Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
MICROSOFT WORD-қа мәтін еңгізу  . Мәтіндік құжат құру. Емлесін тексеру. -

MICROSOFT WORD-қа мәтін еңгізу . Мәтіндік құжат құру. Емлесін тексеру.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1675 | Размер: | Автор: гость
. Сайрам ауданы.
Ш.Рашидов атындағы ЖОМ информатика пәнінің мұғалімі
Саипова Клара Неъматқызы
Пән аты: Информатика
Класы: 8«А»
Сабақтың тақырыбы: MICROSOFT WORD-қа мәтін еңгізу . Мәтіндік құжат құру. Емлесін тексеру.
9.2-тақырып. Мәтіндік құжатты пішімдеу. Пішімдеу мәні. Пішімдеу режимдері.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: WORD мәтіндік процессоры, негізгі түсініктер мен әрекеттер, MICROSOFT WORD-ты іске қосу,мәтіндік құжат құру,емлесін тексеру,мәтіндік құжатты пішімдеу,пішімдеудің мәні, пішімдеу режимдері туралы білімдерін қалыптастыпу;
2.Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
3.Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау,баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер,оқулық,практикум.
Сабақтың өту барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
: (Практикум жұмыстарын талқылау)
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Мәтінді компьютерде өңдеудің артықшылығы неде ?
2. Мәтін дегеніміз не ?
3. Мәтіндік құжат деген не ?
4. Мәтіннің қандай түрлерін білесіндер ?
5. Мәтіннің әр түрлі мысалдарын келтіріңдер?
6. Гипермәтін деген не?
7. Кәдімгі мәтін қандай объектілерден тұрады?
8. Абзац деген не?
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру .
9-бөлім. Мәтіндік процессоры. 9.1-тақырып. Негізгі түсініктер мен әрекеттер. Microsoft Word –ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру.

Microsoft Word-ты іске ұосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындау қажет.
Пуск – Программы – Microsoft Word
Жаңа құжат құру - Файл-Создать.
Бұрыннан бар құжатты ашу : Файл- Открыть;
Құжатты сақтау -Файл-Сохранить немесе Файл- Сохранить как командаларын орындау қажет.
Меңзердің сол жағындағы мәтінді өшіру үшін Backspace батырмасын қолданады. Delete батырмасын қолданғанда меңзердің оң жағында орналасқан мәтін өшіріледі. Мәтіндік редокторларда мәтіннің бүтін блоктарын да өшіруге болады. Ол үшін алдымен жоюға тиіс блокты белгілеу керек. Маусттың батырмасын блоктың басында шертіңдер де оны жібермей нұсқағышты блоктың аяғына жылжытыңдар. Немесе Shift батырмасын басулы қалпында ұстап меңзерді басқару батырмасында шертіңдер. Мвәтінді белгілегеннен кейін Delete пернесін басыңдар.
Word құжаты бетімен орын ауыстыруды басқару үшін арнайы пернелер комбинациялары қолданылады. Кестеде құжат бетімен орын ауыстыруды жылдамдату үшін қолданылатын пернелер комбинациясы көрсетілген.
Сонымен қатар құжат бойынша орын ауыстыру үшін сырғытпаны немесе айналдыру жолақтарын қолдануға болады.
Егер айналдыру жолағындағы сырғытпада шертіп оны босатпай жылжытса онда мәтін белгілі бір ара-қашықтықта дейін жылжиды.

Айналдыру жолағының қарайған жеріне шерту арқылы беттер бойынша парақтауға болады.
Word-та құжат көру режимінің бес түрінің бірінде құжатты өндеуге болады. Оларға кәдімгі, электрондық құжат, құрылым, шен салу парағы және бас құжат режимдері жатады. Режимдерді Вид менюі арқылы көруге болады.
Құжат көру режимдерін қосу үшін терезесінің сол жақ бұрышындағы пернелердің біріне шертуге болады. Сол жақ шеттегі перне-Кәдімгі режим, келесі-Электрондық құжат режимі, одан кейінгісі Шен салу парағы режимі шетінде орналасқаны құрылымдылық режимі. Бас құжат режимі Вид менюі арқылы қосылады.
Кәдімгі режим мәтінді енгізу және өңдеу үшін қолданылады. Бұл Word-тың алғашқы келісім бойынша орнатылған режимінде құжаттың жеңілдетілген версиясы ұсынылады. Дегенменен, бұл режимде құжаттың соңғы көрінісін көру, яғни парақтың жолақтары объектілердің бағаналары мен қадамдары көрінбейді, бет үзілімі сызықтар түрінде көрінеді, ал, графикалық объектілер тіптен көрінбейді. Егер сендер құжат көру режимінің басқа режимдеріне ауысатын болсаңдар , онда сендер әрқашанда сол жақ бұрыштағы Обычный пернесін шерту арқылы кәдімге режимге орала аласыңдар. Электаондық құжат режимі экраннан құжатты оқуға ыңғайлы болып табылады және құжат бойымен бәрәнші орыннан екінші орынға оңай ауысуға болады. Бұл режимге Электронный документ пернесін шерту немесе Вид Электронный документ командасы таңдау арқылы қосылуға болады.
Құжат құрылымын өзгерту үшін Құрылымдылық режимі қолданылады. Бұл режимде мәтін иерархиялық түрде бейнеледі, құжаттың тек қана негізгі тақырыптары және толық түрде қарастыруға болады. Сонымен қатар , құжат бөлімдерінің орналасу тәртібін өзгертуге және блоктарын айтарлықтай ара-қашықтыққа ауыстыруға болады. Бұл режимге қосылу үшін Вид Структура командасын орындаңдар.
IV. Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Мәтіндік құжатты пішімдеу деп нені түсінесіңдер?
2. Мәтінді белгілеу тәсілдерін атаңдар?
3. Мәтінді пішімдеу режимін атаңдар?
4. Абзацтық шегіністердің қандай түрлерін білесіңдер?
5. Жоларалық интервал түрлерін атаңдар?
V. Үйге тапсырма беру. 9-бөлім. WORD мәтіндік процессоры. 9.1-тақырып. Негізгі түсініктер мен әрекеттер. MICROSOFTй WORD-ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру. Емлесін тексеру.
9.2-тақырып. Мәтіндік құжатты пішімдеу. Пішімдеу мәні. Пішімдеу режимдері. (Мазмұндау).
VI. Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.