Меню
Назад » » »
Модульдік оқыту тәсілі негізінде Adobe Photoshoр программасын оқып-үйренуді жоспарлау
загрузка...

загрузка...
Модульдік оқыту тәсілі негізінде Adobe Photoshoр программасын оқып-үйренуді жоспарлау
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ, «БОЛАШАҚ» КОЛЛЕДЖІ «ИНФОРМАТИКА» ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ
СЕРИКБАЕВА САНДУГАШ КУРМАНБЕКОВНА

Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техника да, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі, осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Мұндай бетбұрыстар адамның іс-әрекетін өзгертіп қана қоймай, оның жеке тұлға ретінде жаңаша қалыптасуын талап етеді. Осыған байланысты жоғары оқу орындары білім беруде адамның игерген білім, дағдысымен шектелмей, оның творчестволық белсенділігін, кәсіби біліктілігін, өз бетімен әрекет жасау мүмкіндігін, өз пәніне қызығушылығын, ғылыми көзқарасын, кәсіби мәдениетін, педогогтық шеберлігін, т.б. қалыптастыруы қажет болады. Білімгерлердің бойында мұндай қасиет пен қабілет қалыптасуы үшін оқу үрдісіне оқытудың жаңа нысандарын және жаңа технологияларын енгізу қажеттілігі туындап отыр. Ондай нысанның бірі - оқытуда модульдік идеяны пайдалану, соның негізінде модульдік оқыту тәсілін енгізу. Жалпы модульдік тәсілді оқулық материалдарды және процедураларды олардың атрибутивтік ерекшеліктерін ескере отырып, аяқты (аяқталынған) бірлік түріне келтіру деп түсінеді. Бұл тәсілдің негізгі идеясы мынада: оқушыға ұсынған жеке оқулық бағдарламамен өз бетінше (немесе өз бетінше дерлік) жұмыс істей алатындай жағдай жасау. Мұнда сабақтың мақсатты жоспары, ақпарат банкі және қойылған дидактикалық мақсатқа жетудің әдістемелік нұсқауы үйлестіре қамтылған болады. Модульдік оқыту тәсілін пайдалану барысында педагог (мұғалім) функциясы ақпараттық – бақылаушыдан консультант – координаторлыққа дейін өзгеретін болады. Әзіргі кезде модульдік оқыту негізінен арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарында ғана пайдаланылып жүр. Бүгінгі күні ЖОО-ларда оқытудың кредиттік технологиясы кеңінен ене бастауына сәйкес бұл технологияны орта мектепте де тездете енгізуіміз қажет болады деп есептейміз. Ақпараттық оқыту технологияларының оқу үрдісіне кеңінен ене бастауына сәйкес модульдік оқыту тәсілін жалпы және арнаулы орта оқу орындарында да пайдалана бастауымыз керек болады деп ойлаймыз. Модульдік оқыту тәсілін оқытуда және білім беруде пайдалану мынандай жағдайларды тиімді іске асыруға мүмкіндік беретіндігін атап өтейік:
- нақты оқулық және білімдік материалдарды қажетті және жеткілікті бөліктермен (порциялармен) әртүрлі деңгейде ұсынып отыруға;
- компьютерлік тестілеу көмегімен жүйелі түрде оқытуды бақылауды ұйымдастыруға, яғни, әр жеке және барлық модульдер бойынша, сәйкес, ағымды,аралық және қорытынды бақылауларды жүргізуге;
- әр модульдің педагогикалық мазмұнын толықтырып отыруға;
- модульдер арасындағы семантикалық байланысты және олардың басқа пәндермен қатынастарын, байланыстарын нақты анықтауға және ескеруге.
Модульдік оқыту тәсілінің негізгі мазмұндық құралы - оқытушы модуль.
Оқытушы модуль (ОМ) – оқулық материалдың (пәннің, тараудың) логикалық аяқты форма түрінде алынған мазмұнды бөлігі. Әр оқытушы модуль оқулық материалдың танымдық және кәсіптік аспектілерін қамтыған, оны оқып-үйрену білім, біліктілік және дағдылық (оқушының модульді меңгеруі) деңгейін бақылаудың сәйкес формасын көрсетумен аяқталады.
Әр модульдің оқулық материалдың танымдық және кәсіби көрсеткіштерін қамту деңгейіне байланысты модульдің танымдық (ақпараттық) және оқулық-кәсіби (қызметтік, практикалық) бөліктері туралы айтуымызға болады. Бірінші бөліктің міндеті – теориялық білімді қалыптастыру, ал екінші бөліктің функциясы – алған теориялық білім негізінде кәсіби біліктілікті және дағдылықты қалыптастыру.
Ақпараттық модульдер ретінде бүтіндей пәнді немесе пәннің кейбір тарауларын, арнаулы курстарды және факультативтерді алуға болады.Қосымша қызметтік модуль ретінде лабораториялық практикумдарды, лабораториялық жұмыстарды, арнаулы практикумдарды, технологиялық және педагогикалық практикаларды, курстық және дипломдық жұмыстарды қарастыруға болады.
Мысалы, оқытушы модульдің структуралық схемасын мына түрде көрсетуге болады:

№/№
1
2
3
4
5
6
7 Модуль аты
Теориялық сабақ
Практикалық сабақ
Лабораториялық практикум
Программалық қамтамасыздандыру
Оқушының өзіндік жұмысы
Жетістікті бақылау ...
...
...
...
...
...
...
Оқыту нәтижесі
1 Теориялық сабақ ...
2 Практикалық дағдыландыру ...
Бұл көрсетілгенді нақты пән бойынша модуль деп қарастыруға болады.
Көрсетілген модуль структурасы әр модульдің өз ішінде оның ішкі және сыртқы байланыстарын қарапайым және көрнекі формада көрсетуге және оның негізінде пәнді оқып-үйренуге ғылыми негізделінген ұсыныстар беруге мүмкіндік туғызады.
Модульмен оқыту – жеке бағдар, жеке нысана бойынша әр білімгердің жеке басының дамуына, кәсіби біліктілігін көтеруге, оқу үрдісін жекелендіруге, білім деңгейін саралап отыруға бағытталынған оқыту жүйесі. Модульдік оқыту 1960 жылдардың аяғына қарай шет елдерде (біррінші кезекте АҚШ-та) дәстүрлі оқудың бір варианты, бағыты ретінде пайда болды. Американ ғалымы J.N. Postlehwait оқу материалының мазмұнын аз порциямен (бірліктермен), дербес тақырыптармен беріп отыруды ұсынды. Модульді оқытудың практикалық тұрғыдан тиімді екендігін Н. Д. Никандоров, Л.А. Толкачева, Л.М. Твердин, Г. Овено, В. Оконь, т.б. ғалымдар арнайы зерттеулері мен ғылыми мақалаларында атап көрсетуде. Сонымен, модуль дегеніміз – ірі блок, бөлшек, дидактикалық бірлік, шама, мөлшер деген мағынада, яғни оқулық материалды бөлшекке, блокқа бөліп беру дегенді білдіреді. Модульдік жүйені оқу үрдісіне енгізудің негізгі мақсаты:
- оқытудың тиімді жолдарын қарастыру;
- оқушыға пән мазмұнын тереңірек меңгерту;
- білім алушының белсенділігін туғызу, пәнге қызықтыру;
- білім алушылардың кәсіби біліктілігін көтеру;
- білім алушылардың өз бетімен іздену қабілетін қалыптастыру және дамыту, т.б.
Модульдік бағдарлама және оның құрылымы мен мазмұны туралы бір-екі ауыз сөз. Модульдік оқытудың негізгі құралы – модульдік бағдарлама. Ол бірнеше модульден құралады. Дұрыс құрылған бағдарлама модульдік оқытудың нәтижелі болуының негізгі шарты. Сондықтан модульдік оқытудың негізгі, алғашқы кезеңі модульдік бағдарламаны дайындаудан басталады.
Модульдік оқыту тәсілі мына принциптерге негізделген: жүйелік, құрылымдалынулық, модульдік, динамикалық және кері байланыс болу мүмкіндігі, белсенділік және көрнекілік. Модульдік оқыту жүйесі осы процестің басты негізі ретінде, оқушы біліміне қойылатын талаптарға сәйкес жақсы нәтижелерге жетуге толық мүмкіндік жасай алады.
Модульдік оқыту тәсілін кәсіптік дайындық жүргізудің негізгі құралы деп анықтауымызға да болады. Өйткені, бұл тәсіл оқушыларға мына жағдайларды жасайды:
• оқушы модульдер түрінде оған ұсынылған (берілген) бағдарламалармен өз бетінше жеке жұмыс істей алады;
• модульдердің мазмұндарын және оларды оқып-үйрену процесін оқушылардың жеке мүмкіндіктеріне, қажеттіліктеріне және талаптарына сәйкестендіруге болады;
• оқытудың мақсатына жету бағытында оқушының бастапқы, аралық және соңғы жетістіктеріне сәйкес кері бағыттағы байланыс режимінде оқыту процесі басқарылады;
• оқушылар мен оқытушы (мұғалім) арасындағы өзара байланыс паритеттік негізде жүргізіледі.
Педагогтік практикада бұл принциптерді іске асырудың әр түрлі әдістері болуы мүмкін. Мен осы жұмысымда информатика курсын оқытуда модульдік тәсілдің негізгі компонетасы оқулық элементті қолданудың (енгізудің) ерекшеліктеріне (концепциясына) тоқталмақшымын.
Модульдік жүйе бойынша жұмыс істеу сәйкес оқулық - әдістемелік құжаттарды, оның ішінде курс бағдарламасын терең және толығынан сараптап шығуды оқытушыдан талап етеді.
Оқу процесі күрделі жүйе ретінде мына бес құрама бөліктерді қамтиды: білім стандарты; оқу жоспары; пәннің (курстың) мазмұны және структурасы; оқыту ортасы (мектеп, оқу құралдары, педагогикалық оқытудың құралдары, оқыту технологиялары және техникалары және т.б.с.с.); білім беру және оқыту процесін бақылау.
Оқытудың нәтижесін дер кезінде біліп отыру, білім беру процесін бақылауға байланысты. Білім беруді бақылауды тестік тапсырмалардың көмегімен тиімді түрде ұйымдастыруға және жүргізуге болады. Сондықтан қазіргі кезде компьютерлік тестерді дайындауға және оларды оқу жүйесінде пайдалануға өте үлкен көңіл бөлінуде.
Оқу процесінің алғашқы құрамды үш бөлігі белгілі бір пән аумағында педагогикалық білім моделін (ПБМ) құрады. Білімді бақылау ПБМ мен жеке оқушы білімі моделін (ЖБМ) құра және оларды салыстыра отырып, ағымдық және қорытындылық білім деңгейін тексеру көмегімен ЖБМ-ң білімділігі мен біліктілігі ескеріліп, баға қою арқылы іске асырылады.
Педагогикалық білім моделі негізінен сызықты структуралы болғандықтан, олардың бір-бірімен өзара байланысын білім модульдері жинағы тізбегі ретінде (1-сурет) қарастыруға болады:

1- сурет.
Әр модуль басқа модульдердің мәліметтерін пайдаланады және өзінің жаңа түсініктері мен қасиеттерін дайындайды. Модуль - мәліметтер қоры, білім қоры және ақпараттық модель ретінде берілуі мүмкін.
Модульдердегі түсініктер өз қасиеттерімен және олардың ара қатынастары семантикалық граф түріндегі байланыста болады (2-сурет).


2-сурет.
Модульдік жүйе бойынша жұмыс істеу сәйкес оқулық - әдістемелік құжаттарды, оның ішінде курс бағдарламасын терең және толығынан сараптап шығаруды талап етеді.

Adobe Photoshop программасын оқып-үйренуге арналған модульдік бағдарлама
№ Модульдер
І- модуль. Adobe Photoshop бағдарламасымен танысу
1
2

3

4
5
6
7
8
9
10 Компьютерлік графика: векторлық және растрлық.
Векторлық және растрлық фарматтар. Графиктік мәліметтерді сығу тәсілдері. Түрлі форматтағы бейнелерді сақтау тәсілдері.
Adobe Photoshop программасының жұмыс экраны. Мәзір ерекшеліктері. Жұмыс өрісі. Құралдар тақтасы.
Мүмкіндіктерді демонстрациялау, Adobe Photoshop интерфейсінің элементтері.
Сурет салу құралының қолданылуы.
Мәтін эффектілері. Мәтінмен жұмыс. Эффектілер құру.
Текстуралар. Әртүрлі текстуралар құру: ағаш, кірпіш, гранит, мрамор және т.б.
Көлемді имитациялау.
Бейнелерді өңдеу негіздері.
Құралдар тақтасымен толық танысу. Дайын бейнені баспаға басу.
ІІ-модуль. Қабаттармен жұмыс істеу негіздері
11
12

13
14 Қабаттар. Қабат эффектілері. Қабатты трасформациялау.
Бейнелер комбинациясы. Фотомантаж. Фотосуреттерді біріктіру. Фотосуреттер коллажы.
Өз фотосуреті бойынша фотомантаж құру.
Өзіндік жұмыс «Көпқабатты бейне құру»
ІІІ-модуль. Коллаждар құру (7 сағат)
15
16
17
18
19
20 Фильтрлеу (сүзгілеу). Фильтрмен жұмыс.
Коллаж, оларды құру тәсілдері.
Adobe Photoshopтағы мәтін – лапылдағын және мұздаған жазулар.
Жарқыраған мәтін.
Түрлі эффектілер қолдану.
Жоба құру.
IV-модуль. Анимацияланған графика құру.
21

22
23
24
25 Gif-анимация құру: кадр, кадрлармен операциялар жасау, анимацияны сақтау және жүктеу.
Gif-анимация арқылы өз бетімен сурет салу.
Открытканың дайын макетін құру.
«Жаңажылдық открытка» жобасын құру.
«Мерекелік отрытка» макетін құру жобасын қорғау.
V-модуль. Практикалық бөлім
26
27
28
29
30
31
32 Лабораториялық жұмыс №1. Фонды өзгерту.
Лабораториялық жұмыс №2. Қабат эффектілері.
Лабораториялық жұмыс №3. Мәтінмен жұмыс.
Лабораториялық жұмыс №4. Қылқаламмен жұмыс.
Лабораториялық жұмыс №5. Коллаж.
Лабораториялық жұмыс №6. Шығармашылық жұмыс.
Қорытынды сынақ. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Модульдік оқыту тәсілі негізінде Adobe Photoshoр программасын оқып-үйренуді жоспарлау можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 319 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar