Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Микропроцессор ЭЕМ-нің орталық құрылғысы -

Микропроцессор ЭЕМ-нің орталық құрылғысы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3238 | Размер: | Автор: Публикатор
. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
№ 46 орта жалпы білім беретін мектебінің
Информатика пәнінің мұғалімі
Бузаубакова Динара Кениспековна

МИКРОПРОЦЕССОР ЭЕМ-нің ОРТАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫСЫ

Бұл мақалада есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру мамандығындағы оқытушылардың әдіс тәсіл алмастыру мақсатында жазылды.

Білім беру саласында оқыту процесінің мәні өте зор, өйткені осы кездегі қоғамдық-өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылыми-практикалық деңгейіне байланысты.
Оқыту процесін ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы біржағынан оқыту объектісі, екінші жағынан оқыту субъектісі болады. Осыған орай, оқыту процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың шығармашылық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. Оқытудың субъектілері мен объектілері арасында әр түрлі байланыстар пайда болады. Мысалы, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық немесе бірлестік іс-әрекеті т.б. Мұндай байланыстар оқыту процесінің табысты болуына игі әсер етеді.
Оқыту процесінің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқытудың мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, осымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана танымды нәтиже береді.
Оқу процесінің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптар мен оларды орындауда оқушылардың мүмкіндігі арасындағы қайшылықты атайды. Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.Мысалы Микропроцессор техника негіздері пәнінен төмендегі көрсетілген сабақтың барысы көрсетілген. Мұндағы ойындар,әр түрлі әдіс тәсілдер студенттердің немесе оқушылардың сабаққа деген ынтасын аша түседі.

Сабақтың тақырыбы: Микропроцессор ЭЕМ-нің орталық құрылғысы
Сабақтың түрі: теориялық.
Уақыты: 45
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларға микропроцессорды компьютерде дұрыс пайдаланып жұмыс жасай білуге және микропроцессордың қызметін меңгерту.
Тәрбиелік мақсаты: Микропоцессорды аналық тақшаға дұрыс орналастыруға, және құрылғыларды дұрыс пайдалануға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Микропроцессор ЭЕМ-нің орталық құрылғысы туралы толық мәлімет беріп оқушылардың білімін дамыту.
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:
- Интерактивті оқыту технологиясы
- Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы.
Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:
- сабақта жалпы топпен жұмыс істеу.
- көрнекілік құралдарды қолдану арқылы түсіндіру.
- интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
- пысықтау.
- сараптау, саралау.
Пәнаралық байланыс: Есептеу техникасы және кешендері, Информатика .
Оқушы білуі тиіс:
• Микропроцессор туралы түсінік
• Микропроцессор даму тарихы
• Микропроцессор құрылымы
• Микропроцессордың іс әрекеті
• Микропроцессор түрлері
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекті құралдар: Слайдтар, эмблема.
Техникалық оқу құралдары: интерактивті тақта, компьютер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (4 минут):
Оқушылармен сәлемдесу, оқушының сыртқы келбетіне, формасына қарау, оқушыларды түгендеу, журнал толтыру, оқу құралдарын реттеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

1.1 Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (1 мин):
Өтілетін сабақтың жоспарымен таныстырып өту, мақсатқа жету жолдарын айтып өту.
ІІ. Үйге берілген тапсырмаларды тексеру оқушылардың білімдерін бақылау, бағалау. (10 мин):
Үйге берілген тапсырманы орындалуын тексеріп, оқушы білімін бақылау, толықтырулар енгізу.
Тақырыбы:КЭШ жады,Қатты жады
2.1 «Барлығын білгім келеді» ойыны
Микропрцессор тобының сұрақ-жауаптары:
1.Ішкі есте сақтау құрылғыларын атаңыз?
 Жедел есте сақтау құрылғысы
 КЭШ жады
 Тұрақты есте сақтау құрылғысы
 Регистр
2. Сыртқы есте сақтау құрылғыларын атаңыз?
 Қатты жады
 Флешка
 Дискілер
3. Қатты жадының көлемін атаңыз?(512ГБайт-1Тбайт)
4. Қатты жадының айналу жылдамдығын атаңыз?( 10000-15000 об/мин)
5. Қатты жадының құрылымы?(Жолдар,Сектор,Кластер)
Қатты жады тобының сұрақ-жауаптары:
1.Қатты жады қай жылы пайда болды?(1973ж)
2.Қатты жадының дискілер саны неше?(Қатты жадының көлеміне байланысты)
3.Қатты жадының интерфейстерін атаңыз? (ATA,SATA,IDE)
4.Қатты жадыда ақпаратты дискілерге оқып, жазатын құралды атаңыз? (Оқу/жазу бастиектері(головка))
5.Қатты жадының қызметі.( Ұзақ уақыт есте сақтау құрылғысы)
2.2 «Анаграмма» ойыны.
Бұл ойында 2 топқа тірек сөздердің әріптерін араластырып беріледі. Топ болып
1-минут ішінде толық орындау керек.


Микропроцессор тобының тірек сөздері:
1. ЛСАКЕРТ(КЛАСТЕР)
2. ТСЕЕҚСТААУ(ЕСТЕ САҚТАУ)
3. ТИАГЙАГБ(ГИГАБАЙТ)
4. ЛДФЙАҚЫҮЕЙЖ(ФАЙЛДЫҚ ЖҮЙЕ)
5. ДЕЛШНИПЬ(ШПИНДЕЛЬ)



Винчестер тобының тірек сөздері:
1. ТРКЕОС(СЕКТОР)
2. ФЕРИТНЙЕС(ИНТЕРФЕЙС)
3. ТЕКСАБИ(БАСТИЕК)
4. СКДИ(ДИСК)
5. ЕДАЖЛЕДЖ(ЖЕДЕЛ ЖАД)
ІІІ. Жаңа сабақ. (20 мин)
Тақырыбы:Микропроцессор ЭЕМ-нің орталық құрылғысы
Жоспар:
1.Микропроцессор туралы түсінік
2.Микропроцессор даму тарихы
3.Микропроцессор құрылымы
4.Микропроцессордың іс әрекеті
5.Микропроцессор түрлері
1. Микропроцессор туралы түсінік
Микропроцессор немесе орталық процессор (Central Processing Unit) дербес компьютердің ең негізгі бөлігі. Оны дербес компьютердің «миы» деп те атайды. Микропроцессор – көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпаратты өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема.
2.Микропроцессор даму тарихы
Электрондық есептеуіш техниканың тарихында ЭЕМ-ды кезеңдерге бөлудің өзіндік ерекшелігі бар. ЭЕМ-нің даму кезеңдері жасау кезінде пайдаланылған физикалық элемент бойынша анықталатын физика-технологиялық қағидаға негізделді. Дегенмен, кезеңдердің дәл уақытын көрсету өте қиын, өйткені машинаны жобалау, құрастыру жұмыстары тарихта анықталған уақыттан әлдеқайда бұрын басталады. Сол себепті тарихи кезеңдер машиналардың өндіріске енуімен байланысты деп түсінеміз.
1.1-кесте. Электрондық есептеуіш техникасының элементтік базасының даму кезеңдері
Кезең Элементтік база Жылдамдық Қолдану
I(1946 - 1959) Электрондық шамдар секундына 10 - 20 мың операция Математикалық есептеулер
II(1960 - 1969) Жартылай өткізгіш секундына 100 - 500 мың операция Инженерлік, ғылыми, экономикалық есептер
III(1970 - 1979) Интегралдық микросхема секундына шамамен 1млн. операция АБЖ, АЖЖ, ғылыми-техникалық есептер
IV(1980 – ж.ғ.) Үлкен интегралдық схема, микропроцессор секундына шамамен он және жүз млн. операция Басқару, коммуникация,
АЖО, мәтін мен графиканы өңдеу
3.Микропроцессор құрылымы:
1.Басқару құрылғысы - барлық машина құрылғыларына қажетті уақытта басқару сигналдарын жеткізіп басқарып отырады.
2. Арифметика-логикалық құрылғысы - сандық және
символдық ақпараттардың барлық арифметикалық
және логикалық операцияларын орындап отырады.
3. Микропроцессорлық жад(регистр) – қысқа уақытты
ақпараттарға арналған.
4. КЭШ жады– микропроцессор мен жедел жад арасындағы жұмыс істеу жылдамдығын арттыратын есте сақтау құрылғысы
4.Микропроцессордың іс әрекеті
Процессордың сипаттамасын тактілік жиілігі мен разрядтығы айқындайды.
Жұмыс барысында процессор нақты бөлінген уақыт бірлігінде, яғни бір уақыт аралығында – тактте (оқу, жазу, екі санды қосу сияқты) белгілі операцияларды орындайды. Бір тактіге неғұрлым аз уақыт кетсе немесе процессордың тактілік жиілігі жоғары болса, ақпартты өңдеу соғұрлым жылдам болатыны анық.
Процессордың тактілік жиілігі мегагерцпен өлшенеді. 1МГц тактілік жиілік процессордың секундына бір миллион қарапайым операция орындауына парапар. Pentium процессорларының тактілік жиілігі қазір 600 МГц деңгейіне жетеді.


