Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Менің Отаным – Қазақстан -

Менің Отаным – Қазақстан

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1663 | Размер: | Автор: гость
. Екібастұз қаласы әкімдігінің білім
бөлімінің №28 Абай атындағы жалпы
орта білім беретін мектептің
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ахметова Бақтыгүл Далабайқызы

Білім күнінің тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан»
Білім күніне арналған салтанатты жиынның өткізілу уақыты:
2015 жылғы 1 қыркүйек

Қатысушылар: мектеп оқушылары, қонақтар, ата-аналар,педагогикалық еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдар
Техникалық жабдықталуы: арнайы музыкалық аппаратура
Мақсаты: Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу, білімділікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Фанфары ойналады.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен ата-аналар! Армысыздар, мектеп оқушылары! 1 қыркүйек - Білім күні құтты болсын!
Білім күні оқушылардың, ата-аналардың, мұғалімдердің, сонымен бірге өзі оқыған мектебін ыстық көретін және есінде сақтап жүрген барлық адамдардың дәстүрлі мерекесі.
2015-2016 оқу жылына арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты алғашқы қоңырау салтанатын ашық деп жариялаймыз!
Биылғы алғашқы қоңырау мерекесі Қазақстан халқы Ассамблеясының және ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналады.
«Қазақстан 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев:
«Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек» деп көрсеткен болатын.
Бүгінгі мереке мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1-сынып бүлдіршіндеріне арналады.

Мектепке қарай жүгірген
Айналдым сенің түріңнен
Жарасып кетті портфелің
Иыққа шап-шақ ілінген.
Портфелдің ішін толтырып
Кітап, қалам, дәптерге
Жақсы ұстазға жолығып,
Бестіктен басқа әкелме.
Ол үшін күнде дайындал
Әр пәннен алып әр сабақ.
Талабы күшті білімнің
Өтпесін босқа әр сағат.
Мектепке келдің үйіңнен
Тәртіппен киген киіммен
Білім жи, оқы, оқушы
Байлық жоқ асқан білімнен!
1 «А» сынып оқушыларын қарсы алыңыздар! Сынып жетекшісі – Досбаева Н.Қ.
1 «Ә» сынып оқушыларын қарсы алыңыздар! Сынып жетекшісі – Мусина М.Қ.
1 «Б» сынып оқушыларын қарсы алыңыздар! Сынып жетекшісі – Кисабаева
(1-сынып оқушыларын бастап, ұстаздары жиын өтіп жатқан алаңға шығып, ортада 1 мәрте жүріп өтіп, арнайы дайындалған орынға келіп тұрады)
Жүргізуші:
"Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет" деген екен Шоқан Уәлиханов. Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, - дей отырып, салтанатты жиынымызға ҚР Мемлекеттік Туы әкелінсін!
Жүргізуші:
Мемлекеттік Туды енгізуге дайын болыңыздар!
Ту енгізу құрметі 10-сынып оқушылары: қалалық әскери-спорттық ойындарының чемпионы - Амангельдинов Ғазиз және оқу екпінділері, қалалық пән олимпиадасының жүлдегерлері, волейболшы-спортшылар - Бағдатова Жұлдыз бен Мейрамова Баянсұлуға тапсырылады.
АӘД мұғалімі: (Туға қарап сап түзеу) Мектеп! Түзел! Тік тұр! ҚР Мемлекеттік Туы енгізілсін!
Ту енгізіледі. Әнұран ойналады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны (Әнұран)
Жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Кенжебаева Айман Кабиевнаға беріледі.
Кенжебаева А.К. – мектеп директоры:
140 ұлттың өкілі Қазақстанды тарихи Отаным деп есептейді. Жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы – Мәңгілік ел. Ол идеяның іргетасы мектепте қалануы тиіс. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады Ендігі ұрпақ Мәңгілік қазақтың перзенті. Яғни жарқын болашаққа жол ашатын мәңгілік құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру, отанына деген сүйіспеншілікті нығайта түсу – отбасы мен мектептің, яғни сіз бен біздің міндетіміз. Мектепте зияткер, дене бітімі жетілген және рухани дамыған азамат болып қалыптасасыңдар. Құрметті балалар! Қазақстанның көп этникалық жағдайында қарым-қатынас жасай біліп, басқа да халықтардың өкілдеріне достық қарым-қатынаста төзімділік танытып, рухымызды жігерлендіріп, ұлтаралық татулықты берік ұстап, тәуелсіз мемлекеттің құрушысы болуға шақырамын.
Жүргізуші: Құрметті көрермен, 1-сынып оқушыларының лебіздерін тыңдайық:
(14 тақпақ, 1 ән орындалады)
Жүргізуші:
Бүгінгі салтанатты мерекеміздің мәртебелі қонағы - Солнечный поселкесінің әкімі Алшимбаева Маржан Кадыровнаға құттықтау сөз беріледі.
Алшимбаева М.К. – Солнечный поселкесінің әкімі:
-Қымбатты оқушылар, ұстаздар, ата-аналар! Сіздерді Білім күні мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге тілейтінім еңбексүйгіш болыңдар, білімді болыңдар және адал болыңдар. Бұл адами құндылықтар Елбаымыздың айтқан мәңгілік ел ұлттық идеясының құндылықтары. Тәуелсіздік арқасында халқымыз мәңгілік мұраттарға қол жеткізді. Еліміздің жүрегі Елорда тұрғызылды. АтаЗаңымыздың аясында бақытты өмір сүріп жатырмыз . Елбасымыз осынау көпұлтты мемлекетімізді асқан көрегенділікпен басқарып келеді, соның арқасында елімізде тыныштық, бейбітшілік, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп отырмыз. Балаларымыз білім алып, ата-анасымен бақытты өмір сүріп, мектептің алды балалардың шуына, күлкісіне толды. 1 қыркүйек күні барлығынан бұрын 1-сыныпқа келген оқушылар қуанады, өйткені бұл күн олар үшін әсерлі және есте қаларлықтай. Биыл мектеп табалдырығын аттаған әрбір 1- сынып оқушысына ҚР Президенті Назарбаевтың атынан сыйлық тапсырылады. Ол сыйлық «Менің отаным – Қазақстан» атты кітап. Бұл кітап Қазақстан халқының тұтастығын жете түсінуге көмектеседі, азаматтық ұстанымды қалыптастырады. Құрметті 1-сынып оқушылары! Өз елдерің Қазақстанды әрқашан мақтан тұтатын болыңдар!

