Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Менің сүйікті  спортшым . -

Менің сүйікті спортшым .

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4569 | Размер: | Автор: гость
. Астана қаласы
№10 мектеп- гимназиясы
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Аймагамбетова Жазира Аманбаевна

Cабақтың тақырыбы : Менің сүйікті спортшым .
Сабақтың мақсаты :
Білімділік : оқушыларды әлемдік , Қазақстандық спортышылармен таныстыру ,тілдерін дамыту, өз ойларын , пікірлерін сауатты жеткізуге үйрету.
Дамытушылық:алған білім, білік, дағдыларын одан әрі дамыту .
Тәрбиелік : оқушыларды спортты сүйюге , спортпен шұғылдануға тәрбиелеу.
Сабақтың типі:Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі :Қайталау сабағы
Сабақтың көрнекілігі :альбом , суреттер, плакат, интерактивті тақта,слайдттар,маркер,доп, былғары қолғап ,т.б

Сабақ барысы :
I .Ұйымдастыру кезеңі:
-Аптаның бүгін қай күні ?
- Жылдың қай мезгілі ?
- Жылдың қай айы ?
-Қыс айларында табиғатта қандай өзгерістер болады?
Оқушыларды топқа бөлу. Топтар аты : «Қайрат», «Жеңіс », «Намыс»
II.Ұй тапсырмасын тексеру.
Сөздерді суреттерімен және мағыналарымен жұптастыр.
Футбол Мұзда сырғанау, қақпаға шайба салу
Баскетбол Мимен ойлану ,қарсыласына мат қою
Волейбол Суда жүзу, мәреге жүзіп жету
Хоккей Топ тебу , қақпаға гол соғу
Бокс Допты қолмен ойнау,торға доп салу
Шахмат Жүгіру , мәреге жүгіріп жету
Суда жүзу Былғары қолғаппен ұру,қарсыласын нокаут ету
Шаңғы спорты Допты қолмен секіріп ұру,допты тордан асыру
Марафон Шаңғы тебу мәреге сырғанап жету

IIIҚайталау сабақ
Сұрақ- жауап
- Әлемде жанкүйері ең көп спорт түрі қайсысы ?
- Барлық спорт түрлері ойналатын халықаралық жарыс қалай аталады?
- Мұзда сырғанап ойналатын спорт түрі қайсысы?
- Жарыстың басталатын жері қалай аталады?
- Қандай атақты спортшыларды білесіңдер ?
- Қазақстандық қандай атақты спортшыларды білесіңдер ?

1-Тапсырма . Берілген сөздерді пайдаланып сөйлем құраңыз.
Үлгі
А. Дәурен де , Асан да футболды жақсы көреді.
Б.Бірақ Дәурен Асаннан гөрі футболды жақсы ойнайды.
1.Дәурен-Асан –футбол
2.Болат-Ержан –шахмат
3.Сәкен –Ғалым –баскетбол
4.Жанна –Анар –волейбол
5.Жандос – Айдын-хоккей
6.Бағдат –Талғат – күрес

Жаңа сөздермен жұмыс
Төмендегі сөздерді атауымен жұптастырыңыз.
Танымалборец
Балуан всемирный
Күресу международный
Жеңу известный
Танысты бороться
Атақты знаменитый
Дүниежүзілік знакомиться
Халықаралық бороться
Мәтінмен жұмыс
Мәтінді мәнерлеп оқып , аудару,сұраулы сөйлем құрастыру.
Қажымұқан – қазақтың әлемге танымал балуаны.Ол жас кезінде «бала балуан» атанды. Жас Мұқан Омбыда өткен балуандар чемпионатына қатысты . Осында ол орыстың атақты балуаны Иван Злобинмен танысты.
1908 жылықалаларында өткен чемпионаттарға қатысты. Америка Құрама Штаттарын аралады . Кейін Варшавада өткен дүниежүзілік чемпионатта алтын медаль алды.
Түркияда күрескен балуандардың бәрін жеңді .1913 жылы Троицкіде халықаралық чемпионат өтті.Қажымұқан осында 18 балуанмен күресті де, олардың бәрін жеңді.

IV.Шығармашылық жұмыс .
Әр топқа қағаз , маркер ,суреттер , тірек карточкалар беріледі .Топ ішінен
3-4 оқушы өз жұмысын қорғап шығады. Топ өзара бір-бірлерін бағалайды.
Үлгі :
1.Илья Ильин
2.Бақыт Сарсекееев
3.Ольга Шишигина
V. Сабақты бағалау , үйге тапсырма беру.
Үй тапсырмасы : шағын – эссе «Менің сүйікті спортшым»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.