Меню
Назад » » »
Мені қызықтырған Әлем
загрузка...

загрузка...
Орындаған: Амангелді Жадыра. Дина Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектептің 8 «Г» сынып оқушысы.
Ғылыми жетекшісі: Канибекова Жулдыз Канибековна, физика-информатика пәні мұғалімі, магистр
Шымкент қаласы

Тақырыбы: «Мені қызықтырған Әлем» (ғылыми жоба)

Әлем, - басқаша ғалам. Ғалам – алуан түрлі формада болатын әрі ұдайы өзгеріп отыратын, кеңістік пен уақыт бойынша шеті де, шегі де жоқ бүкіл дүние.
Ғаламды (араб сөзінен) зерттеумен тікелей шұғылданатын ғылым – астрономия. Ал барлық ғылыми білімге негізделген ғалам жөніндегі пайымдаулар космологияның мәселесі болып есептеледі. Ғаламның шексіздігі туралы алғашқы пікір біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырда өмір сүрген ежелгі дәуірдегі грек ғалымы Гераклиттің (біздің заманымыздан бұрынғы V ғасыр) еңбектерінде кездеседі. Гераклиттің көзқарасын Демокрит, Эпикур және Лукреций одан әрі дамытып, кейінгі дәуірлерде Жердің шар тәрізді екенін және аспан шырақтарының бір - бірінен алшақтылығын анықтауға байланысты зерттеулер (Пифагор, Аристотель, Эратосфен) жүргізілді. Бірақ шіркеу мен дін үстем болған дәуірде мұндай озық ойлар қолдау таппай, тек Қайта өркендеу дәуірінде Николай Коперниктің «Аспан сферасының айналысы туралы» атты кітабы космогонияда ғылыми зерттеуге жол ашты. Біз мекендеген Жер де, басқа планеталар, құйрықты жұлдыздар мен метеорлық денелер тәрізді, Күн жүйесінің құрамына енеді. Күн жүйесінің диаметрі он миллиард километрдей. Галактиканың диаметрі шамамен 30 мың пк - ке (шамамен 100 мың жарық жылы) жуық. Кейінірек ғалам кеңістігінде біздің Галактика тәріздес миллиондаған басқа да галактикалардың бар екендігі анықталды. Зерттелген галактикалар жиыны Метагалактика деп аталады.




