Меню
Назад » » »
Ұнатам күзді мен
загрузка...

загрузка...
Турсынбаева Нагима Муталиповна,
№376 бастауыш мектебінің мұғалімі.
Арыс қаласы,ОҚО
Сабақтың тақырыбы: «Ұнатам күзді мен»

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: білім деңгейін жоғарлату, өлеңнің идеясын, мақсатын түсіндіру.
ә) дамытушылық: оқушылардың поэзия туралы түсініктерін дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, мәнерлеп оқуын арттыру.
Б) тәрбиелік: оқушыларды поэзияны, табиғатты сүюге тәрбиелеу. Табиғаттың жомарттығын үғынып, сұлулығын сезіне білуге баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдісі: Баяндау, әңгімелесу, ой туғызу.
Пән аралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу өнері.
Сабақтың көрнекілігі: Күз бейнеленген суреттер, деңгейлік тапсырмалар, сигналды карточка, плакаттар, ойындар, жазылған сөздер, сызбалар.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгелдеу, психологиялық дайындық.
II. Үй тапсырмасың сұрау.
Абай Құнанбаевтың күз өлеңін мәнерлеп оқытып, мазмұнын оқушылардан сұрау.
Үй тапсырмасын қорытындылау:
«Кім көп біледі?» ойыны.
1. Абай Құнанбаев туралы не білетініңді әңгімеле?
2. Абайдың «Күзі» сенде қандай көңіл-күй туғызды? Неліктен?
3. Осы өлеңде айтылған түс қандай деп ойлайсың? Қандай әуенмен айтар едің?
III. Кіріспе әңгіме.
1. Оқушылардың қызығушылығын ояту.
Тақтадағы суретпен жүмыс жасай келе, сиқырлы таяқшаны ала отырып, күз туралы ойларын тізбектей жалғастырады.
2. Ой қозғау: Топтастыру стратегиясы.


IV. Жаңа сабақ:
Күз мезгілі суретелген тағы бір өлең оқиық. Жеңіс Қашқыновтың «Ұнатам V күзді мен» өлеңі. Оқушылардың дэптерлеріне тақырыпты жаздыру. Сабақтың мақсатын айту.
1. Өлеңнің мазмүнын түсіндіремін.
2. Өлеңді нақышына келтіріп, мәнерлеп оқып беремін.
3. Сюжетті өлең екенін түсіндіру.
4. Табиғат пен түрмыс-тіршілік байланысын айту.
5. Оқушыларға тізбектеп оқытамын.
V. Өлеңді теориялық талдау жасау.
Қарашы / далаға = 6 Реңі2 / сары ала4 = 6 Аспанда / қаптаған = 6 Бұлт тыным3 / таппаған3 = 6 Жөңкілдеп / көшеді = 6 Суық жел / еседі = 6 Тырнасы / тізілген = 6 Ұнатам3 / күзді мен3 = 6
Бунақ сөз тіркесіне байланысты. Тармақ бір қатар болса, буын дауысты дыбыстарға байланысты. Шумақ төрт, алты, сегіз тармақты, біршама ой түйген бөлік өлеңдер ұйқаспен жазылады.
VI. Сергіту сәті: «Ұйқасын тап» ойыны.
Мүғалім буынды айтады, ал балалар ұйқас құрайды.
Ал-ал-ал Күз суретін сал,
Өсті алма тал. Жайылып жүр мал, Егісті жинап ал.
VII. Тірек сызбамен жұмыс.

Сұрақ Жауап
Даланың түсі қандай?
Алма қалай пісті?
Аспанды не қаптады?
Жел қандай?
Тырнасы қайткен?
Екі өлеңнің үқсастыгы неде?
Екі өлеңнің ерекшеліктері неде?
Күздің басқы және соңғы
кездерін қай өлеңнен байқайсың? Сары ала
Албырап
Бүлт
Суық
Тізілген
Күзді суреттейді
Күздің басы, күздің соңы
«Үнатамын күзді мен» өлеңі күздің басы.
Абай. «Күз» өлеңі күздің соңы.

VIII. Өзіндік жұмыс: «Жеміс жинау» ойыны бойынша жемістердің суретін салу. Сурет бойынша әңгімелеп беру.
IX. Деңгейлік тапсырмалар.

I - деңгей
1. Қазақ даласына алгаш білім жарығын алып келген адам кім?
А) Ахмет Байтүрсынүлы
Ә) Абай Құнанбаев
Б) Ыбырай Алтынсарин
2. Балаларды оқуға шақырған Ыбырай Алтынсариннің өлеңі қалай
басталады?
А) Кел, балалар оқылық Ә) Бір Аллаға сиынып
Б) Оқысаңыз балалар
3. Тұңгыш «Әліппе» оқулығын жазган кім?
А) Ыбырай Алтынсарин Ә) Ахмет Байтұрсынұлы Б) Абай Құнанбаев
II - деңгей
1. «Ата-ана алдындагы борышың» деген тіркестегі «Борышың» сөзін басқаша тағы қалай айтуға болады?
А) Қарызың Ә) Тәртібің Б) Білімің
2. Өлең жазатын адамды қалай атайды?
А) Жыршы Ә) Суретші Б) Ақын
3. «Аласың білім кітаптан» деген ақыл сөз кімнің шығармасында
келтірілген?
А) Ілияс Жансүгіровтың
Ә) Абай Құнанбаевтың
Б) Жүсіпбек Аймауытовың

III - деңгей
1. Қартқожа цай жазушының кейіпкері?
А) Ыбырай Алтынсариннің
Ә) Ахмет Байтұрсынұлының
Б) Жүсіпбек Аймауытовтың
2. Қазац халцының ұлы ғалымы Шоцан Уалиханое туралы жазган
жазушы кім?
А)Ыбырай Алтынсарин
Ә)Жүсіпбек Аймауытов
Б) Сапарғали Бегалин
3. Абайдың нацыл созін аяцта. «Адам баласының ең жаманы -... »
А) Білімсіз
Ә) Ақылсыз
Б) Талапсыз
X. Тексеру. Жауабын тақтадан тексереді.

Тест тапсырмалары Тест жауаптары

1 2 3
I - деңгей
II - деңгей
III - деңгей Б А Б Ә Б
Б Ә А
Б
Тапсырманың нешеуі дұрыс, нешеуі дұрыс еместігін сигналды карточка арқылы көрсетеді.
XI. Сабақты қорытындылау.
Біз күз маусымын ұнатамыз ба жоқ ұнатпаймыз ба? Немен ұнамды? Неге ұнамсыз? Жауабы тыңдалады.
XII. Оқушыларды бағалап, мадақтау.
XIII. Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу.
Күз тақырыбына бес тармақты өлең құрау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ұнатам күзді мен можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 428 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar