Меню
Назад » » »
Моншақпен алма тоқу.
загрузка...

загрузка...
Тақырыбы. Моншақпен алма тоқу.
Мақсаты: Алма туралы толық мағлұммат беру. Үлгі бойынша тоқылу әдістерін түсіндіріп айту. Іскерлікке , шапшаңдылыққа, төзімділікке, үлгі бойынша тоқи алуға үйрету. Ой-өрістерін, тілдік қорларын , есте сақтау қабілеттерін, қиялын дамыту.
Көрнекілігі: Шармен безендіру, интерактивті тақта, ортаға шай дастарханы, моншақтан тоқылған кружкалары, құмырадағы гүл, алма салғыш ваза.
Сабақтың барысы:
Сәлеметсіңдерме балалар! Бүгін көңіл күйіміз қалай? Сабаққа дайындығымыз қалай балалар? –өте тамаша. Өткен сабақтарда моншақтардан кружка ыдысын тоқуды бастағанбыз. Қане аяқтап әкелдіңдерме? - дұрыс. Ендеше барлығымыз кезек-кезек қалай тоқығандарыңды түсіндіріп айтып бересіңдер.
-Қандай әдіспен тоқылады?
-Неше қатармен тоқылады?
-Тұтқасына қанша моншақ тізіледі?- өте дұрыс.
Қане барлығымыз осы тоқылған кружкаларымызды дастарханымызға орналастырып қояйық. Дастарханымызды әдемі орналастыру.
Жаңа сабақ:
Осы дастарханымызда тұрған қандай ыдыс балалар? Осы ыдысқа не салынады? Осы ыдысқа алманы толтырайық. Барлығымыз моншақтардан осындай алма тоқуды үйренеміз. Балалар алманың түстері қандай болады? Алманың атауларын білесіңдерме? Алманың түрлері өте көп, пайдалы, көптеген дәрумендерге өте бай. Мына үлгіге қараймыз моншақтарды лескаға рет-ретімен тізілгенін көрсетіп тұр, дөңгелету әдісі бойынша. Оқушылардын алдарына осы үлгілерді таратып қою. Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерді есімізге түсірейік.
-моншақтар шашылып қалмас үшін арнайы ыдыстарға салу,
-қайшының үшкір жағын ұстамау және досыңа ұсынбау,
-лескамен жұмыс істегенде саусақтарымызды қатты қыспау,
-сыммен жұмыс істегенде көзге тигізбеу керек.
Сарамандық жұмыс: Моншақтарды рет –ретімен тізіп алманың бөліктерін яғни қатарларын тоқу дөңгелету әдісі бойынша. Үлгі, суреттер арқылы алма тоқылады.
Ән: Алматының алмасы
Алматының алмасы
Күннің қызыл түсіндей
Ысынғанда алмайсың
Жүрмін сәулем түсінбей.
Кеткенің бе сәулем-ай
Алма жүзің алаулап
Менің дағы қалды-ғой
Жүрегімде ән ойнап.
Сергіту сәті: Барлығымыздың қолымыз шаршаған шығар қолдарымызды бойымызды жаттықтырып алайық. Орнымыздан тұрайық экранға қарап жаттығуларды орындайық. Енді алма жемісінің озін тоқыдық оған жапырағын, сабағын дайындау.
Қортынды: Моншақтан тоқылған алмаларды дастарханымыздағы алма ыдысына әдемілеп салып қою. Қане балалар мына сұрақтарға жауап беріңдер. Сонда сөзжұмбақ жауабы шығады.
1. Алманы тоқу үшін бізге ең бастысы не қажет?
2. Алманы тоқығанда қандай әдіспен тоқыдық?
3. Жапырағын,сабағын тоқуға қандай құралды қолдандық?
4. Мына менің қолымдағы алманың түрі қандай? Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Моншақпен алма тоқу. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 371 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar