Меню
Назад » » »
Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» мәтінінің тақырыбы мен идеясы
загрузка...

загрузка...
6.10.15
Қазақ тілі ,9-сынып
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі_________Марданова М.
«__ __» « __»
Сабақтың тақырыбы:
Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» мәтінінің тақырыбы мен идеясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы » еңбегі туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру,тақырыбы мен идеясын түсіндіру.
Дамытушылығы:- жеке тұлғаның зияткерлік дамуын өз бетінше іздену, шығармашылық ізденісін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларға Елбасының халықа сіңірген еңбегін, ерлігін жүргізген саясаттын үлгі ету, оқушылар бойына демократиялық құндылықтарды сіңіріп тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың ғылыми еңбектерінің кітап көрмесі, рәміздер, президент туралы слайдтар, үнтаспа, суреттер.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жеті модуль әдістері
Сабақтың жүрісі: I.Ұйымдастыру. Әнұран орындалады.
1.Сынып оқушыларымен амандасу.
2.Топқа бөлу.Жаңа сабақтың мәтіні арқылы топқа бөлінеді.
II. Жаңа сабақ. «Тәуелсіздік толғауы» бейнеролигін тамашалау.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзі
Заман ағымы бізді Қазақстан Республикасы тұңғыш рет Тәуелсіз Ел ретінде әлемге әйгіленген тарихи дата – 1991 жылдың 16 желтоқсанынан алыстатып барады.
Біз жыл өткен сайын сол бір тарихи таңдаудың сарқылмас құдіретін жан жүрегімізбен түсінеміз.
Ол – егемен мемлекетте бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат өмір сүру таңдауы.
Ол – туған жеріміздің қазынасы мен қазба байлығына дербес иелік етіп, барша қоғамның игілігі үшін өз қалауымызбен жұмсау таңдауы.
Ол – өз тағдырымызды өзіміз айқындау, болашағымызды өз қолымызбен жасау таңдауы.
Біздің жаңа Қазақстанымыз жарық жұлдыз болып дүниеге келді.
Баршамызды Тәуелсіздіктің Ұлы Рухы жебейді, біріктіреді, бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтады.
Ол алтын күні жарқырап, алтын қыраны қалықтаған Қазақ Елінің ашық аспаны астында дүниеге келген әрбір сәбидің жүрегіне орнайды.
Ол әрбір азаматтың жүрегінде, әр шаңырақтың төрінде, елімізде бой көтерген әрбір үйде, әрбір қала мен ауылда салтанат құрады.
Ол біздің экономикамыздың өсімімен, әрбір жаңа өндіріс орнымен, ұлан-ғайыр Отанымызға төселген әрбір күре жолмен, дала төсіне өнген әрбір тонна алтын дәнмен нығаяды.
Тәуелсіздік – сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі.
Тәуелсіздік – кешегі батыр бабалар өсиет еткендей, Қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі.
Біз жүргізіп отырған сыртқы және ішкі саясат – ХАЛЫҚТЫҢ ДАНАЛЫҒЫ.
Қазақстанды өркендету жолындағы күллі жауапты шешімдердің даналығы.
Халқымыздың асқақ абыройының, қонақжайлылығы мен кең пейілінің даналығы.
Тәуелсіздік дегеніміз – ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК.
Ғылым қуып, білім іздеген оқушылар мен студенттердің еңбегі.
Еліміздің ұлттық байлығын еселей түсетін барша мамандық иелерінің еңбегі.
Әрбір жас буынның жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дарытатын қазақстандықтардың еңбегі.
Оның көкжиегін жаһандық деңгейге жайған сан қырлы мәдениеті бар.
Оның ғылымға, инновациялар мен прогрес-ке әрдайым айқара ашық есігі бар.
Оның көздеген межелеріне қалайда жететін мақсаткерлігі бар.
Мәңгілік Ел – Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы.
Бұл қағидаларды мүлтіксіз сақтай отырып, біз Отанымыздың көк байрағын нық ұстаймыз, оны Қазақстан дамуының жаңа биіктерінде асқақтата желбіретеміз.
Бұл – біздің мәңгілік ұстанымымыз!
1997 жылы «Қазақстан¬ ¬– 2030» стратегиясы егеменді республиканың экономикасы серпінді дамып келе жатқан әлемдегі ең бір қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты елге айналуына бағытталған ұзақ мерзімді даму жолын белгілеп берді. «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруды қарастырады:
Ұлттық қауіпсіздік. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл – ауқаты. Энергетика ресурстары. Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс. Кәсіби мемлекет.
Елбасымыз «Қазақстан – 2050» Стратегиясы Жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз. Басты мақсат 2050 жылға қарай жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс.
Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:
«Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),
«Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),
«Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),
«Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),
«Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана»
«Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),
«Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),
«Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),
«Тарих толқынында» (А., 1997),
«О времени, о судьбах, о себе…» (Лондон, 1997),
«Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),
«Сындарлы он жыл» (А., 2002),
«Еуразия жүрегінде» (А., 2005).
Қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында осылай мәлім етті.
«Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деді Президент.
Н.Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды атап өтті.
«Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары, Қазақстан 2050 стратегиясының түпқазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру аса қиын екенін барлығымыз білеміз. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан кешкен тарихи шындығы. Өзара алауыздықпен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жібергенін де білеміз. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама? Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуіміз керек. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – «Мәңгілік ел» біздің өзіміздің қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан 2050» мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын. Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын. Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін елдігіміз мәңгілік!», - деп аяқтады өз Жолдауын Мемлекет басшысы.
1-топ
“Тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ ” дегенді қалай түсінесіңдер?
2-топ
“Егемендіктің ертеңі зор” түсінігіне сипаттама беріңдер.
3-топ
Елбасының еліне жасаған еңбегін суреттеп беріңдер.
«Постер қорғау»
«Мәңгілік ел» тақырыбымен постер қорғау.
Мәңгілік ел идеясы саған қандай ой салды? Болашақ жастардан елбасымыздың өзі зор үміт күтіп отырғанын ескерсек, сенің осы идеяға алып-қосарың бар ма? Мәңгілі ел идеясын жүзеге асырған қазақ елінің кескін-келбетін постерге қосымша берілген суреттермен, маркерлермен жинақтап түсіндіріп, беріңдер.
«Акроним» әдісі.
Тәуелсіздік толғауы, Қазақстан сөздерінің бас әріптерінен сөздер ойлап жазу.
Мысалы:
т-тәуелсіздікті
ә-әлеумет
у-уақыт
е-еншісіне
л-лайықтап
с-сағына
і-іздеген
з-зор
д-дәулеттің
і-ізіндей
к-көреді.
Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі бойынша кері байланыс.
«Өз елім » әнімен қорытындылау.
-Оқушылар, мәтіндегі тірек сөздерді тауып көріңдерші,қандай мағына береді?
Тірек сөздер: Тәуелсіз Қазақстан- Мәңгілік ел!
Қорытынды. Олай болса, тәуелсіздік толғауы ретінде аталған мәтіннің тақырыбының өзінен идеясы айқын білініп тұр, тұтас мәтінді құрайтын тірек сөздерінің өзі тәуелсіз елге тірек боларлық ұғымдардын құралған.Бұл- барша қазақтың өткені мен бүгінінің көңіліндегі идея. Бүгіні егемен елдің көк туын жайқалтуда. Болашақтың тізгіні сенің қолыңда ,жас ұрпақ! Кемел келешектің тұтқасын нық ұстап, өркениет көшінен қалмау үшін, елбасы атап көрсеткен халық даналығы бойыңда қайнап жатуы, жалпыға ортақ еңбек өзіңнен басталып, көкейіңде осы елдің көркеюі, гүлденуі, дамуы үнемі жүруі керек. Әр жас ұрпақ осылай ойласа ғана, болашақта атар таңдар арайлы бола бермек. Олай болса, білімге ұмтыл, жас өрен!
Бағалау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» мәтінінің тақырыбы мен идеясы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 2345 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 1.0/2
Барлық пікірлер: 0
avatar