XX ғасырдың 70 - жылдарында әр түрлі елдердегі астрономдардың ұжымдық еңбектерінің нәтижесінде Метагалактиканың мынадай маңызды қасиеттері анықталды:
• галактикалар Метагалактикада бірқалыпты таралмаған; олардың көпшілігі галактикалар шоғырлары мен топтарына жинақталған;
• галактикалар бір - бірінен, жуық шамамен, орналасу қашықтығына пропорционал болып қашықтайды (мысалы, бір-бірінен он млн. пк қашықтықтағы галактикалар 600 км/с жылдамдықпен қашықтайды);
• ғаламның біз орналасқан бөлігі миллиметрлік радиотолқындар диапазонындағы радио сәулемен бірқалыпты толтырылған. Бұл сәуле реликт сәуле деп аталады.
Реликт сәуле, өткен ерте дәуірдегі Метагалактиканың пайда болу бастамасына байланысты сәуле шығару процесінің қалдығы деп жорамалданады. Жұлдыздар мен жұлдызаралық зат иондалған газдан құралған. Бұл ғаламдағы заттың негізгі физикалық пішіні қатты зат та, сұйықтық та, бейтарап газ да емес, иондар мен электрондардан тұратын плазма деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Біздің Галактиканың өз осі төңірегіндегі бір айналымына кететін уақыт, шамамен, екі жүз миллион жылға жуық. Басқа галактикалардың да бір айналымына кететін уақыт осымен шамалас. Сонымен галактикалардың орташа жасы он миллиард жыл деп есептеледі. Алып галактикалар жүз миллиардтан астам жұлдыздан, ал Метагалактика жүз миллионнан кем емес жұлдыздан құралатындықтан ғаламдағы жұлдыздардың саны 1019-нен астам деп есептеледі. Сондықтан мұндай кейбір жұлдыздардың төңірегінде органикалық өмірдің, сондай - ақ Жерден тыс өркениеттің болу мүмкіндігі теріске шығарылмайды.
Әлем — уақыт пен кеңістік бойынша шексіз және өзінің даму процесінде материя қабылдаған нысандары бойынша ақыры жоқ сан алуан бүкіл бар материалдық дүние. Қазіргі түсінік бойынша, Әлемнің жасы 15 млрд жыл шамасында.
Мыңдаған жылдар, ғасырлар бойы адамзат Күнді, Айды, планеталарды және белгілі бір жұлдыздарды ғана бақылап келді. Көптеген аспан шырақтары, барлық қоршаған орта тәрізді, оларға өзгермейтін сияқты болып көрінді. Бірақ, сол ерте заманның өзінде дүниеде бәрі де дамиды деген философтар да болды. Бірінші ғарышнамалық болжамдарды ұсынған ғалымдар (XVIII ғасыр) ғарыштық материяның даму барысында қалайша Күн жүйесінің пайда бола алғанын түсіндіруге тырысты. XX ғасырда эволюция идеясы барлық әлемге таратылды.
Әлем — бұл нақты өмір суретін, уақыт пен кеңістік бойынша шексіз және өзінің дамуы барысында барлық мүмкін болатын пішін қабылдайтын материялық әлем.
Қазіргі құралдармен бақыланып отырған әлемнің бөлігі Метагалактика деп аталады. Бұл біздің Әлем. Оның өлшемі бақыланатын ең алыс денелерге дейінгі қашықтықпен шектеледі. Әлем көптеген метағаламнан тұруы мүмкін.
Метагалактиканы сипаттау үшін математик әрі астроном А. Фридманның (1888 — 1925) ұсынған моделі пайдаланылады:
 Метагалактика эволюциясы гравитациялық күштерімен анықталады;
 Метагалактика кеңістігі изотропты (белгіленіп алынған бағыты жоқ);
 Метагалактика кеңістігі біртекті.
Жалпы салыстырмалылық теориясының теңдеуінен Фридман
Метагалактиканың тұрақсыздығы туралы қорытындыға келді.
Фридман моделі бақылаулар нәтижелерімен сәйкес келіп, дәлелденіп отыр. Ғылымға белгілі Метагалактика тарихы Галактика да, жұлдыз да жоқ кезде, ол заттар аса тығыз, аса ыстық күйде болған уақытта шамамен 15млрд жыл бұрын басталған.
Эволюция идеясы барлық аспан денелері, олардың жүйелері мен Әлем жөніндегі қазіргі көзқараста негізгі орында тұр. Даму материяның жалпы қасиеті деген диалектикалық материализм көзқарасына Әлемнің эволюциясы куәгер болып отыр.
Адамзат өзінің қуатты ақыл-ойына сүйеніп Әлемді танып қана қоймай, оны игеріп те жатыр. Күн жүйесін зерттейтін ғарыш кемелері, ғылыми орбиталық кемелер осының дәлелі болып табылады.
Жер мен планеталардың атмосферасының оптикалық қасиеттерінен бастап жұлдыз бен жұлдызаралық заттардың физикалық қасиеттеріне дейін , өте алыстағы жұлдыздар жүйесінің динамикалық қасиеттері мен құрылысы жөніндегі теориядан ғарыштағы тәжірибеге дейін үлкен зерттеу жұмыстарын Қазақстан астрофизиктері де жүргізеді. Ғарыш жайлы неғұрлым көп білген сайын белгісіздің саны да арта береді. Ғарышты зерттейтін болашақ жастардың алдында жаңа сұрақтарға жауап беру мәселесі тұр: — біздің Әлем шексіз ұлғая бере ме? — біздің Әлемнен тыс жатқан Әлем бар ма? — Осындай сұрактарды Әлемде бізден басқа саналы тіршілік иесінің қоюы мүмкін бе?

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Физика және астрономия. - Алматы: Атамұра,2007.
2. Балалар Энциклопедиясы, II- том
3. Қазақ энциклопедиясы
4. Әбішев Х., Аспан сыры, А., 1966;
5. Исқақов М.Ө., Халық календары, А., 1980;
6. Климишин И. А., Элементарная астрономия, М., 1991.
7. Орысша-қазакша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. - 430 б. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Мені қызықтырған Әлем можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 258 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar