Меню
Назад » » »
Нәтижеге бағытталған білім беру кеңістігін модельдеу перспективалары мен мәселелері
загрузка...

загрузка...
«Нәтижеге бағытталған білім беру кеңістігін модельдеу перспективалары мен мәселелері» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-практикалық on-line конференциясына қатысуға

Өтінім
1. Қатысушының аты-жөні (толығымен) Шугыла Орынбасаровна Альжанова

2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, құрметті атағы -
3. Қызметі (толығымен, қысқартусыз) орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
4. Жұмыс орны ( толық атауы, қала, облыс) ОҚО, Бәйдібек ауданы, "Жолғабас негізгі орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
5. Материалдың тақырыбы және формасы (баяндама, шеберлік сынып, коучинг) «Нәтижеге бағытталған білім беру кеңістігін модельдеу перспективалары мен мәселелері» баяндама
6. Жұмыстың бағыты
7. Пленарлық мәжілісте сөйлеуге ұсынамын (ия/жоқ) жоқ
8. Байланыс телефоны 8-777-557-44-13
9. E-mail shugyla.alzhanova@mail.ru

Өтініш
1. Қатысушының аты-жөні (толығымен) Мадина Толебаевна Амиртаева

2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, құрметті атағы -
3. Қызметі (толығымен, қысқартусыз) математика пәнінің мұғалімі
4. Жұмыс орны ( толық атауы, қала, облыс) ОҚО, Бәйдібек ауданы, "Жолғабас негізгі орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
5. Материалдың тақырыбы және формасы (баяндама, шеберлік сынып, коучинг) «Нәтижеге бағытталған білім беру кеңістігін модельдеу перспективалары мен мәселелері» баяндама
6. Жұмыстың бағыты
7. Пленарлық мәжілісте сөйлеуге ұсынамын (ия/жоқ) жоқ
8. Байланыс телефоны 8-777-557-44-13
9. E-mail amirtaeva-68@mail.ru

НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІН МОДЕЛЬДЕУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ
ОҚО, Бәйдібек ауданы, "Жолғабас негізгі орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі,
орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ш.О.Альжанова,
математика пәні мұғалімі М.Т.Амиртаева

Н.Ә. Назарбаевтың «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және дамыту, оларды реформалау ісін барынша қарқынды жолға қоюымыз керек» деп, біздің білім беру мазмұнын жаңартудағы басты бағытымызды айқындап берді.
Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа баланың әрқайсысының жеке тұлға ретінде қалыптасуында маңызды мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруды көздейді. Өйткені әр жас өркеннің азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ететін қоғамдағы негізгі сала, ол — білім беру жүйесі.
Ал білім беру жүйесіндегі басты тұлға – мұғалім. Жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін бала жанының бағбаны-мұғалімдер қандай болуы керек?
 Мұғалім-ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығын сүйетін,өз ойын шәкірттеріне анық, дәл түсіндіре білуі керек.
 Мұғалім- ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты, төзімді, кешірімді, байсалды болуы тиіс.
 Мұғалім-өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Оқушыларын жақсы көріп, олармен әдепті қарым-қатынаста болғаны жөн.
 Мұғалім-үнемі өз бетімен білімін, дайындығын жетілдіруі қажет.
 Мұғалім-теорияны практикамен байланыстырып, озық іс-тәжірибелерді әрдайым күнделікті сабағында пайдаланып, жетілдіріп отыруы қажет.
Осы талаптарды әрбір мұғалім үнемі ұстанып отырса, мұғалімнің көңіл-күйі әрдайым жоғары болады да, сабағының сапасы артып, еңбегі әрдайым жана түседі.
Ы.Алтынсариннің «Мұғалім-мектептің жүрегі», -деп айтқанындай, барлық күш мұғалімге түседі.
Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады.
Оқыту үрдісінде кездесетін қайшылықтар мен қиыншылықтарды шешуде, мұғалімнен асқан шеберлік пен педагогикалық білімнің мықтылығын қажет етеді. Егер мұғалім өз саласы бойынша пәндік білімі жетік болса, педагогика мен психологияны толық меңгерсе, әр уақытта өз іс-әрекетін дұрыс ұйымдастырып отырса, онда біртіндеп өзінің педагогикалық шеберлігін кәсіби тұрғыдан шыңдай түседі.
МҰҒАЛІМ - Мектептің Ұлағатты , Ғұлама, Лайықты, Ізденімпаз, Маманы- деп білеміз.[1]
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. [2] [3]
Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді.Мысалы, ұлы педагогтер А.Дистерверг ,К.Ушинский А.Макаренко ,В.Сухомлинский,т.б. мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы, адамның жан дүниесі , рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік- кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.
Обьективті критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі.Жоғары еңбек көрсеткіші,әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б. жататындығын атап өтеді.
Субьективті критерийлер. Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субьективті критерийлерге кәсіби – педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.
Нәтижелі критерийлер. Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады.Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым- қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды, ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы.
Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс.А.Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі: мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі: мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңі:мамандықты еркін меңгерген кезең: мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең.[4][5] Осылайша ғалым кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер- мұғалімнің, жаңашыл- мұғалімнің, зерттеуші- мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады.
Жаңа тұрпатты мұғалім үш түрлі құзыреттілікке ие болуы тиіс. Олар: әдіснамалық, жалпы мәдени, тілдік бағыттылық. Біріншіден, педагогикалық қызметтің шығармашылыққа бағытталуы, екіншіден, зияткерлік мәдениетін, мінез-құлық, қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынасты игеруі, үшіншіден, қазіргі кіріктіру үдерістерін, әлемдік білім берудің даму беталысын бағдарлай алуы керек.
Абайдың: “Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға”, – деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?! Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты міндет – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру. Біз осыны мінсіз атқаруға тиіспіз.
ХХІ ғасырда педагогтің рөлі өзгеріп, заманауи білім беру жүйесіне жаңа талаптар қоюда. Білімнің дәрежесіне, кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижесін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды.
Мұғалімге өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекеттегі талдау және ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсынуда жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін мүмкіндік беретін коучинг және тәлімгерлік етудің ықпалы мол деп айтар едім. Коучинг – бірге оқыту мен оқудың нақты саласындағы нақты тәжірибелік дағдыларды беруге бағыттаса,тәлімгерлік-тәлім алушылардың кәсіби дамуына бағытталған үрдіс деп айтуға болады.
Осы тақырыпты өз тәжірибемнен айтар болсам: Мен жұмыс жасайтын "Жолғабас " негізгі орта мектебінде азғантай уақыт болса да, біршама жұмыстар жүргізілді деп айтуға болады.
Коучинг және тәлімгерлік ету мақсатым: Әріптестеріме «Жеті модульге бағытталған бағдарламаның теориялық негізі туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы сабақтарында осы бағдарламаны тиімді пайдалануға мұғалімдерді дайындау» мақсатын қойдым. Бірлесе отырып, жоспар құру,ой қозғау, пікір алмасу, ұсыныс айту арқылы оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесу барысында оқушыларымызға сапалы білім беріп, жаңа оқушыны қалыптастыру, яғни өзгертуге болатынын көздедім.
Педагогикалық кеңесте әріптестеріме осы бағдарлама төңірегінде әңгімелеп, «Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек?» жайлы ой тастадым.
Коучинг, тәлімгерлік үдерісін жоспарға сәйкес жүзеге асырып отырмын . Бұл жұмыс мазмұндарын іске асыру өзімнің кәсіби өсуіме және пән мұғалімі ретінде көзқарасымның өзгеруіне үлкен септігін тигізді. Ұжымда ең алдымен өзінің педагогикалық тәжірибесіне өзгеріс енгізгісі келетін мұғалімдердің жұмысын ұйымдастыру бойынша бастадым.
Әріптестеріме жеті модульге бағытталған бағдарламаның теориялық негізі туралы түсініктерін қалыптастыру және сабақтарында осы бағдарламаны тиімді пайдалануға мұғалімдерді дайындау және өзімнің тәлім алушыммен жұмысты онан әрі жалғастыру болатын. Курста оқып жүргеннен өзінің қызығушылығын танытып тәлім алушы болуға келіскен әріптесім, география пәнінің мұғалімі болатын.Тәлім алушыға сапа үшін мұғалім оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданылуы керек, қазіргі сабақ мұғалім мен оқушы серіктес болатын жеті модульдің идеяларымен қаруланған болуы тиіс екенін түсіндіріп отырдым. Тәлім алушым еңбекқор, талапты, жаңашыл мұғалім. Соның ішіндемұғалімдерге арналған нұсқаулықтан «Оқыту мен оқытудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет?», «Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері», жеті модуль туралы оқуын сұрадым. Тәлім алушыны ынталандыру, теориядағы білімді практика жүзінде қалай пайдаланамыз және түсінікті болу үшін екеуміз бірлесе жұмыс атқарып жүрміз. Тәлім алушымен бірлесіп жоспар құрып, сабақтар жүргізе бастадық.
Жеті модульды ықпалдастыру аясында құрылған сабақтар өткіздік. Меніңше, бұл оқушы жетістіктерінің, даму қарқыны және оның қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін бірден- бір дәлел. Тәлім алушымның сабағында топпен жұмыстың дұрыс жүргізілгені, жұппен жұмыс, диалогтік оқыту, бағалау, кері байланысты дұрыс қызықтыра өткізгені байқалды. Осындай сабақтар топтамасынан кейін мектеп мұғалімдерінің практикасын дамыту мақсатында инновациялық оқу тәжірибелерін зерттеу және бағалау үшін кәсіби әңгімелер жүргізіп отырмыз.
Мектепте басқа да деңгейлік курстардан өткен әріптестеріммен өте тығыз қарым- қатынас жасау арқылы жұмысымыз ілгерілеу үстінде.Осындай жұмыстар мектепте мұғалімдердің кәсіби дамуына, соның негізінде оқушылардың белсенділіктерінің артуына үлкен ықпал етуде.
Мектебіміздегі осы жаңашылдық қадамдар жасалуынан байқағаным: Мұғалімдердің жаңалыққа ұмтылыстары, өз іс тәжірибелерінде пайдаланып жатқандары, бір- бірімен қарым- қатынастың онан сайын нығайғаны туралы айтуға болады. Өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлайтыны байқалады
Болашақта өз пәнін оқыту барысында өзіндік ойын, көзқарасын жеткізе алатын, қоршаған ортамен тілдік қарым-қатынасқа түсе алатын, іскер азамат тәрбиелеп шығару арқылы құзыреттіліктерін дамыту жолында атқарар еңбектеріміз әлі алда деп ойлаймын.
«Ал біздің ел билеген бабамыз Абылай хан: «Білекке сенген заманда ешкімге дес бермедік, Білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік!» деген еді.
ХХІ ғасыр-бәсекелестік ғасыры. Басқа елдермен тереземіз тең болу үшін біз, ең алдымен, білім саласын бәсекеге қабілетті деңгейге жеткізуіміз қажет. Өйткені білім беру жүйесі дамыса, экономика да өрлемек. Елбасымыз дамыған 30 елдің қатарынан көрінуіміз үшін «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты Жолдауында басым бағыттарды нақтылап берді. Қазақстанның болашағы --білімді жастардың қолында. Сондықтан да, білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына бүгінгі таңда үлкен талап қойылып отыр.
Бүгінгі мектептің басты міндеті – өзіндік ой–көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны тұлға ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл бола алады.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы, // Астана, 2006 ж.
2. /Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б
3. Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.
4 . А.К.Маркова. Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі//2009
5. К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б
6. Мұғалімге арналған нұсқаулық / екінші басылым/ Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Нәтижеге бағытталған білім беру кеңістігін модельдеу перспективалары мен мәселелері можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 385 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar