Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өмір,қымбатсың маған! -

Өмір,қымбатсың маған!

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1211 | Размер: | Автор: гость
. Астана қаласы
Ж.Жабаев атындағы
№4 мектеп-гимназиясының
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Токтагазина Камалхан Балкыбековна

Тақырып: Өмір,қымбатсың маған!

Құндылық: Дұрыс іс-әрекет
Қасиеттер: риясыздық, жауапкершілік және сенім.

Мұғалім: Токтагазина Камалхан Балкыбековна

• Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дұрыс іс-әрекет құндылығы арқылы өмірдің мәнін түсіндіру.
Міндеттері:
Білімділік: Риясыздықтың ерекшелігін ескере отырып, оқушыларды өмір сыйына тереңірек үңілдіру.

• Дамытушылық: өз өмірі үшін жауапкершілік дағдыларын дамыту;

• Тәрбиелік: өмірге сеніммен қарауға тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар. Мәліметтер)
бейнефильмдер
Оқулық, жұмыс дәптері, күнделік, қалам, бейджик

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.
Тыныштық сәті «Күннің нұры»
Ыңғайланып отырып, денелеріңізді тік ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіңіз, күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Үй тапсырмасын тексеру. Өмірдің мәні неде деп ойлайсың?

Дәйексөз Өзін үлкен адами тереңдікте сезіне алмаған адам өмірдің қызығын сезіне алмайды
Қ. Мырза Әлі
1.Адам өз бойынан қандай қасиеттер іздеуі керек?
2.Адамдар қандай қасиеттер арқылы дараланады?
3.Өмірдің қызығына нелерді жатқызуға болады?
4.Адам өз өмірінің қызықты өтуіне неліктен жауапкершілікте?
5.Адами тереңдік пен өмірдің қызығы арасында өз-ара қандай байланыс бар?

Әңгіме. Қызыққа толы қас қағым
Ганс Христиан Андерсеннің ізімен
Теңіз жағасындағы ну орманда әбден қартайған, үш жүз алпыс бес жыл өмір сүрген емен тұратын. Әрине аз жас емес, бірақ ағаш үшін әр жыл адамдардың бір күніне тең. Біз күндіз сергек болып, түнде ұйықтаймыз. Ағаштың жағдайы басқаша: жылдың үш мезгілінде сергек, ал бір мезгілінде ұйқыға кетеді. Қыс-оның ұйықтайтын уақыты, көктем, жаж, күұзақ күні.
Жаздың бір шуақты күні оның саясында шыбын-шіркейсайрандап ұшып жүрген. Бір кезде әбден шаттанған, масайраған біркүндік көбелек демалмақ болып. Еменннің жапырағына қонады:
-Байғұс-ай! Сенің бар өмірің бір ақ күндік! Сондай қысқа.... Қандай аянышты еді! –деп күрсінді.
Аянышты? Не айтып тұрсың? Айнала жап-жарық, жып-жылы керемет! Жаным қуанышқа толы сондай рақат!
- Бәрі де бір-ақ күнде жоқ болады ғой!
- Жоқ болады?! –деді таң қалған көбелек. Не жоқ болады? Сен де жоқ боласың ба?
- Мен әлі сенің мың күндік өміріңдей өмір сүремін, өмірімнің ұзақтығын сен санап тауыса алмассың!
- Жоқ, мен сені түсінбеймін! Сенің қаншалықты ұзақ өмірің болса, менің соншалықты шаттыққа ,бақытқа толы сәттерім бар. Сол сәттерімді ешнәрсеге айырбастамаймын. Әлемнің бар қызығын өзімізбен бірге алып кетпейміз ғой!?
- Әрине, әлемнің шексіздігін сөзбен жеткізу қиын.
- Ендеше екеуімізге өмір тең берілген, тек біз оны екі түрлі есептейміз-деп көбелек өзінің әсем қанаттарымен қалықтап күн шуағына, раушан гүлдері мен құлпынайдың хош иісіне масайрады.
Шаттыққа, тәтті сезімдерге толы қандай ұзақ күн еді!..
Кешқұрым күн орнына қонған кезде көбелектің жаны жай тапқандай бір рақат сезімге бөленді, қанаттары балбырап, бойын бір әлсіздік биледі. Ол баяу тербетілген ақ ұлпа гүлдің күлтесіне басын қойып, тәтті ұйқыға кетті. Бұл мәңгілік ұйқы еді.
-Неткен қызыққа толы қысқа өмір еді!-деп күрсінді емен.

Сұрақтар:
1.Көбелек үшін өмірдің мәні неде?
2. Өмірдің қызығы уақыт өлшем бірлігімен өлшене ме?
3.Еменнің көбелектің өміріне деген
аяушылық білдіруіне келісесің бе?
4.Көбелектің айналасына тигізетін қандай пайдаларын атауға болады?
5. Өмір сүру барысында кейіпкерлерден сенімнің нышандары қалай байқалды?



Шығармашылық жұмыс: «Өмір қандай тамаша» тақырыбында берілген суреттерге қарап сурет салу немесе әңгіме құрастыру.

Топпен ән айту: «Өміріңе немқұрайлы қарама»
Сөзі: С.Сейітман
Әні: С. Дәрібаевтікі
Үй тапсырмасы: Оқулықтағы 128-бет Мәтіндегі ойға өз көзқарастарыңды білдіріңдер


Соңғы тыныштық сәті
Баяу музыка ойналып тұрады.

Мұғалімнің сөзі:
- Балалар,денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздерінді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Сабақтан алған әсерді ой елегінен өткізіп, өзгелермен бөлісу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.