.
.
М. Әуезов атындағы №251 орта мектеп Менің жаңа форматтағы педагог ретінде қалыптасуыма рефлексияның ықпалы
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2494 | Размер: | Автор: гостьФизика пәнінің мұғалімі
Жақыпова Айнұр Әзімханқызы
2015 оқу жылы
М. Әуезов атындағы №251 орта
мектептің физика пәнінің мұғалімі
Жақыпова Айнұр Әзімханқызы
Менің жаңа форматтағы педагог ретінде қалыптасуыма рефлексияның ықпалы
«Ең оңайы - еліктеу, Ең ащысы - тәжірибе, Ең мәртебелісі – ойлау»
Конфуций
Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.
«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай «рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні қандай, пайдасы бар ма?» деген сұрақтар төңірегінде біршама тоқталып өтсем деймін.
Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау. Тек сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады.
«Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы».
Мен рефлекцияға - өзіндік сана, өзі-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі іске қосу, өзін-өзі бағалау сияқты теңеулер бере отырып, кәсіби мәнді сапалармен сипатталатын көрініс деп айтар едім.
Рефлексиялық қабілеті дамыған ұстаз өз оқушыларында осы сапаны дамытуды, дарытуды әсте есінен шығармайды. Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан, ол сабақтың да негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс.
Менің ойымша, айтар болсам, сабақ барысында мұғалім де
оқушылар да рефлексия жасауды үйренеді. Осы жерде
рефлексияның тиімділігін атап көрсетер болсақ, оқушы үшін
• Рефлексия – оқушыны өз –өзіне есеп беруге баулиды;
• Рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз;
• Рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады
• Рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға
болады
• Рефлексияның нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады
• Өз – өзіне баға бере алады
• Білім алуға деген қызығушылық жоғарылайды;
Мұғалім үшін:
• Ақпаратпен күнделікті жұмыс;
• Шығармашылыққа деген ынта-жігері ;
• Әрбір оқушының пікіріне құлақ түру;
• Пәндік білім сапасының артуы;
• Өзіндік сынның қалыптасуы;
• Сыни ойлауға жетелеу;
Алдағы жұмыстарда ондай кемшілікті жібермеуге тырысамыз. Осы рефлексия арқылы оқушының да қажеттілігін білеміз, оларды да жинақылыққа баулимыз. Оқушының да бірден-бір өзіндік пікірін білудің жолы – осы рефлексия.
Нәтижесінде оқушылар өз-өздерін реттейді. Жүйелі сөйлеуге, ойын ашық жеткізе білуге, талдау жасауға үйренеді. Сабақтың жақсы не жаман, мағыналы не мағынасыз, көңілді не көңілсіз өтуіне байланысты оқушылар эмоцияларын білдіріп отырды. Осыдан мұғалім өзіне қорытынды жасауына, өзіне баға беруіне болады.
Рефлексияны сабақ барысында әр түрлі жүзеге асыруға болады, айтар болсам, сабақтың соңында әр тақырыптың соңында, сабақ кезеңдерінің арасында, тарау соңында. Ол ақырындап оқушының ішкі рефлексиясына ұласуы керек.
Рефлексияның төмендегідей түрлері бар:
-оқу материалының мазмұнының рефлексиясы
-көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы
- іс-әрекет рефлексиясы
Рефлексияның бұл түрлерін жеке, топтық, жұптық түрде өткізуге болады.
Өз іс-әрекетімде оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді екенін аңғардым. Мұғалімнің басты міндеті – оқушының өткізген күні немесе істеген жұмысы жайлы айтқысы, ойымен бөліскісі келетіндей психологиялық ахуал жасау. Әсіресе баланың өзі жасаған әрекеттеріне байланысты басынан өткен сезімдерін қайта оралта алуы, ол жайлы қағазға түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді.
Осы деңгейлік бағдарламаны оқып келіп, оны білім беру барысында білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай рефлексияның да әр түрлі формаларын жиі қолдануды мақсат етіп, ол әр сабақ соныңда асығыс атқарыла салмай, балаға байыппен ойлануға, ішкі ойын еркін білдіруге мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыру шартты құбылыс екенін түсіндім.
Рефлексияны адамның рухани әлеуетін ашу мен анықтаудың инновациялық жолдарының бірі деп тани отырып, осы орайда Б. З. Вульфов пен В. И. Харькин «Рефлесияны ешкім және еш нәрсе алмастыра алмайды» деген пікірлерін айта кетуге болады.
Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі дегеніміз - міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну.
Сөзімді қорытындылай келе, рефлексияға үйретуде оқушыны екі саланы зерттеуге бағыттайды: біріншісі, оның пәндік білімдерімен байланысты саласы, ал екіншісі, психологиялық сала, яғни оқушының өзіне іс-әрекеттің субъектісі ретінде өзіне бағытталуы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.