Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Менің отбасым және математика -

Менің отбасым және математика

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1431 | Размер: | Автор: гость
. Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" КММ
математика және информатика пәнінің мұғалімі Қожамқұлова Замира

Математикадан 5 сыныптар арасында өткізілген "Менің отбасым және математика" атты ойын сайыс.
Мақсаты: Ата - аналарды балаларымен бірге мектепішілік іс - шараларға қатыстыру, отбасы мүшелерін алдарына қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру. Ойынға қатысушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру. Математикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, викторина, ертегі есеп, өлең есеп, слайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Мұғалім:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 5 сыныптар арасында өтетін «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!
Команда құрамында: әкесі немесі анасы, баласы және көмекші тобы.
Команда жанкүйерлері: сынып оқушылары, ата - аналар, сынып жетекшілері.
Әділқазылар алқасы: мектеп әкімшілігі және мұғалімдер.
Құрметті ата - аналар, қымбатты оқушылар!
Бүгінгі кешіміз қызықты өтіп және тек қана оқушыларға емес, ата - аналарға да әсері мен пайдасы тиеді деген сенімдемін. Расында да математика - барлық ғылымдардың патшасы демекші, күнделікті өмірде математикасыз күніміз жоқ. Бұл туралы бүгінгі «Менің отбасым және математика» атты кешімізде әңгіме жүргізілуі себебі балалар математика туралы алғашқы мәліметтерді отбасынан алады. Неге? Өйткені, баласын дүкенге азық - түлік алуға анасы жұмсайды, әкесі баласын ұсталық жұмыстарды үстеуге үйретеді. Анасы қызымен бірге дастархан жаяды сол кезде қанша ыдыс қою керекті екені де математиканың бастамасы болып табылады.
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.
Сайыс сағатымызда өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар, бейнелі
сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс
айтылған жауаптарға, Әділ - қазылар алқасы бағалап отырады. Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Математиктер отбасы» номинациясына ие болады. Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады.
Бүгінгі сайыс сабағымыз мынандай бөлімдерден тұрады:
1. Таныстыру
2. Сөзжұмбақ шешу
3. Математикалық бейнелі сөз шешу
4. Ұшқыр ой ойыны.
5. Кім жылдам? ойыны.
6. Аудио ертегі сұрақ
7. Құстар тапсырмасы
8. Бейне сұрақ
9. Топ басшылар жарысы
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді
жұмып, мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік.(Әуен ойнайды)
«Жасыл дала, құлпырған қып - қызыл гүлдер, сарқырап аққан
мөп - мөлдір су, жайқалған ағаш, ашық аспан, жарқырап күлімдеген
күн сәулесі.»
Осы сезімге беріле отырып, көзімізді жаймен ашайық та осындай күймен есептерді, тапсырмаларды тез ұжыммен топтасып шешейік.

1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ата - аналар мен оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар
Естігенін есте тұтып
Оқығанын миға тоқушылар.

2 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар
Сіз оқытқан оқушылардың
Және олардың отбасының
Сәті келді сыналар.

1 - жүргізуші: Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып
2 - жүргізуші: Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар

1 - жүргізуші: Есепті түрлі - түрлі шығарамыз
Арасында ойын ойнап жарысамыз
Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепке де отырамыз.

2 - жүргізуші: Олай болса бұл не тұрыс
Кешімізді біз бастайық
Әділ бағаға қалтасы толы
Әділқазыларды шақырамыз.

1. «Математика» бірлестігінің жетекшісі: Алатаева Р.
2. Бастауыш сыныпта білім нәрін берген мұғалімі: Джанадилова М.
3. Мектептің ата- аналар комитетінің төрайымы: Адилова Жанриза татей.

2 - жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан табылады.
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

1 - жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.

дей отыра командаларды ортаға шақырамыз.
«Алғырлар» - отбасы
«Тапқырлар» - отбасы
«Білгірлер» - отбасы

1. Таныстыру бөлімі: Сәлемдесу / аты, ұраны, төс белгісі/ 10 ұпай
Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы таныстырып өтсін.
«Алғырлар» - отбасы Тамаша Бақтияр
Ұран: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі жарыста алғырлықпен аламыз
«Алғырлар» Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғыр» бала атанып
Бізде ғалым боламыз.
«Білгірлер» - отбасы Байгелдиева Рамида
Ұран: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске
«Білгірлер» Мақтанбаймыз «білгірміз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Білгір» бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.
«Тапқырлар» - отбасы Хороходжаев Темірлан
Ұран: «Нақты жауап, сапалы шешім таба біл!»

2. Мықты болсаң жеңіп көр!
Әр топқа 6 сұрақ қойылады, ойланбастан бірден жауап беру қажет.
Әр дұрыс жауап 5 ұпай.

Бүгінгі күн сайыста
Сен ешкімнен қалыспа
Біліміңді көрсетер
Сұрақтарға жауап бер!
«Алғырлар» - отбасы
1. 30 минутты сағатқа айналдыр./ 0,5сағат/
2.Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді, аңшы оның екеуін атып түсірді.Торғайдың қаншасы қалды? /екеуі қалды/
3. 1 мен 100 санынын ішінде 5 цифры қанша рет кездеседі?
4. Радиус дегеніміз не?
5.Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, 1,5 кірпіштің салмағын тап. /6кг/
6. Болат сенбі күні кешкі сағат 9-да ұйықтауға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 10-ға қойды. Болат сағат шырылдағанға дейін неше сағат ұйықтады. /1 сағат/
«Білгірлер» отбасы
1. Ұлу күн сайын қабырғамен 7 м жоғары өрмелеп шығады және түнде 4 м төмен түседі. Ол биіктігі 19 м үйдің төбесіне, жерден бастағанда, қанша күнде жетеді?
2.1-100 аралығындағы сандардың қосындысын бірден тапқан оқушы, кейіннен әлемге әйгілі математик /Карл Гаусс/
3. Түнгі сағат онда жаңбыр жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? / мүмкін емес/
4. Үстел үстінде үш түсті шарлар жатыр. Егер қызыл мен көк шарларды санасақ – 3 шар болады, егер қызыл мен жасыл шарларды санасақ – 4 шар болады, егер көк және жасыл шарларды санасақ – 5 шар болады. Үстел үстінде әр түсті шардан қанша жатыр? Жауабы.1 қызыл, 2 көк, 3 жасыл шарлар бар. Қызыл мен көк шарлар үшеу болса, онда 2 қызыл, 1 көк не 2 көк, 1 қызыл.Қызыл мен жасыл шарлар көк пен жасыл шарлардан кем(1), онда қызыл (1), жасыл (2). Бұдан кейін көк шарлар санын анықтаймыз.
5.Түйе құс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады? /1пұт/
6. Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
«Тапқырлар» - отбасы
1. 8-наурызда екі шешей мен 2 қызына, әжей мен немересіне орамал сыйға тартылды. Неше орамал, бұл қалай? /3 орамал. Әжей, шешей, қыз/
2. Үш түйе құс ұшып келе жатыр. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды? /түйе құс ұшпайды./
3. «Математика 5 сынып» оқулығының авторы кім?
4. Үш ат жегілген арба 30 км жүрді. Бір аттың жылдамдығы қандай?
5. Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді. Барлығы неше қаз?
6. 4 литрлік және 6 литрлік ыдыстармен 2 литр сүтті қалай бөліп алуға болады?

2. «Сөзжұмбақ» шешу

Бұл сайыста үш топқа да әлем халықтарының есептері оқылады. Кім жылдам, сол бірінші жауап береді. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.
Асып әсте саспайық,
Батыл қадам бастайық.
Еркіңді билер барынша,
Жарыста, сірә қалыспа.
1.Болгар халықтарының есебі:

Балықшы балық аулады. «Қанша балық ұстадың?»- деген сұраққа «Сегіздің жартысы, алтауы бассыз және тоғызы құйрықсы»,- деп жауап береді? Балықшы қанша балық аулаған?

Шешуі:Сегіздің жартысын алып тастасаң нөл, алтының басын алып тастасаң нөл, тоғыздың аяғын алып тастасаң нөл. Балықшы балық аулаған жоқ.

2.Греция халықтарының есебі:

Атақты Пифагордан « сенің әңгімеңді тыңдауға мектебіңе қанша адам келеді?» – деп сұрағанда Пифагор былай деп жауап береді. «Менің жарты оқушыларым математиканы, ¼ бөлігі музыканы,1/7 бөлігі уақытын үнсіз ойлануға жібереді, қалған бөлігі 3 оқушы»-деп жауап берген. Неше оқушы?

Шешуі: х/2+х/4+х/7 х
14х+7х+4х+84 28х
3х84
Х 28

Жауабы: 28 оқушы

3.Египет есебі

Әрбір 7 адамның әрқайсысында 7 мысық, әр мысық 7 тышқаннан, ал әр тышқан 7 бидай собығын жояды. Бір бидай собығында 7 уыс дән бар. Тышқандардан қанша уыс бидай дәнін сақтап қалады?

Шешуі:7*7*7*7*7-16807

3. «Математикалық бейнелі сөз» шешу, яғни ребус шешу.
Уа, халайық, халайық.
Қане бері қараңдар
Сайысымызды жалғайық
Сөзжұмбақты қиналмай
Лезде шешіп тастайық.
1. теңдік кай жағдайда дурыс шағады

2. екі шырпыны жылғытып теңдікті дурыста
3. бір шырпыны жылғытып теңдікті дурыста

4. «Ұшқыр ой» ойыны.
Яғни қай топтың ойынын ұшқыр екенін анықтаймыз. Ол үшін алдарында тұрған экранда 1 - ден, 9 ға дейінгі сандар жазылған. Енді сол сандардың орнын ауыстырмай, мәні 99 шығатындай «+» амалын қойып шығындар. Орны ауыспаған қалыпта екі таңбалы сан қолдануға болады.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9=12+3+4+56+7+8+9=99
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9=1+23+45+6+7+8+9=99 немесе
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9=1+2+3+4+5+67+8+9=99
Қане жазып болсақ, топ басшыларын оқып шықсын.
Ендеше тақтаға қарайық. (Дұрыс нұсқасын көрсетемін немесе дұрыс орындаған топтың тапсырмасын үлгі ретінде көрсетемін)

5. Аудио сұрақ
1. 11 сынып оқушысы Дүйсен Арай ертегі есеп жасырады.
Ал қане тыңдайық:
«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын»,- деп ойлайды. Сөйтіп жалман-жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:
Сапырып - сапырып Арманға бер,
Құйып - құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер»,- деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік»,- деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде неше адам деп ойлады?
Жауабы: 10 адам
2. Үш топқа ортақ өлең есеп оқылады.
11 сынып оқушысы Дүйсен Арай математикалық өлең есеп жасырады.
- Кел балалар, ойнайық
Қандай есеп болса да.
Шешпей оны қоймайық.
Ал, тыңдаңдар, тыңдаңдар.
Асығыстық қылмаңдар.
Асықпайық дегенге.
Бөгеліп те тұрмаңдар.
Математикалық өлең есеп
Көлден ұшты 50 қаз
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)

Аулада 60 үйрек, 11 түйе, бес жылқы.
Қорада 20 үйрек, 2 сиыр, бір ешкі
10 қойы тағы бар.
Болды сонда нешеуі? (109)

Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Айтшы сонда нешеуі
Болады неше алма? (60 алма)

6. Ата- аналар тапсырмасы:
1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?(2 бұзау, 1 Тауық)
2. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? (Балықтар ұшпайды)
3. Қайыңда 6 алма өсіп тұр еді, 2 - уі түсіп қалды. Ағашта неше алма қалды.

7. Енді ең соңғы балалар жарысы:
«Алғырлар» отбасы
1. 4 жұмыртқа 10 минут піссе 10 жұмыртқа неше минут піседі?
2. 1 сағатта неше минут бар?(60)
3. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата.(70)
4. Таяқтың екі басы бар. Егер оның бір жағын кессе, таяқтың неше басы қалады? (2)
5. Мектептегі 45 минут? (Сабақ)
6. Әкесі 30 жаста, баласы 5 жаста. Неше жылдан кейін әкесі баласынан 27 жас үлкен болады. ( ешқашан)
7. Бір отбасында екі әкесі және екі ұлы бар. Отбасында неше адам бар? (3) ата, әке, немере
«Білгірлер» отбасы
1. Әйел адам сыныптағы балалардың біреуіне: «Мен сенің анаңмын, бірақ сен маған ұлым емессің»- дейді. Ол не дегені? (қызымсың дегені)
2. 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу? (30)
3. Ойыншылар шахматты 4 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады?
4. Ұлы, әкесі, атасы дойбы ойнады. Барлығы 3 партия ойналды.. Әрқайсысы неше партиядан ойнады? (2
5. 1 ғасырда неше жыл бар?(100)
6. Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты? (13)
7. Периметрді қалай табамыз?( Барлық қабырғаларын қосамыз)
«Тапқырлар» - отбасы
1. Мектептегі 5 минут?(Үзіліс)
2. 5 жыл бұрын ағасы мен қарындасы бірге 8 жаста болды. Тағы 5 жылдан кейін олар қанша жаста болады? (18)
3. Бір азаматтың әкесі Қанат Әділ , ал баласы Сұлтан. Ол азаматтың аты - жөні кім?
4. 20 метр матаны 10 бөлікке 2 м - ден бөлу үшін, неше рет кесу керек? (9)
5. 5 машина мен 4 шайтанарбаның дөңгелектері нешеу? (28)
6. Кез келген санды бірге көбейткенде...(Сол санның өзі шығады)
7. Ағасы 12 жасқа толғанда қарындасы неше жаста болады, егер ағасы қазір 8 - де, ал қарындасы 3 жас кіші болса? ( 9)
1- жүргізуші:
Сонау - сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,
Тылсым - сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрің де
Математика -
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
ән: Даңғыл Айбек
"Менің отбасым және математика" атты ойын сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз береміз.
Жеңімпаз топты анықтап «Математиктер отбасы» номинациясын беріп, ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін « Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады.
Сау, болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.