Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Молекулалық физика тарауына қайталау  есептерін шығару -

Молекулалық физика тарауына қайталау есептерін шығару

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2368 | Размер: | Автор: гость
. №7 жом кіріктірілген сабақ 10 сынып Мадиева Т,Дүкенбаева Г

Кіріктірілген сабақ 10а сынып
физика пәнінің мұғалімі Мадиева Т
Математика пәнінің мұғалімі Дүкенбаева Г
28.12.15 ж
І. Сабақтың тақырыбы: Молекулалық физика тарауына қайталау есептерін шығару
ІІ. Сабақтың мақсаты: 1. Математикалық есептеулер тәсілдерін қолданып физикалық шамалардың арасынан тәуелділіктерді, олардың гарафиктерін салуды, белгісізді табуды меңгерту;
2. Базалық білім негізінде саяси, мәдени іс шараларға ат салысуға, ұлтжандылыққа, жауапкершілікке, сауатты болуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
3. Өмірлік маңызы бар есептерді шешуде білімін, біліктілігін қолдану барысында танымдық қызығушылығын арттыру, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту;

ІІІ. Сабақтың көрнекілігі: үлестірме материалдар,
ІV. Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
V.Пән аралық байланыс: алгебра, геометрия, биология және химия
VІ. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: (3 мин)
А) Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу;
Ә) Сынып тазалығына назар аудару;
Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
2. Өткен сабақты қайталау (5 мин).
Әр топқа берілген тапсырма бойынша өз жауаптарын жазады
А –тобы
1.Молекула кинетикалық тоерияның негізгі қағидаларын түсіндіріңіз
В- тобы
1. Изобаралық процесске толық сипаттама беріңіз
2. Изохоралық процесске толық сипаттама беріңіз
3. Изотермиялық процеске толық сипаттама беріңіз
4. Адиабаталық процеске толық сипаттама беріңіз
С - тобы
1. Механикадағы және термодинамикадағы жұмысты математикамен байланыстыра отырып түсіндіріңіз
2. Жылу қозғалтқыштарына толық түсінік беріңіз
3. Деңгейлік есептер шығару (15 мин)
А тобы
1.1кг суда қанша зат мөлшері бар? Судың молдік массасы 18 10-3кг/м3
2. Оттектің 450 мольінің массасы қандай?
3. 100 моль сынаптың көлемі қандай?
4. Азоттың 2 1023 молекулаларының массасын табыңдар.
Б тобы
1. Су буының бірлік массасында қанша молекула бар?
2. Көлемі 4 л ыдыста 1 г сутек бар. Ыдыстың бірлік көлемінде қанша молекула бар?
3.Қысымы 2 105Па болатын газ молекуласының концентрациясы 5 1025 м-3, оның молекулаларының ілгерлемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясын анықтаңдар
4. 00С температурадағы газдың тығыздығы 5,95кг/м3. Молекула массасы 7,3 10-26кг болғандағы газ қысымын табыңдар
С тобы
1. Газбен толтырылған электр шамы балонындағы газ тығыздығы 0,9 кг/м3. Шам жанғанда ондағы қысым 80 кПа-дан 110 кПа –ға артты. Осы кезде газ молекуласының орташа квадраттық жылдамдығы қаншаға өзгереді?
2. Температурасы 280К мен қысымы 93 кПа болатын массалары 0,5г сутекпен 32 г оттек қоспасының тығыздығын анықтаңдар
4. Сергіту сәті. (3 мин) Миға шабуыл
1-топ
1. Температурасы тұрақты, қысымы мен көлемі өзгеретін процесс қалай аталады? (изотермиялық)
2. Пратонның заряды қандай? (оң)
3. Нейтронның заряды қандай? (жоқ)
4. Литийдің реттік номері 3, массалық саны 7 болса, онда оның қанша нейтроны бар? (4)
5.Термодинамикадағы жұмыс қандай шама өзгермесе нолге тең болады? (көлем)
6. Газдың көлемі өзгермейтін, ал температурасы мен қысымы өзгеретін процесс қалай аталады? (изохоралық )
7. Бесті жетіге көбейтсең қанша болады? (35)
8. х+20=30. х – тің мәнін табыңыз. (10)
9. Механикадағы жұмыс косинус қандай бұрыш болғанда нолге тең болады? (900)
10. Шеңбердің ұзындығының өрнегі қандай? (2пR)
2-топ
1. Газдың қысымы өзгермейтін, ал температурасы мен көлемі өзгеретін процесс қалай аталады? (изобаралық)
2. х-12=6. х – тің мәні қандай?
3. Механикадағы жұмыс косинус қандай мәндерді қабылдағанда теріс жұмыс атқарады?
(90 мен 180)
4. Электронның заряды қандай? (теріс)
5. Газдың көлемі өзгермейтін, ал температурасы мен қысымы өзгеретін процесс қалай аталады? (изохоралық )
6. Оттегінің реттік номері 8, ал массалық саны 16 болса онда оның неше нейтроны бар? (8)
7. Шеңбердің ауданының өрнегі қандай? (пR2)
8. Сегізді жетіге көбейтсең қанша болады? (56)
9. Диффузия дегеніміз не?
10. Атомның заряды қандай ? (жоқ)
3-топ
1. Газдың көлемі өзгермейтін, ал температурасы мен қысымы өзгеретін процесс қалай аталады? (изохоралық )
2. Бесті жетіге көбейтсең қанша болады? (35)
3. х+20=30. х – тің мәнін табыңыз. (10)
4. Механикадағы жұмыс косинус қандай бұрыш болғанда нолге тең болады? (900)
5. Шеңбердің ұзындығының өрнегі қандай? (2пR)
6. Газдың көлемі өзгермейтін, ал температурасы мен қысымы өзгеретін процесс қалай аталады? (изохоралық )
7. Оттегінің реттік номері 8, ал массалық саны 16 болса онда оның неше нейтроны бар? (8)
8. Шеңбердің ауданының өрнегі қандай? (пR2)
9. Диффузия дегеніміз не?
10. Атомның заряды қандай ? (жоқ)
5.Сабақты сұрақ жауап әдісімен қортындылау, оқушыларды бағалау (5 мин)
6. Үй тапсырмасы: 12 жаттығу. 1-6, 20-22 есептер шығару
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.