IV. Сабақты бекіту. (10 мин)
4.1 «Ойлан,тап!» ойыны
Әр топтардың оқушыларына жеке жеке сұрақтар қойылады. Егер сұраққа
дұрыс жауап берсе фигура жасыл түске боялады, егер жауап дұрыс болмаса қызыл түске боялады.
Микропроцессор тобының сұрақтары:


2.Микропроцессордың жұмыс жасау жылдамдығын қалай көрсетеміз?( Тактілік
жиілігі )
3.Компьютер физикалық тұрғыда ақпаратты ............. арқылы түсінеді.(Сигнал)
4.1 МГЦ — бір ……………. тең.(миллион)
5.Ең алғашқы микропроцессор қай жылы пайда болды?(1971ж)
6.Микропроцессор мен қандай құрылғы тікелей байланысады?(Жедел жад)
7.Микропроцессор үстіне орналастыратын құрылғыны көрсетіңіз?(радиатр)
Винчестер сұрақтарының сұрақтары


2.Микропроцессордың орналасатын ұяшығын көрсетіңіз?(сокет)
3. 1 ГГЦ — бір …………….. тең?(миллиард)
4.Регистрдің әр бір ұяшығын .......... деп атаймыз?(разряд)
5.Басқару құрылғысының атқаратын қызметі?(процессті өңдеу)
6.Арифметикалық логикалық құрылғының қызметі?(Сандарды есептеу)
7.Микропроцессор ішікі құрылысы нешеге бөлінеді?(4)
4.3. «Микропроцессор» сөзжұмбағын шешу (10 мин)



1. Микропрцессор компьютердің ....... деп атайды
2. 1 Мегагерцте 1 .......... бит бар.
3. Микропрцессордың қызып ктпеуіне көмектесетін құрал
4. Компьютердің ең көлемі кіші есте сақтау құрылғысы.
5. Микропрцессор жобасын ұсынған ғалым.
6. Компьютердің өңделетін мәліметті ........ деп атаймыз.
7. ЭЕМ-нің екінші буыны.
8. Микропрцессор орналасатын ұяшық.
9. Микропрцессор жиілігін өлшейтін өлшем бірлі.к
10. Микропроцессор фирмаларының бірі.
11. Микропроцессордың жұмыс жылдамдығы ........ орындалады.
12. Жедел есте сақтау құрылғыларының орналасатын ұяшығы.
13. Микропроцессорлардың кейінгі кездегі атулары.
14. Микропроцессор жұмысын қызып кетпеуіне көмектесетін құрал.





VI. Оқушыларды бағалау. (4 мин)
Сабақты бағалау мен бақылау төменгі кесте бойынша жүргізіледі.

Микропроцессор
Оқушылардың аты жөні Үй тапсырмасы Сабақты бекіту Жалпы
Бар біл кел Анаграмма Ойлан тап Сөзжұмбақ











Жалпы ұпай саны: 0

Винчестер
Оқушылардың аты жөні Үй тапсырмасы Сабақты бекіту
Бар біл кел Анаграмма Ойлан тап Сөзжұмбақ Жалпы












Жалпы ұпай саны: 0

VII. Пайдаланылған әдебиеттер (1 мин)

1. «Информатикадан 30 cабақ» Е.Балапанов, Алматы 2007ж.
2. «Информатика» О.Камардинов, Алматы 2004ж.
3. «Информатика» Байжұманов, Алматы 2002ж.
4. Компьютер оқулығы. Г.Дондурмажы. Түркістан 1998 ж.
5. «Есептеуіш техника және программалау» О.Камардинов, Алматы 1997 ж.
6. Интернет материалдары
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.