Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мерекеңмен, анашым! -

Мерекеңмен, анашым!

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1500 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы, Атырау қаласы
№26 “Жұлдыз” балабақшасының
тәрбиешісі
Калиева Динара Мажитқызы
Тақырыбы: «Мерекеңмен, анашым!»
Мақсаты: Балаларға көктемнің алғашқы мерекесі 8-Наурыз халықаралық аналар мерекесі екенін ән,би арқылы сезіндіру,анаға деген сүйіспеншіліктерін ояту,тақпақтар айту арқылы сөйлеу,қабілеттерін дамыту.
Балалар залға көңілді әуенмен кіреді.
Жүргізуші:Кеш жарық қымбатты абзал аналар,тәрбиеші апайлар ару қыздар.Сіздерді көктем айының алғашқы мерекесі 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!Дендеріңізге саулық жанұяларыңызға амандық,жүздеріңізге нұр,құшақтарыңызға гүл тілейміз!
Бір ғана емес,қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі.
Армыссыздар,қасиеті аналар! дей отырып, №4 «Бауырсақ»тобының Мерекеңмен анашым атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Бақшамызға көп еңбектерін сіңірген,
Әр баланың жай күйіне үңілген.
Бойларында жайдары мінез жылу бар.
Қуанғаны жүздерінен білінген.
№26 «Жұлдыз» балабақшасының меңгерушісі құттықтау сөз кезегі беріледі.
Сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.
Хор: «Құттықтаймын мама,туған күніңмен!»
Жүргізуші:Әлпештеген баласын.
Ана-бақыт,ана-күн.
Әркім сүйер өзінің.
Мақтап етіп анасын.
Балалардың аналарына арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
1-бала Айбол.
Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап.
Мерекені тойлаймыз.
2-бала Балтөре.
Анашымды сағындым,
Оған ешкім жетпейді.
Анашымның жанынан.
Бөбегі алыс кетпейді.
3-бала Нұрбек
Әлпештеген, аялаған.
Ақ сут берген –апатайым.
Тақпақ айтып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
4-бала Айназ
Гүл-гүл жайнап бәріміз.
Кірді біздің сәніміз.
Аналарды тойымен.
Құттықтаймыз бәріміз.
Жүргізуші:
Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен.
Құрметті әже, аналар!
1-Бала Кәусар.Т
Жер бетінің ғұмыры.
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы.
Анамыздан тарайды.
2-бала Ахмедияр
Ана –біздің күніміз.
Ана –біздің гүліміз.
Бар баланы қуантып.
Ұзақ өмір сүріңіз.
3-бала. Нұрай.
Ана деген-ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсын.
Айбек
Бәрімізге анасың.
Біз үшін күн болып жанасың.
Құтты болсын мейрамың.
Құттықтаймын анашым!
Кәусар М.
Айналайын анашым.
Ақылы асқан данасың.
Балаң үшін не керек
Бәрін іздеп табасың.
Сұлтан
Әр сөзіңді жаттағым,
Жүрегімді сақтағам.
Тәлім берген анамды.
Үнемі айтып мақтанам.
Досмағамбет
Жылылықтан жаралған,
Құшағы оның таң ба екен.
Менің айдай анамның
Асқан сұлу бар ма екен?!
Жүргізуші
Аялаймыз ананы,
Құрметтейміз бағамыз.
Сіздер үшін аналар.
Шырқап әнге саламыз.
Али
Ананың біз гүліміз.
Ана біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып.
Ұзақ өмір сүріңіз.
Қандай бала болмайық.
Анамызға балдаймыз.
Көтерейікші көңілін.
Ән салайық бәріміз
Ән: « Көктем»
Музыка ырғағымен «Көктем ханшайымы» кіреді.
Көктем ханшайымы:Сәлеметсіңдер ме ,балалар, ана –аналар!Сендердің көктем мерекесін тойлап жатқандарыңды естіп сонау алыстан келе жатырмын.Барлығыңызды көктем мерекесімен құттықтаймын!
Жүргізуші:
Көгеріпті төбешік
Өңіріне шөп өсіп.
Бастап думан-сауықты.
Құстар әнге салыпты.
Алақай ау,ақ бұлақ.
Көктем келіп қалыпты.
Хош келдің көктем ханшайымы! Төрлетіңіз! Балаларымыздың көктемге арналған өлеңдерін қабыл алыңыз.
Би «Гүлдер»биі .
Жүргізуші:
Қысылып еш саспаңдар.
Қызықты ойын бастаңдар.
Аналардың тойында.
Бір көтеріп тастаңдар.
Ойын «Гүл жинау»
Ән: «Сегізінші Март»
Алмас.
Көктем келді бүгін,
Күн де төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар.
Ән салуға құштар.
Сымбат.
Көктем,көктем,көктемде,
Құстар ұшып жеткенде.
Қуанып біз қаламыз
Жүргізуші:
Тілеуімді тілеген,
Еркелігімді көтерген,
Мен ауырсам,жаны ауырған.
Көрмей қалса,сағынған,
Асыл менің әжетайым.Әжелерімізге арналған ән.
Хор:Әжетайым.
Би:Үнді биі.
Әжелерімізге арналған тақпақтары қабыл алыңыздар.
Нұр Али.
Әжем менің әліде,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріне.
Санжар А.
Әнмен қарсы аламыз.
Ақ әжемді әрқашан.
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны.
Өлең айтып беремін.
Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсаң кешірген.
Шөлдедің бе,дана әжем.
Еркеназым.
Шай қайнатып берейін.
Шекер салып жан әжем.
Өзім құйып берейін.
Балдай тәтті бол әжем
.Хор Мальчики.
Ән :«Мы запели песенку»
Би:Вальс.
Айдана
1.Песенку о маме
Мы споем сейчас.
Мама дорогая.
Крепко любит.
Анель С
Вот какие наши мамыми.
Мы всегда гордится.
Умными и милыми
Добрыми красивыми.
Дархан.
Мама,мама мамочка.
Я тебя люблю.
Я тебя весенню
Ресенку спою
Жүргізуші:
Шырқатып мерекеге ән бастайық.
Әдемі өлеңдерге тамсанайық.
Шақырамыз ортамызға бүлдіршін қыздарымызды.
Қол соғып қошеметпен қарсы алайық.
Ән «Ей қазағым»Балтөре Жасмина,Анель.

Жүргізуші:Құрметті қонақтар бүгінгі « Мерекеңмен анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сау болыңыздар
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.