Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өмір-өзен... -

Өмір-өзен...

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1792 | Размер: | Автор: гость
. Атырау қаласы
Құспанова Гүлбаршын Тарихқызы
Жоғарғы сынып оқушыларының орта мектебі
Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Менің тәрбиеге көзқарасым
Өмір-өзен...
Арнасынан таса кейде бұлқына,кейде саябырлаған сабырлы қалпында «өмір» бізге сан тарау жолдарын көлденең тартары анық. Осы бір сан тарау жолдар «өмір есігін жаңа ашып, өмір баспалдағын» енді аттаған жас бүлдіршіндерге, шәкірттерімізге «терең шыңырау», «бұлыңғыр аспан» болары анық шындық. Бұл,әрине, сан тарау жол дегеніміз - «тәрбие жолдары».
Міне, осы мектеп қабырғасындағы сәттен бастап «терең шыңыраудан» шығарып, «бұлыңғыр аспан» аясынан айырып, әр тарау жолдың мәнді де сәнді болуына үлес қосатын бірден бір ұлы тұлға – ұстаздар қауымы.
Менің алдымда «мамырлаған қаз балапандары». Осыларды қанаттандыруым керек. Ол үшін талмай еңбек етіп, халқымның мол да асыл мұрасымен сусындап және өзгеге , яғни болашақ еліміздің азаматтарына ұғындыруым қажет.
Сынып жетекші – сынып оқушыларының «бағдаршамы».
Бағдаршам істен шықса –алуан түрлі жол апаттары болары анық, ендеше тәрбие беруде сынып жетекші олқылықтар жіберсе – өскелең жас жеткінешектердің де әр қилы қателіктерге ұрынуы мүмкін.
«Тәрбие – ұлағатты іс» деп ұлы ойшыл Әл-Фараби айтпақшы , тәрбие қызықты, қиын, өнегелі бала болашағына жол сілтейтін ғажайып жұмыс. Сондықтан тәрбие жұмыстарын ұйымдастырғанда , жүйелі түрде жоспар құрып алып, жұмыстанғанымыз абзал.
Мәселен:
1. Тәрбие жүйесін жүзеге асыру үшін құнды теориялық идея, тұжырымдама қажеттілігі- өмір талабы;
2. Тәрбие ісінде жаңа педтехнологияны , озық іс-тәжірибені тиімді пайдалану;
3. Тәрбие шараларын өткізу формалары, тәсілдері өміршең, өзекті болу;
4. Құқықтық тәрбиені халықтық тәрбиемен ұштастыру;
5. Қоғамдық ұйымдардың сынып жетекші мен оқушыларды мониторинг тәсілімен бақылау, гистограммалау нәтижесін дер кезінде хабарлап отыру.
«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында , өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелі қылуға міндетті» деген М.Жұмабаевтың құнды пікірін қазақтың әрбір зиялы азаматы мақұлдайды.
Қазіргі таңда іргесі берік, шаңырағы биік елге айналу үшін дінімііз бен тілімізді, салт-дәстүрімізді, ұлттық қадір-қасиетімізді толықтай дерлік қайтаруымыз керек. Балаларымызды халықтық педагогика негізінде тәрбиелеуіміз керек. Осындай сұраныс нәтижесінде тәрбие ісінің кешенді бағдарламасы дүниге келді. Осы бағдарлама негізінде бірнеше жылдай жұмыс жасап келе жатқан жаңа педтехнологиялық озық тәжірибелерді пайдалану, халықтық салт-дәстүрлерді , патриоттық ,құқықтық тәрбиені практикалық тәліммен , өзекті , құнды шаралармен ұштастыра білсе, нәтижелі жұмыстар көп болады демекшімін.
Ұстаз деген қасиетті мамандықты меңгерген іс- тәжірибемде алдыма қойған мақсатым-мейірімділік, қайырымдылық қасиеті қалыптасқан, туған жерге деген сүйіспеншілігі шексіз, әсемдікті сүйетін, ұлтжанды , білімді, ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеу.
Осы қағидаларды негізге ала отырып жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдермен тәрбие шараларын түрлі формалармен өткізуге тырысамын. «Сенің қосар үлесің»- сұхбат сабағы, «Тілің азат, сенің ғажап ғұмырың!» поэзия минуты, «Өмірде талай кәсіп бар...» мамандық иелерімен кездесу кеші, «Мен әлемнің бір бөлігімін» атты пікірталас, «Ананың махаббаты, ұстаздың шапағаты» сынды сахналық қойылым және тағы басқа тақырыптардағы шаралар шәкірт жүрегіне ой салып, бойларында адалдық, адамдық қасиеттер қалыптастыруға себептігін тигізді деп білемін.
Мұғалім тәрбие шараларын үнемі бір қалыпта емес, тренингтер, әңгімелесу, сауалнама, тест-сынақ, пікірталас сынды алуан тәсілдерді кеңінене қолданып өткізуі тиіс. Бұл жәйт оқушыларды салауатты өмір салтына бейімдеуге, дүниетанымын, көзқарасын кеңейтуге, рухани байлығын дамытуға, шығармашылық жұмысқа дағдыландыруға мол мүмкіндік береді.
Жасөспірімнің білімі қалыпты болса да, тәрбиесі жеткіліксіз болуының қоғамға тигізер кесірі мол.Сондықтан қазіргі таңда мектептің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі – білім берудіің гуманитарлық үлгісі негізінде тәрбие жұмысын жетілдіру.
«Білім туралы »заңда қоғамды ізгілендіру, яғни адамгершілік тәжірбие негіздерін оқушының дүниетанымындағы басты құндылықтыр ретінде қалыптастыру қажеттілігі айтылады. Сондықтан жаңа технология негізі саналатын ізгілендіру, мектептегі оқу –үрдісі де тәрбие жүйесін жетілдірудің басты ұстанымы.
Мен жасұрпақты тәрбиелеудегі көзқарасымды білдіре отырып, «Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлықққа байланысты » деп Әл-Фараби атамыз айтқандай болашақ ұл-қыздарымыз адамгершіліктен нәр алып, мейірім шуағынан сусындап, ата дәстүрінен қуаттанып, мінезге бай, тәлім-тәрбиелі , көрегенді болса ғана басқа қонған бақытты тұрақты етері анық деп білемін.
Қыздарымыз қылықты, ұлдарымыз ұлықты болып, халқымыздың ұлттық өнерін, салт-дәстүрін ұстанып, ата-ананы сыйлап, отбасындағы сыйласым, сәлемдесу, қонақ күту, туған жерді аялау, үлкен-кішіге қайырымдылық жасау, еңбекеқор болып, қазақ шежіресін танып-білсе, нұр үстіне нұр болып, өнерлі де өнегелі, тәрбиелі болары сөзсіз.
Жалпы алғанда тәрбиенің қай саласын да ұрпақ бойына сіңіріп, оларды иманды, адал, елжанды, яғни жан-жақты дамыған жас ұл мен қыз етіп тәрбиелеу – менің басты мақсатым.
Сөз басында «өмір-өзен...»
Оның сан тарау жолдары барын айтып өттім емес пе?!
Ендеше, сол тараулардан мен шәкірттерімді сүріндірмей алып шығар «сенімді» адамның бірі болу жолында аянбай еңбек етіп, қазақ тағылымдарын негізге ала отырып, мынадай қағидаларды баршамызға ортақ деп санаймын:
1. Көрегенді атану –қазақ тағылымының басты шарты, не нәрсе болса да, көзжеткізу, иландыру, әділдіктен, ақиқаттан айнымау;
2. Ар- ождан тазалығын сақтау,иманды, инабатты, қайырымды болу;
3. Аз сөйле, көп тыңда, ақыл-ойлы,парасатты болу;
4. Халық дәстүрлеріне берік болу;
5. Сегіз қырлы ,бір сырлы болу, рухыңа кір келтірмеу, достық пен татулықты сақтау, ел берекесін сақтап, оның көркеюіне үлес қосу.
Бұл ой, бұл қағидалар шәкірт тәрбиелеуде басты назарда ұсталса, біз қателеспейміз деп санаймын.
Ашық аспан аясында әр жасаған жұмысыма іштей есеп беріп отырмын.Бір сәт менің ішкі даусым тоқта, тыңда, көз сал дегендей болды.
Мен тоқтадым...
Мен көз салдым...
Ал, тыңдағанда ше?..
Тыңдап, тоқтап, көз салсам мен тәрбиелеген шәкірттер «біз білімдіміз, біз тәрбиеліміз,біз иманды, бақыттымыз» деп тұрғандай болды.
Иә, жас ұрпақ тәрбиелеуде өзім емес өзгелердің пікірі мен шәкірттерімнің адал жолды таңдағандарын қөріп «өмір-өзен» арнасында қателеспей келе жатқанымды ұққандаймын.Әрдайым солай бола бергей...
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.