Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мезгіл бағыныңқы сабақтас -

Мезгіл бағыныңқы сабақтас

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2612 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Түркістан қаласы, Ә.Науаи атындағы №13 мектеп-гимназия, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хильветова Гулбахар Абдукадировна

Сабақтың тақырыбы: Мезгіл бағыныңқы сабақтас
Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың мезгіл бағыныңқы сабақтастан алған білімдерін тереңдету;
ә) оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту, ізденімпаздық қабілеттерін арттыру;
б) оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, мейірімділікке, Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: АКТ, интербелсенді тақта,бағалау парақшалары
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, түгелдеу.
Оқу-құралдарын тексеру.
Топқа бөлу.
Назарларын сабаққа аудару.
І кезең. Қайталау - білім анасы
1.Үй тапсырмасын сұрау
2. «Білім шыңы» (сұрақ-жауап)

ІІ кезең. «Жаңа сабақты меңгерту» кезеңі
Электронды оқулықпен жұмыс
Дәмеш вокзал алдына жеткен ..., Қарқаралы, Баянауыл ұшақтары бірінің артынан бірі көтеріліп ұшып жатты. Бүгін түнде ас піскенге ..., Барлас «Қобыланды батыр» жырын жырлады. Хакімд қағаз тасушы етіп қойғаннан ..., ол қай жерінде қандай мекеме барын біле бастады. Жез қоңырау жақындаған ..., алдағы бекеттің әзір тұруын айқын айтқандай болады. Самат кеткеннен ..., ол Айдостың арбасына барып мінген еді. Отауға барған ..., қонақтар қасына қыз-келіншек пен жас жігіттер жиналды.

ІІІ кезең. «Кітап-досың, ақылшың»
Оқылым тапсырмасы
Жазылым тапсырмасы
І топ
Ардақ демалыстан келген соң, . . .
Әлкен шындықты айтқаннан кейін, . . .
Олар кетпес бұрын, . . .

ІІ топ
Мектепке тексеру келгенше, . . .
Бауыржан Астанаға барғанда, . . .
Мұғалім сыныпқа кірген соң, . . .

ІV кезең. «Даналар сөйлейді» кезеңі
9 Ромб (әр түрлі сұрақтар)

Кімде-кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты да жоқ
Абай
Ш.Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың ғалымдары одан ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді.
И.И. Веселовский
Мектеп – мемлекеттің тірегі,
Мұғалім – мектептің жүрегі.
М.Жұмабаев
Жаман дос – көлеңке: басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың.
Абай.
Шоқанды болашақ зерттеуші ғалым болуы ықтимал деп жүрген кезде, Шоқан небәрі он төрт-он бес жаста ғана болатын.
Г.Н. Потанин
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшы болмаса, ел жетім.
Төле би.
Шүкір, ел есін жиды: тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екенін кештеу де болса түсіндік.
Н. Назарбаев
Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
Халық даналығы
Өкінішім – үш жүздің басын қоса алмадым. Өзге жаудан қазақтың жерін қорғаймын деп жүргенімде, дүние құрғыр өтіп кетіпті ғой.
Абылай хан

V кезең. Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады

VІ кезең. «Орныңды тап»
Адасқан сөздерді тауып, сөйлем құраңдар.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
Елден жиырма шақты шыққалы, күн болып қалды.
Біз Екібастұз елімен танысып күн райы үлгермей, бұзыла бастады.
Шай қонақтарды Мырзаш жиналысын, шақырып кетті.
Екі-үш күн біз Бәтестің ауылынан қонақтағаннан кейін, аттанып кеттік.
Жылқы су ішіп құдық қасындағылар болған соң, желі басына келді.
Шахта жаңа ұсыныс, өткен сайын, жаңа пікірлер де көбейе түсті.



VІІ кезең. Семантикалық карта.
Сабақтас құрмалас 1-сөйлем 2-сөйлем 3-сөйлем 4-сөйлем 5-сөйлем
Шартты бағыныңқы
Мезгіл бағыныңқы
Қарсылықты бағыныңқы

Үйге тапсырма: 191-жаттығу. Көп нүктенің орнына мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлемнің алдыңғы бағыныңқы сыңарын өз ойларыңнан жазыңдар.
... қонақтар тарай бастады.
... көз ұшымыздан көліктің қарасы көрінеді.
... бір топ адам сау ете қалды.
... бұл жерден оны қайтып көрген емес
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.