отан туралы мақал-мәтелдер білеміз бе?
1-оқушы:Отан от басынан басталады.
2-оқушы: Туған жердей жер болмас,Туған елдей ел болмас.
3-оқушы: Отансыз –адам,ормансыз-бұлбұл.
4-оқушы: Отан оттан да ыстық.
5-оқушы: Отан үшін отқа түс күймейсің, Арың үшін алыссаң өлмейсің.
Қорытынды:
5 жолды өлең құрастыру.
1) Не ? Қазақстан
2) Қандай? Тәуелсіз,байтақ.
3) Не істейді? Дамиды өркендейді.
4) 4 сөзден тұратын сөйлем құрау
Қазақстан –тәуелсіз мемлекеттің бірі.
5) Қазақстан сөзіне мәндес сөз.Мемлекет.
-Балалар ! Біздің Отанымыз –Қазақстан Республикасы .Сондықтан өз жерімізді ,өз елімізді қадірлеуге ,қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық.
Хор: «Көк тудың желбірегені» Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Менің Отаным- Қазақстан! можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 246 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar