Меню
Назад » » »
Нөлмен аяқталатын жазбаша бөлу тәсілдері.
загрузка...

загрузка...
Сердалина Меруерт Есенжоловна
бастауыш сынып мұғалімі
Северо-Казахстанская область
район имени Габита Мусрепова
село Новоселовка
КГУ Новосельская средняя школа
Сабақтың тақырыбы: Нөлмен аяқталатын жазбаша бөлу тәсілдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға нөлмен аяқталған санды бөлу жолдарын меңгерте отырып бекіту.
есептер шығару арқылы білімдерін пысықтап, тиянақтау.
Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.Сабақ кезінде оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, дәптерлеріне таза, әдемі жазуға тәрбиелеу. Көбейту мен бөлу бойынша біліктіліктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілік, еңбекқорлық, белсенділік, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, табиғатты қорғауға, аялай білуге баулу.
Сабақтың типі:Қортындылау сабағы.
Сабақтың түрі:Саяхат сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: слайд-презентация,бағалау парақтары,пазылдар.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен амандасу.
б) Шаттық шеңбері арқылы сабақты бастаймыз.
Балалар, енді қолымызды ұстап алақан жылуы арқылы
бір-біріңе жылы лебіздер айтып,сабағымызды бастайық
Қуанамын мен де, (өзімді көрсетемін)
Қуанасын сен де, (жанындағы досымды көрсетемін)
Қуанайық, достарым, (бір біріміздің қолымыздан ұстаймыз)
Арайлап атқан күнге (қолдарымызды жоғары көтереміз)
Оқушыларды топқа бөлу Пазыл жинау арқылы екі топқа бөлініп отырамыз.Сыныптағы кезекшіден үй тапсырмасын сұрау.
2/Үй тапсырмасын тексеру №3 Жазбаша есепте
450*300=135000 6800*60=408000 530*90=47700
147*2000= 294000 460*30= 13300 230*400=92000
180*700=126000 7410*60=444600
Әр баладан есептің жауабын оқыту.Ал енді жаңағы пазылдарда қандай суреттерді байқадыңдар?Бәйтерек пен пирамида қай қаланың көріктісі.Иә балалар Астана қаласында екен.
Астана - Қазақстан астанасы.
Бұл қаланың негізі 1830 жылы қаланған. Ол кезде Ақмола деп аталатын. Қазақ тілінен аударғанда «астана» деген мағынаны білдіретін Астананың қазіргі атауы 1998 жылы берілді.Қала Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің оң және сол жағалауында орналасқан. Тарихи тұрғыдан алсақ, Еуропа мен Азияны байланыстыратын мекен болып табылады. Астана – ең ірі көлік торабы, автомобиль, теміржол және әуе көлігінің орталығы.
Бізде бүгін Астананың көрікті жерлеріне саяхатқа барамыз.Балалар ойын ойнауды жақсы көреміз бе? Ойын: «Сиқырлы сандық» Бұл ойында өздері таңдап алған бөшкедегі сандар бойынша сұраққа жауап береді.
1) Тік төртбұрыштың ауданы 40см квадрад,ал ұзындығы-10см.Осы тік төртбұрыштың енін тап. Шешуі:4см
2) Бір орам печеньенің массасы 100 г.Осындай 5 орам печеньенің массасықанша? Шешуі: (5*100)=500 (г)
3) Ұзындығы-3см,ені-7см,көлемі-2см текшенің көлемін тап? 42см куб
4 )Төртбұрыштың периметрін қалай есептейміз?
5)Жылдамдықтың формуласы w=s:t
6)Уақыттың формуласы t=s:w
7 )Қашықтықтың формуласы s=w*t
8 ) Білекті ...жығады,білімді ...жығады.
9 )4800 бен 4 сандарының бөліндісі нешеге тең? 1200
10 ) Егер тырна бір аяғымен тұрса 3кг салмақта болады, екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?
Дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді жазайық.Өткен сабақта не өттік.Нөлмен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері болса бүгін Нөлмен аяқталатын сандарды жазбаша бөлу тәсілдері.Бөлу жолдарын түсіндіру.
Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша ( қалдықсыз)бөлу кезінде алдымен бөлінгішпен бөлгіштегі нөлдерді теңдей алып тастап,содан соң бөлуді қажет.
Пазылды жинау арқылы Астана темір жолына келіп тоқтадық.Саяхатымызды одан әрі жалғастыру үшін мына тапсырманы орындайық.Есептер шығару.Әр топтан бір баладан тақтаға шығып,есепті шығарады.Қалғандары орындарында шығарып тексереді.
548 100:90= 6090
326 840:40= 8171
507 000:60= 8450
4 200*70=294000
3 260*300=978000
12 300*80=984 000
190*900=171 000
127 800:200=639
196 000:700=280


Қызыл орда, Ақ орда,
Өзге елде жоқ орда, Көкке бойын тіреген,
Көңіл күйі тоқ орда. Алматы – бал- анарым,
Ақжайығым, Аралым, Қаратау, Хан тәңірі, Астана – ақ жанарым.
Ел намысы – Нұр Аға, Жер ырысы – қыр дала.
Су шынысы-зер мұнай, Тау тынысы гүл-лала.
Сарыарқа, кең дала, Сенсізжетім мен бала,
Самұрықтай киелі, Сен – Бәйтерек, Сен – Ана!
Өлеңнің аты қалай аталады деп ойлайсыңдар? Бәйтерек туралы мәлімет
«Бәйтеректің негізгі идеясы елбасы н. Ә. Назарбаевтың ой-қиялынан туды. Президент осы алып ескерткіштің эскиз-нобайын бір түннің ішінде өзі ойлап шығарды. Оның айтуынша, монументтің негізгі идеясы бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.
Бәйтеректің негізі бейбітшілік дарағы болып есептеледі. Ежелгітүпкі ұғымында «бәйтерек» деген сөздің өзі «өмір ағашы» деген мағынаныбілдіреді. Міне, осы жапырақ жайған алып ағашқа ертедегі ертегілерде кездесетін қасиетті құс – Самұрық айқара жазылған кең қанаттарымен айналасын тұтас жауып ұшып келеді. Ол өмірдің өзегін өркендетіп, үміттің үзігін іркілейтін алып алтын жұмыртқа – Күнді салу үшін өмір ағашы – Бәйтерекке ұмтыла түскен.
Теңдеу шешуді жұппен орындау
х*60 = 54 000 в*50 = 75500 360+х=1200 5400:х=90
Х=54000:60 в=75500:50 х=1200-360 х=5400:90
Х=900 в=1510 х=840 х=60
900*60=54000 1510*50=75500 360+840=1200 5400:60=90
54000=54000 75500=75500 1200=1200 90=90
Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз ешжерге бармайсың
Көлікпен де жаяуда
Саралайсың таңдайсың. ( жол)
Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Оның табан қабырғасының ұзындығы 62 м; ауданы 25,5 мың м². Болат пен тастан тұрғызылған сарай өзара рухани түсінушіліктің жаһандық орталығына айналды.
Бейбітшілік пен келісім сарайы сарайында Қазақстан халықтары ассамблеясы, ұлтаралық және дінаралық келісім орталығы, мұражай, университет, 1,5 мың орынды опера залы, кең орталық атриум мен қысқы бақ орналасқан. Сарай ғимаратының құрылысы құбылмалы ауа райын ескере отырып салынған; оның кіре берісі жер астында орналасқан.
Сөзді есеп
Егістіктің ені 250 м,ал ұзындығы одан 150 м артық.Бестен бір бөлігіне сұлы,қалған бөлігіне жоңышқа себілді.Сұлыға қарағанда жоңышқа қанша шаршы метр жерге артық себілді
S=250*(250+150)=100000м.кв-егістіктің ауданы
100000:5=20000м.кв-сұлы егілген аудан
100000-20000м.кв=80000м.кв-жоңышқа егілген аудан
80000-20000=60000м.кв-жоңышқа артық себілді
Жоңышқа – республикамызда көп өсірілетін мал азықтық дақыл. Малға пішен, балғын көк майса, кептіріліп ұнтақталған, сүрлем күйінде беріледі. Жоңышқа – ылғал және жылу сүйгіш дақыл. Егіндік және мал азықтық ауыспалы егістікте егеді. Жоңышқаны гүлдей бастағанда орады. Шөбі орылғаннан кейін егістік үстеп тыңайтылса, Жоңышқаны екінші орған кезде мол өнім алуға болады.. Дәрілік мақсатта жоңышқаның гүлі мен жоғарғы жапырақтарын қолданады. Жаз бойы гүлдейді. Жоңышқаның емдік қасиеті өте жоғары, оны суық тигенде, өкпе ауруына, қан тазалауға, қан аздыққа, безгек ауруларына қарсы қолданады.
Келесі саяхатымызды жалғастырайық. Жұмбақ шешейік.
Көп болса,асықпайсың,
мезеттен кашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
табасың мұны қайсың? ( уақыт)
«Думан »ойын сауық туралы мәлімет
«Думан» Ойын-сауық орталығының 2-қабатында орналасқан цифрлы стереоскопиялық 5D кинотеатры орналасқан.Заманауи жабдық – жаңа, техникалық жетілген, виртуалды ойын-сауыққа арналған орын. Сіздің айналаңызда сұлу, қиял-ғажайып картиналар пайда болады және Сізді виртуалды шындық әлеміне еліктіріп әкетеді.
Сергіту сәті
Ақорда резиденциясы — Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы.
Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 m2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті.
Кім жылдам? ойыны.Қай топ бірінші есепті шығарады?
Хан Шатыр
Хан-Шатыр — Астана қаласының ең ірі сауда, ойын-сауық орталығы. 2010 жылдың 6 шілде күні ашылды.
Орталықтың өзіндік архитектурасы — ғимарат алып мөлдір шыныдан жасалған шатыр.
Хан Шатырдың жалпы ауданы - 127 мың шаршы метр. Ғимаратта жекелеген сауда мен ойын-сауық кешендері орналасқан. Соның ішінде әмбебап дүкені, отбасы саябағы, мейрамханалар, кинотеатр, спорт залдары, жасанды жағажай мен бассейні бар аквапарк, қызмет және кеңсе орындары, 700 орынға арналған .
Жасырынған санды тап”
1)184*4=736 2) 695:5=139 3)7389:3=2463 4)736+1000=1736 5)140-139=1
6)2463:3=821 7)1736-1-821=914
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
Бағалау парағы арқылы оқушыларды бағалау.

нгнгшневвввкккваиипнттрошгшошүш00гшлллбббюопважжжвввввыыа360 +ЖердіЖең жұ х = 1 200
х= 1200-360
х= 840
360+840=1200
1200=1200
360 + х = 1 200
х= 1200-360
х= 840
360+840=1200
1200=1200 Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Нөлмен аяқталатын жазбаша бөлу тәсілдері. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 287 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar