Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
MS WORD-қа мәтін енгізу -

MS WORD-қа мәтін енгізу

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1290 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Сабақтың тақырыбы: MS WORD-қа мәтін енгізу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Microsoft word мәтіндік процессорын терең ұғындырып,осы бағдарламаны толық меңгерту
Дамытушылық: оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып,ой-өрісін жетілдіру.
Тәрбиелік: шығармашылыққа баулу, Іскерлікке,ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,пысықтау
Сабақтың көрнекілігі: компьютер,интерактивті тақта,кестелер
I.Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Кезекшінің мәліметін тыңдау.
II.Үй тапсырмасын тексеру(Сұрақ-жауап түрінде)
- Word текстік редакторының қызметі,қолданылуы
- Ms word программасын іске қосу ретін ретін түсіндір және іске қос
- MS Word редакторында жасалған жұмысты қалай сақтаймыз?
- MS Word редакторын іске қосудың тәсілдерін көрсет
- MS Word редакторымен жұмысты аяқтаудың тәсілдерін көрсет

III.Өткен материалмен жұмыс
№1 тапсырма:Мәтінді МS Word-қа 5 минут уақыт ішінде теріп жазу.
(Тақырыптың өлшемі:16пт;-Қаріп:Times New Roman;-Мәтін өлшемі:12пт)
“Астана-Бәйтерек”монументі
“Астана –Бәйтерек”монументінде барлығы символға құрылған,алтын шақпақты күн мен оның 97 метрлік биіктігі,әлемдік жаратылыстың үш негізін білдіретін үш бөліктен тұратын ішкі сәулеті Қазақстаннан тысқары жерлерге де мәлім.Бұл темірден,шыныдан,бетоннан орнатылған алып бәйтерек,сәулеттік өзгеше ойымен,өзінің қомақтылығымен ерекшеленеді. Диаметрі 22 метрлік,күн сәулесінің әсерінен мың құбылатын,салмағы 300 тонналық “хамеолеон”әйнегінен жасалған шар,әлемде тұңғыш рет осындай “рекордттық” самғау 97 метр биіктікке көтеріледі.“Астана –Бәйтерек”монументі – қазақстандықтардың өміріндегі жаңа кезеңінің нышаны – өзінің композисиялық құрлымымен ежелгі көшпенділердің ғарыштық көзқарасын білдірді.Бұл ғажайып нысанды салу идеясын көтерген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев.Жаңарған елорданың көркін аспанмен таластырған “Астана-Бәйтерек”,сәулет өнерінің жаңару нышаны,Астана символы,Қазақстан символы болып отыр.
Сергіту сәті
Менің хикаям
 Достарыммен тауға ____теруге барғанымызда
 Ауа-райы да, ____ өте жақсы еді,
 Бірақ көп ұзамай аспанда ____пайда болып,
 ____ жарқ етті.Сонда күніміз ___ айналды.
Оны көргенде біздің ____бұзылды.


№2 тапсырма: Тест сұрақтарының жауаптарын интерактивті тақта арқылы белгілейді
Тест
1.Қай перне арқылы бос орын ашылады?
 Enter
 Shift
 Ctrl
 Бос орын пернесі
2.Қатені жөндеу пернесін көрсет?
 Ctrl
 Delete
 Shift
 Enter
3.Enter пернесінің атқаратын қызметі?
 Жаңа жолдан бастайды
 Жаңа беттен бастайды
 Жаңа абзацтан бастайды
 Жолдың соңына апарады
4.Бас әріп теру үшін ...
 Ctrl
 Delete
 Shift
 Enter
5.Сандарды теру үшін қай пернені пайдаланамыз?
 Ctrl
 Num Lock
 Shift
 Enter
№3 тапсырма: Интерактивті тақтадағы сандар ішінен жасырулы тұрған сұрақтарды таңдап алып,жауабын айтады.
Сұрақ-жауап
1.Ақпаратты адамнан ЭЕМ-ға беруге арналған құрылғы?
Жауабы :

