Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өмірдегі ең басты мәселе не? -

Өмірдегі ең басты мәселе не?

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5007 | Размер: | Автор: гость
. Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
Тұғыл ауылы
Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Бейсенгалиева Айнур Болатгазиевна

«Өмірдегі ең басты мәселе не?»
Махаббат,сүйіспеншілік,уақыт.Махаббат,сүйіспеншілік деген сөздерге бәрі саяды:өмір деген сүйіспеншілік,ата-ана мен бала арасындағы махаббат,сүйген адамыңа деген махаббат,жақындарыңа деген махаббат,т.б.Ал бұлардың қайсысы болмасын біздің өімірімізде маңызды. ЕҢ маңызды нәрсе ол уақыт. Уақытты оқып,үйреніп,бостан босқа сайран салмай пайдалану керек. уақытты пайдалана білсек болашығымыздың жарқын болары анық.
Мен үшін өмірде ең маңызды нәрсе Қазақстан елі.Менің Қазақстан елі алдында өз борышымды өтеп Қазақстанның дамуына сәлде болса үлес қосқым келеді.Ал екінші ата-анам туған туысым алдында борышымды өтеу мен үшін маңызды
Өмірде барлық нәрсе өз алдына бір маңызға ие болады.Алғашқы деп білетін үш нәрсені атап айтайын..
1.Иман.Ол адам баласының өмірін жарытатын шам-шырақ.Ол болмаса, адам қараңғы әлемге кіріп,одан шыға алмайды.Ол бар жерде махаббат та,сүйіспеншілік те бар болады.Ең бастысы өмірде адаспайды..
2.Тәлім-тәрбие.Ана ақ сүтімен баласының бойына дарытатын тәрбиені бойыңа сіңірсең,адами құндылықттарыңды жоғалтпайсың..
3.Білім.Ол бүгінің,болашағың...Жанарыңның нұры..
Бұл үшеуімен маңызды дүниелер тоқтап қалған жоқ....Бұлар олардың бастауы...
Байлық деген - қолға ұстаған мұз. Бақыт деген - ұзатылған қыз. Дүниенің қызығы - сіз бен біз." (Қазақ мақалы). Яғни өмірдегі ең маңыздысы - өзара сыйластық.
Өтілу формасы: «Дөңгелек стол».
Тақырыбы бойынша оқушылар өз ойын еркін айта білу.
Сабақтың мақсаты:
Адам бойындағы моральдік, этикалық,
Оқушы өз бойындағы қасиеттерді танып білуге, жетілдіруге, өзін - өзі тануға ұмтылу.
Әдіс – тәсілдері: сауалнама жүргізу, ситуациялық жағдаяттар, өзін - өзі тексеру тесті, проблемалық сұрақтар.
Бес нәрсеге асық бол.
Бес нәрседен қашық бол.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста.
Ескірмейтін ескі сөз (Абайдың, т.б. ғұламалардың нақыл, қасиетті сөздері).
1-жүргізуші.
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Қастерлеп сөз асылын өлеңменен
Мұра ғып кейінге қалдырған кім?
2-жүргізуші.
Ерте оянып, ойланып, ер жеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, қүбақан құм, құла қырды,
Өлеңнің бесігінде тарбеткен кім?
Абай суреті ілінген. Абай оқушы (жасырынып тұрып) болашаққа өсиет айтып тұрғандай…
«Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!»
Өмір туралы қысқаша мәлімет, түсінік
Өмір қарапайым да, тегіс немесе жылтыр емес.
Өмір – бұл жалын, ендеше отта бір нәрсенің жануы тиіс.
Өмір – бұл жарық сәуле, ендеше біреуді соқыр қылар,
Өмір – бұл күрес, ендеше күресте біреу жеңуі тиіс.
Өмір. Бұл сөзде терең мән жатыр.
Өмір – бұл гүл бір маусымдық гүлдейтін
Өмір – бұл құс үш көктем ғана тіршілік ететін
Адам өмірі бұл ел тағдыры.

«Адам қандай болу керек?» деген тақырыпқа сауалнама жүргізу.
Өмір дегеніміз жақсы ма, жаман ба?
Өмірдегі менің мақсатым не?
Келешекте мен өз өмірімді қалай құруым керек?
Мен тамақ ішу өмір сүремін бе немесе өмір үшін тамақтанамын ба?
-Мен кіммін?
-Менің достарым көп болуы үшін не істеуім керек?
-Мен жақсы, әлде жаман адаммын ба?
-Мен қандай болуым керек?
«Өмірдегі ең басты мәселе не?».
Проблемалық сұрақтарға жауап беру.
-Әрқашан адал болу керек пе, әлде жағдайға сәйкес өтірікті пайдалануға бола ма?
-Бақытты болуды тек материалдық байлыққа жету деп түсінесіз бе, әлде өзіңіз ұнататын, бірақ, еңбекақысы онша жоғары емес қызметпен айналысуды немесе отбасындағы жақсы қарым – қатынасты сақтау деп «күнәсіз» ойлайсыз ба?
-Сіз, барлық адамдар тең құқықты деп санайсыз ба, әлде басқаларды нәсіліне, ұлтына, дініне, жынысына қарай қабылдайсыз ба?
-Болашақ мамандық таңдауда шешуші рөл атқарушы- дәрежесі жоғары институтта оқу ма, жоғары еңбекақы алу ма, шетелге жиі іс – сапарға шығу ма, әлде өз қабілетіңізді толық ашу ма?
Тақырыбы: «Өмірдегі ең басты нәрсе не?»
Мақсаты: Өмірге деген құштарлықтарын,қызығушылықтарын ояту,өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру,өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету.
Өтілу түрі: ойталқы, дөңгелек стол.
Көрнекіліктер: өмір туралы қанатты сөздер
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері: Оқушыларды жыл мезгілдері арқылы 3 топқа бөлу.
Кіріспе сөз: — Саламатсыз ба, балалар! Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз ӨМІР жайлы болмақ. Сол себепті бүгінгі сабағымды ҚР халық жазушысы, Қ.Мырзалиевтің өмір жайлы мына өлеңімен бастағым келіп отыр.
Адам жылап туады
Ағайынын қуантып.
Және жылап өледі
Өзгені де жылатып.
Жылайтыны туарда
Жамандар бар қинайтын,
Жылайтыны өлерде
Жақсылар бар қимайтын.
Ия, шындығында адам өмірге жылап келіп, жылап кетеді. Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Сол өмірді қалай етіп өткізем деу адамның өз қолында. Өмірде адаспаудың ең бірінші жолы ол – өзіңді-өзің тану, өзіңді-өзің сыйлау, өзіңді- өзің қадірлеу.
Өмір дегеніміз – адам баласының туған күнінен бастап, осы күнге дейінгі жүрген жолы.. Өмір былайша алып қарағанда төрт-ақ әріптен тұратын сөз. Алайда осынау сөзге қаншама ұғым сыйып жатыр десеңізші. Оның әрбір мезеті сынақтан тұрады. Қиындық пен қуаныш кезектесіп жетіп отырады. Бір ағамыз: “Өмір – сырын білгізбейтін тентек ат секілді, қай жағыңнан келіп тебетінін білмей де қаласың” деген екен. Иә, шынында да солай. Басқаша алып қарағанда өмір шеті де, шегі де көрінбейтін үлкен өзен тәрізді. Ал, біз сол өзенде ақырын жүзген қайықпыз.

Ой қозғау: Оқушыларға ауызша сұрақтар беріліп, сол жөнінде оқушылардың ойы тыңдалады.
• Өмір дегенді қалай түсінесіңдер?
• Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?
• Өмір адамға несімен қымбат?
• Топтық тапсырма:
Өмір туралы қысқаша мәлімет, түсінік
Өмір қарапайым да, тегіс немесе жылтыр емес.
Өмір – бұл жалын, ендеше отта бір нәрсенің жануы тиіс.
Өмір – бұл жарық сәуле, ендеше біреуді соқыр қылар,
Өмір – бұл күрес, ендеше күресте біреу жеңуі тиіс.
Өмір. Бұл сөзде терең мән жатыр.
Өмір – бұл гүл бір маусымдық гүлдейтін
Өмір – бұл құс үш көктем ғана тіршілік ететін
Адам өмірі бұл ел тағдыры.
І топ. (Өз ойларын ортаға салады)
Өмір деген тұрмайды: қап — қарадан.
Өмір деген тұрады:ақ — қарадан,
Ақ — Қара,екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан Адам
Ақын «АҚ»және «ҚАРА»деп нені меңзеп отыр?
Қай уақытта адам өмірі «аққа»толы болады?
Адам өз бақытын табу үшін не істеу керек?
ІІ топ. (әңгіме арқылы ой қорытады.)
ІІІ топ. «Өмір – бұл…» ойтолғау жазу.
Өмірдің кедір-бұдыр жерлері толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Оларды именбей, жасқанбай, өту-ол да бақыттың бір шыңы. Ештеңеге мойымай, өзіңе сенімді болсаң, қиындықты жеңсең – сол бақыт.
Жаратқанның адамға берген ең үлкен игілігі-өмір болса, сол өмірге өкпелеуге еш хақымыз жоқ.
Өмір жолы көшкен керуен соқпағы тәрізді. Оның бұлтарысы да, жазығы да көп. Асуы қиын асқарымен қатар, төмен қарай құлдырап өтер ылдиы да болады. Керуен жолы кейде ұзақ, кейде қысқа келеді. Бірақ қауіп-қатерсіз, қиындықсыз болмайды. Ойламаған жерден жел тұрып, сұрапыл дауыл соғады, қалың жауын нөсерлей құйып, кенет сарылдай аққан, өткел бермес, долы өзенге айналады, көшті бөгейді. Бұндай бөгеттен тек шаршамайтын, талмайтын керуен ғана өте алады. Тоқтамай көшіп өзінің деген жеріне жете
1. Бес нәрсеге асық бол.
2. Бес нәрседен қашық бол.
3. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста.
«Адам қандай болу керек?» деген тақырыпқа сауалнама жүргізу.
Өмір дегеніміз жақсы ма, жаман ба?
Өмірдегі менің мақсатым не?
Келешекте мен өз өмірімді қалай құруым керек?
Мен тамақ ішу өмір сүремін бе немесе өмір үшін тамақтанамын ба?
-Мен кіммін?
-Менің достарым көп болуы үшін не істеуім керек?
-Мен жақсы, әлде жаман адаммын ба?
-Мен қандай болуым керек?
«Өмірдегі ең басты мәселе не?».
Махаббат,сүйіспеншілік,уақыт.Махаббат,сүйіспеншілік деген сөздерге бәрі саяды:өмір деген сүйіспеншілік,ата-ана мен бала арасындағы махаббат,жақындарыңа деген махаббат,т.б.Ал бұлардың қайсысы болмасын біздің өімірімізде маңызды. ЕҢ маңызды нәрсе ол уақыт. Уақытты оқып,үйреніп,бостан босқа сайран салмай пайдалану керек. уақытты пайдалана білсек болашығымыздың жарқын болары анық.
Мен үшін өмірде ең маңызды нәрсе Қзақстан елі.Менің Қазақстан елі алдында өз борышымды өтеп Қазақстанның дамуына сәлде болса үлес қосқым келеді.Ал екінші ата-анам туған туысым алдында борышымды өтеу мен үшін маңызды
Өмірде барлық нәрсе өз алдына бір маңызға ие болады.Алғашқы деп білетін үш нәрсені атап айтайын..
1.Иман.Ол адам баласының өмірін жарытатын шам-шырақ.Ол болмаса, адам қараңғы әлемге кіріп,одан шыға алмайды.Ол бар жерде махаббат та,сүйіспеншілік те бар болады.Ең бастысы өмірде адаспайды..
2.Тәлім-тәрбие.Ана ақ сүтімен баласының бойына дарытатын тәрбиені бойыңа сіңірсең,адами құндылықттарыңды жоғалтпайсың..
3.Білім.Ол бүгінің,болашағың...Жанарыңның нұры..
Бұл үшеуімен маңызды дүниелер тоқтап қалған жоқ....Бұлар олардың бастауы...
Байлық деген - қолға ұстаған мұз. Дүниенің қызығы - сіз бен біз." (Қазақ мақалы). Яғни өмірдегі ең маңыздысы - өзара сыйластық.

Қорытынды:
Сөз соңында «Адамды өмір үйретеді, үйретпесе күйретеді.» дегендей
«Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілісттер мен ауыртпалықтардан қорықпау» дегім келеді.

Біз бақыттымыз, себебі біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.