Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. №34 жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Тастанова Айжан Оралбекқызы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Модуль бойынша алған білімдерін сараптап, жаңадан меңгерген тірек сөздерді сөйлемдерде дұрыс пайдалана білулерін байқау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетіне сай тапсырмалар беріп орындату, байланыстырып сөйлеуін дамыту.
3. Тәрбиелілік: Ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, сөйлеу мәдениетін дамытуға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекіліктері: суреттер, сөзжұмбақ кестесі, карточкалар, магнитофон, плакаттар.
Әдіс-тәсілдер: топқа бөлу, ортақ мақсатқа бағыттау, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар орындау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу.
ә) Лексикалық минут.
- Қазір қандай жыл мезгілі?
- Күз айлары қандай?
- Қазір қандай ай?
- Күзде қандай мейрамдар болады?
- Бүгін ауа-райы қандай?
- Күзде қандай өзгерістер болады?
б) Фонетикалық минут: жаңылтпаштар айту, тіл туралы өлең, тақпақтар айту.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
а) Кіріспе-(суреттер, плакаттар).
б) Қызығушылықты ояту сатысы.
«Топтастыру» стратегиясы.
(Сұраққа жауап беру)
Балаға өмірде не қажет?
(Жеке, топпен, тірек-сызбаға түсіру)

Әке-шеше тамақ ат
Балаға қажет
Көмек денсаулық киім
в) «Ат» деген сөзге омоним табу және сөйлем құрастыру.

Ат

г) Мәтінмен жұмыс
1. Мәтінді тыңдау.
2. Мәтінге ат қою.
Бұрыны ақытта нәресте туғаннан кейін 40 күн өткеннен ел ішіндегі сыйлы адамға баланың атын қойғызған. Ат қою дәстүрінде бүкіл бір халықтың ұлттық ерекшеліктері, ой-арманы көрінген. Баланың аты келешекте бай, батыр, сұлу, атақты болса екен, тіл-көзге тимей, аман болсын деген тілекпен немесе белгілі уақыт, кезеңге байланыстырылып қойылған. Жалпы адам есімі тілге жеңіл, жүрекке жылы, мәнді-мағыналы болуы ескерілген.
Баланың атын қоятын адам нәрестеге ұйғарылған есімді сенің атың «бәленше» деп, баланың құлағына 3 рет айқайлаған. Атты мешітке барып, молдаға да ат қойдырған. Осыдан қазақта «азан шақырып қойған» деген сөз тіркесі қалыптасқан. Баланың ата-анасы ат қойған адамға «ат қояр» деп аталған сый-сыяпат берген.

2. Сұрақ-жауап.
2.1. Балаға неше күннен кейін ат қойған?
2.2. Балаға ат қою дәстүрінің ерекшелігі неде?
2.3. Қазіргі кезде қандай есімдер жиі кездеседі?

3.Жаңа сөздермен жұмыс, сөйлемдер құрастыру.
Нәресте-ребенок;
Ат қою;
Бай-богатый;
Дәстүр-традиция;
Ұйғару-решить;
Батыр-герой;
Сұлу-красивый;
Есім-имя;
Сыйлы-почетный;
Сөздікті жылдам айту.
IV. Топ бойынша деңгейлік тапсырма.
І топ.
1-деңгей. Сызба арқылы әңгімелеңіз.

Ат
Шілдехана
Қырқынан шығару
Бесік той

ІІ топ.
2-деңгей. Синонимдік сыңарын табыңыз.
Сыйлау Талас
Сыр Қиын
Есім Құпия
Ауыр Құрмет
Айтыс Ат

3-деңгей. Сөзжұмбақты шешу.
1. Нәресте деген сөздің синонимі?
2. Мына мақалда қандай сөздер жетіспейді?
Балалы үй-...........,
Баласыз үй-мазар.
3. Сәби дүниеге келгенде қандай той өткізеді?
4. «Кісі» сөзінің синонимі?
5. «Отбасы» сөзінің синомі?
6. Нағашылар бесік әкелгенде қандай той жасайды?
7. Бала жүре бастағанда қандай той жасайды?
8. Мына мақалда жетіспейтін сөзді жаз.
Ананың ......-бал,
Баланың тілі бал.
9. Баланы қырқынан шығарғанда қанша қасық суға шомылдырады?
Тапсырма. Жұмбақ шешу.
Менімен үйге кіресің,
Сондықтан оны бағала.
«Б» әріпін қосқанда білесің,
Ол қажет-ақ бағала. (Бесік)
V. Үйге тапсырма. Өткенді қайталау.
VI. Оқушылардың білімін бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.