Жүргізуші:
Ата-аналар атынан сөз кезегі беріледі.

Жүргізуші:
Ұтаздықты армандапты жасында
Ұлағатты мамандық қой расында.
Болуды ол шын бақыт деп санайды,
Мұғалімдер армиясы сапында.
Құрметті қауым! Алғаш ұстаздық еңбек жолын осы №28 Абай атындағы жалпы орта білім берертін мектептен бастағалы отырған жас мамандар мен мектебімізге жаңадан келген мұғалімдерді таныстырып өтейін
Өкімет Еркегүл – Қазақ тілді мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Задаханова Аягөз- физика пәнінің мұғалімі
Кисабаева Сания Бейсембаевна – бастауыш сынып мұғалімі
Психолог - Абдыкаримова Мадина Аскаровна
Сіздерге шығармашылық табыс тілейміз!
Жүргізуші:
Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі Абай атындағы №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 2015 жылғы тамыз айындағы №272 бұйрығы бойынша 2015-2016 оқу жылының басталуына арналған Алғашқы қоңырау соғылсын.
Жүргізуші:
Қоңырау үні сыңғырлап
Естілді жылы жаныма
Күлкідей әсем сылдырлап
Бөбекті жиды маңына
Алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектебімізден биыл түлеп ұшатын Бағдатова Жұлдыз бен мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған

АӘД мұғалімі: Мектеп ! Сап түзе! ҚР мемлекеттік туы шығарылсын! Жүргізуші:
Барлықтарыңызға жаңа оқу жылы толағай табыстармен, сүбелі үлестермен, еселі еңбектерге толы жыл болғай деп тілеп, 1-қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз! Еліміздің беделі асқақ, жұртымыз аман болсын!
Жүргізуші:Білім күні мерекесі әр сыныпта «Туған елім – Отаным» атты алғашқы сабақтармен жалғасады.

№28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

«Менің Отаным – Қазақстан»

1 қыркүйек - Білім күніне арналған салтанатты жиынның әзірлемесі

Дайындаған: №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің
тәрбие ісінің меңгерушісі Б.Д.Ахметова

2015-2016 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.