2.Ақпаратты адамнан ЭЕМ-ға беруге арналған кішкентай қорапша құрал?
Жауабы :
3.Ақпаратты(мәтіндер мен бейнелерді)ЭЕМ-дан адамға беруге арналған құрылғы?
Жауабы :
4.Ақпаратты адамға қағазға басылған мәтіндер мен бейнелер түінде беруге арналған құрылғы?
Жауабы :
5.Компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын обьектілерді басқаруға арналған құрылғы?
Жауабы :
6.Компьютердің ең қажетті құрылғысы (миы)?
Жауабы :
IV.Қызығушылықты ояту
“Кім тапқыр” ойыны арқылы,информатика саласына ең алғаш үлес қосқан ғалымдардың қызметін сәйкестендіреді.

- Ол Windows - бағдарламасымен бүкіл әлемге компьютердің жаңа қызметін ашып берді
- Ол ең алғашқы программашы ғалым
- Ол ХІХ ғасырдағы ең бірінші есептейтін программаларды құрды
- Ол ең алғашқы электронды есептеуіш машинаны шығарды
- Бірінші советтік ЭЕМ - ға 1950 жылдары басшылық жасаған академик ғалым
Джон Нейман

Чарльз Беббидж

С. А. Лебедев

Ада Лавлейс

Билл Гейт

Сабақты бекіту.Кесте арқылы тест тапсырмалары беріледі.
1. Microsoft Word – ты қалай іске қосамыз?
А) Пуск – Программы – Станддартный – Microsoft Word
Ә) Пуск – Программы – Microsoft Word
Б) Пуск – Документы– Microsoft Word
2. Құжатты қалай сақтаймыз?
А) Файл – Печать
Ә) Вставка – Сохранить как
Б) Файл – Сохранить как
3. Пішімдеу деп . . .
А) Мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әр түрлі
әрекеттерді айтады.
Ә) Беттерді нөмірлеу әрекеттерін айтады.
Б) Құжаттарды баспаға шығару әрекеттерін айтады.
4. Алмастыру буферіне қандай командалар кіреді?
А) сақтау, жаңа құжат құру
Ә) көшіру, қиып алу, енгізу
Б) дұрыс емес әрекетті алып тастау, баспаға беру
5. Баспаға беру командасы
А) Сервис – Настройка Ә) Правка – Печать
Б) Файл – Печать
6. Word мәтіндік редакторында кесте құру үшін:
А) Таблица – Добавить строки
Ә) Таблица – Добавить таблицу
Б) Таблица – Добавить ячейки
7. Кесте ұшяқтарын біріктіру үшін . . . командасын орындау керек.
А) Таблица – Объединить ячейки
Ә) Таблица – Разбить ячейки
Б) Таблица – Удалить ячейки
8. Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру . . . командалар тізбегі арқылы орындалады.
А) Вставка – Рисунок – Автофигуры
Ә) Вставка – Рисунок – Картинки
Б) Вставка – Рисунок – Объект WordArt
9. Фигуралық мәтінді қалай енгіземіз?
А) Вставка – Рисунок – Объект WordArt
Ә) Вставка – Рисунок – Картинки
Б) Вставка – Рисунок – Автофигуры
10. Құжатты екінші рет сақтау командасы
А) Файл – Сохранить как
Ә) Файл – Сохранить
Б) Правка – Сохранить
V.Рефлексия:
- Сабақ сендерге ұнады ма?
- Несімен ұнады?
- Сендерге жаңалық болған не?
- Сабақта кім жақсы жауап берді деп ойлайсыңдар?
Үй тапсырмасы.
- MS Word бағдарламасына 5 сұрақтан тұратын тест дайндап келу.
- MS Word мәтіндік редактор тақырыбын тереңдетіп оқу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.