Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ғұн мемлекетінің қалыптасуы. -

Ғұн мемлекетінің қалыптасуы.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1286 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Шарафутдинова Севар Тураханқызы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы
Х.А.Яссауи атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғұн мемлекетінің қалыптасуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан жерінде мекендеген Ғұн мемлекетінің қоныстану тарихы, мемлекет болып қалыптасуы туралы білім беру;
Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше ізденіс жұмыстарын ұйымдастыра отырып, шығармашылықпен айналысуға, қорытынды жасай білуге үйрету.
Тәрбиелік: білімділікке, Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ – жауап, ой шақыру.
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет, өнер.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның саяси-географиялық картасы, кестелер, тірек – сызбалар, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
«Сандар сыр шертеді» ойыны:
(тақтада берілген сандарға қаңлы тайпасына қатысты деректер келтіреді)
№ Цифрлар Жауаптар
1 Б.з.б 46-36 жылдары Қаңлылар Қытайға қарсы тұрған ғұндарға көмектескен
2 600 000 Қаңлы тайпалар одағының адамы
3 Б.з.б 3-2ғ. – б.з. 5ғ. Қаңлылар өмір сүрген аралық
4 5 Қаңлы елі 5 иелікке бөлінген
5 1300 Б.з. 3-4 ғасырларында соғылған Сырдария аймағынан табылған теңгелер саны
6 120 000 Жауынгерлер саны

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту
Жаңа сабақтың мақсаты және жоспарымен таныстыру
Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ребус беріледі.

,, ,, ,, ,


Жоспары:
1. Ғұндар тарихының ерте кезеңі
2. Мемлекеттік құрылымы
3.Ғұн тайпасының бірлестігі
IV. Пысықтау кезеңі:
1. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, мәтінді толықтыр.
Ғұндар негізінен ———— тұрды. Еденге ———– төсеген. ——–
төсек және үй тұрмысына керекті заттар жасаған. Киіз үйдің төрінде ———- ілулі тұрды. Ал ——— әшекей бұйымдар жасады. Ғұн әйелдері құлағына ———–, саусақтарына———, ———— , шаштарына ———- таққан.
2. Көп нүктенің орнына тиісті мерзімді қой.
......... Ғұн патшасы Аттила өмірге келді.
......... Аттила қуатты шығыс империясына жорық жасап, тізе бүктірді.
......... Мүмкіндігі бола тұра Римді құлатпады
......... Аттила қайтыс болды
(Тапсырмалар орындап болған соң оқушылар талдау жұмысын жасайды)
3. Салыстыру кезеңі
ҒҰНДАР ҚАҢЛЫЛАР
ерекшеліктері ұқсастығы ерекшеліктері


4. Ассоциация құру: «Ғұндар»

V. Сабақты қорытындылау, бағалау.
VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, маңызды мәліметтерді дәптерге жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.