Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мысық пен  тышқан (ертегі) -

Мысық пен тышқан (ертегі)

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3029 | Размер: | Автор: гость
. Мұғалімнің аты-жөні: Сыздықова Нина Құралқызы
Пәні: Әдебиеттік оқу. 2 «Ә» сынып
Күні, айы: 20. 01.2016 ж

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы Мысық пен тышқан (ертегі)
Сабақтың мақсаты 1. Ертегі мазмұнын түсініп оқу, идеясын ашу. Ертегідегі нақыл сөздің мағынасын дұрыс ұғыну
2. Оқушылардың көркем сөйлеуін, өз ойларын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын кеңейту. 3. Үлкеннің ақылын тыңдауға тәрбиелеу.
Оқу нәтижесі Ертегі мазмұнын түсініп оқиды, идеясын ашады. Ертегідегі нақыл сөздің мағынасын дұрыс ұғынады.
Оқушылардың көркем сөйлеуі, өз ойларын жеткізе білу дағдылары жетіледі, сөздік қорлары кеңейеді. Үлкеннің ақылын тыңдауға үйренеді.
Оқуда қолданатын стратегиялар, тәсілдер Жұптық және топтық жұмыс, сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгіме, СТО."Т кестесі",
Сабақтың типі Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Көрнекіліктер мен құралдар Суреттер, cлайд, үлестірме қағаздар, кестелер

Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Уақыты Ресустар, көрнекі құралдар
Ұйымдастыру кезеңі.
1.Амандасу
2.Психологиялық ахуал
«Жүректен шыққан жылы лебіз» Оқушылар шеңберде тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
2 мин
Үй тапсырмасын сұрау 1.«Қозғал.Аралас.Тоқта» әдісі арқылы оқушыларды жұпқа бөлу.

2.«Шал мен балалар» мәтінінің мазмұнын айтқызу.

3.Видеоролик көрсету арқылы үй тапсырмасын қорытындылау
Оқушылар орындарынан тұрып сынып ішін аралап жүреді. «Тоқта» бұйрығы бойынша орнында қозғалыссыз тұрып қасындағы оқушымен жұптасады.
Жұптар бір-біріне үй тапсырмасын айтады, өздері бағалайды.

Сұрақтарға жауап береді, тыйым сөздер мағынасын түсінеді. 5 мин



Видеоролик
«Көпір»тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары 1.Халық ауыз әдебиетіне не жатады?
2.Ертегі дегеніміз не?
3.Ертегі түрлерін атаңдар

-Ендеше бүгін біздің өтетін сабағымыз ертегіге байланысты. Өткен тақырыптарды еске түсіреді, сұрақтарға жауап береді. 2 мин Слайд
Теориясы:«Білу»
(тақырып мазмұнына байланысты толық ақпарат алу)

1.Түстер арқылы оқушыларды топқа бөлу.

(топ аттары: жазушылар, ақындар,зерттеушілер,тілшілер)

2.«Кім тапқыр?» ойыны арқылы жұмбақтарды шешіп жаңа сабақ тақырыбын табу
А) Мысықтан қорқады,
Түнде жортады.
Ә) Тонын кие туған,
Жалап бетін жуған.

3. « Не білеміз?» топтық тапсырма:

Зерттеушілер тобы: Мысықты неге жыртқыш, сүтқоректі, үй жануары дейміз? Тышқанды неге жабайы аң дейміз?
Жазушылар тобы: Мысық пен тышқанның пайдасы мен зиянын жазу
Ақындр тобы: Мысық пен тышқан туралы 5 жолды өлең құрастыру
Тілшілер тобы: Мысық пен тышқан сөздерін әр тілде айту Түрлі-түсті жұлдызшалар арқылы топқа бөлініп отырады.

Жұмбақтың шешуін табады

Топтық тапсырмаларды сыни тұрғыдан ойлана отырып, бірлесе орындайды. Топ басшылары ортада түсіндіреді. 10 мин Түрлі–түсті жұлдызшалар

Мысық пен тышқан суреті

Кесте
Теориясы: «Түсіну»
неге? неліктен? себебі? не үшін? сұрақтары арқылы жоғарыда берілген жауаптарды тереңдету -Неліктен мысық пен тышқан дос бола алмайды ?
Ж: Себебі....
-Неге мысық қандай жағдайда құласа да аяғымен түседі?
Ж: Себебі ...
-Не үшін мысықты үйде ұстаймыз?
Ж: Себебі .... Берілген тапсырманы топпен орындайды.


5 минут
Суреттер

Теориясы: «Талдау»
Тақырыптың басты идеясын табу 1.Оқулықпен жұмыс. «Жигсо» тәсілі бойынша мәтінді топқа бөліп оқыту, талдату.

2. Суретті ретімен орналастыру арқылы мазмұнын айту

3. Дәптермен жұмыс.
Ертегідегі нақыл сөзді тауып оқу.

- Ертегі неліктен осы нақыл сөзге құрылған?

Нақыл сөздің мағынасын ашу және дәптерге көшіріп жазу Оқушылар ертегіні кезекпен оқиды, суреттерді ретімен қоя отырып ертегі мазмұнын айтады.

Дәптерге нақыл сөзді жазады және мағынасын ашады. 10 минут Плакат, маркер
Теориясы:«Жинақтау»
топтық тапсырмалар
І топ:
-Бүгінгі ертегіден
қандай ой түйдің?
- Кейіпкер дегеніміз не?
ІІ топ:
- Басты кейіпкерлерін ата
-Мысық қандай? Жас
тышқандар қандай?
Сипаттап айтып
беріңдер
ІІІ топ:
-Жас тышқандардың
қателігі неде?
-Үлкен тышқанның айтқаны
неге дұрыс болды?

ІV топ:
-Нақыл сөз дегеніміз не?
Нақыл сөзді кімдер көп
айтады?
- Мысық пен тышқандар
арасындағы оқиға адамдар
арасында болуы мүмкін бе?

Топ мүшелері ауызша түрде ертегіден түйген ойларын айтады және кейіпкерлерді атайды.

Басты кейіпкерлерді атайды. Мысық пен тышқанды сипаттап, суреттеп береді.

Жас тышқандардың қателігін көрсетеді және үлкен тышқанның айтқаны неге дұрыс болғанын дәлелдейді.

Нақыл сөз туралы ойларын айтады.
Ертегі кейіпкерлерінің басынан өткен жағдайлары адамдар өмірінде кездесетінін дәлелдейді. 4 мин Слайд
«Қолдану» практикасы «Жалғасын тап» ойыны:
Мақалдың жалғасын табу:

1.Ата- бәйтерек,
Бала - ....

2.Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын ......

3.Әдептілік- адам ......

4.Ақыл- ауыздан,
Мерей- ........



Мақалдың жалғасын табады

2 минут

Үлестірме қағаз
«Бағалау»
-Сен қалай ойлайсың? Бүгінгі сабаққа кім белсенді қатысты?

-Тобыңдағы оқушылар тапсырманы орындауға қиналса не істер едің?

Оқушылардың бір-біріне баға беруі Оқушылар өз пікірлерін ортаға салады. Топ болып бір-бірін бағалайды. 3 мин Жұлдызшалар
Үйге тапсырма Зерттеуші тобына: мысықтың қанша жыл өмір сүретінін және неше түрі бар екенін анықтау.
Жазушы тобына: эссе жазу
Ақындар тобына: өлең шығару
Тілшілер тобына: мақал-мәтел жинақтау Алған білімдерін негізге ала отырып сұрақтарға жауап береді, келген қонақтардан қолтаңба алады. 2 минут "Бақыт" ағашы, стикерлер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.