Меню
Назад » » »
Натурал көрсеткішті дәреже
загрузка...

загрузка...
Тақырыбы: Натурал көрсеткішті дәреже

Мақсаты:
1. «Натурал көрсеткішті дәреже» ұғымын таныстыру. Оның ережесін қорытып шығаруға үйрету, есеп шығаруда қолдана білуге баулу;
2. Әртүрлі деңгейлі есептер шығару арқылы білік дағдысын қалыптастыру;
3. Өз бетімен жұмыстануға, табандылыққа, ақыл-ой белсенділігін дамыту және пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі. (Ауызша жаттығулар)
2. Жаңа сабақ.
3. Жаңа сабақты бекіту.
4. Өзіндік жұмыстар.
5. Үйге тапсырма.
6. Бағалау.
7. Сабақты қорытындылау.

САБАҚ БАРЫСЫ
I. Ұйымдастыру бөлімі. (5 минут)
Сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау. Бұл бөлімде оқушылар жаңа сабаққа дайындық мақсатында алынған ауызша жаттығулар орындайды.
1) 2×2×2= 2) (1/5)×(1/5)= 3) 3×3×3×3×3= 4) (-10)×(-10)×(-10)= 4) а×а×а×а×а×а жаттығуларды орындағанан кейін.
Сұрақ: Осы өрнектерді қысқаша жазуға болама?
Дәптерге жаңа сабақтың тақырыбы жазылады.

II. Жаңа сабақ. (10 минут)
Дәреже ұғымы енгізіледі. Дәреже деген ұғым бізге таныс па?» жалпыға ортақ сұрақ қойылады. Оқушылар өз ойларын айтады.
Натурал көрсеткіштің дәреженің жазылуына тоқталып, негізі, дәреже көрсеткіші туралы айтылады.
Сұрақ: Дәреже негізі қандай сандар болуы мүмкін ?
Ж: Натурал, бүтін, бөлшек.
Сұрақ: Дәреже көрсеткіші қандай сан болады?
Ж: Натурал.
Сұрақ: егер көбейткіш біреу болса, дәреже түрінде жазуға болама?
Ж: Ия. а=а1
Жауаптарын жүйелей отырып. Дәрежеге анықтама беру .
а п =а×а×а× а×а×а (n-рет) мұндағы а кез келген сан, n –натурал сан
Анықтаманың көмегімен балалар тақтадағы өрнектердің ішінен дұрысын табады.

Натурал көрсеткішті дәреженің анықтамасы айтылады..

III. Сабақты бекіту. (20 мин.)
№ 31, 32 (Оқушылар өздігінен орындайды),
№33, 35, 40.54(тақтаға орындалады)

ІV . Өзіндік жұмыс. (5 мин)
Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.

А деңгейі В деңгейі С деңгейі
Өрнек түрінде жазыңдар:
а) а – дәреже негізі, в – дәреже көрсеткіші.
б) 8 – дәреже көрсеткіші, в – дәреже негізі.
в) 7 – дәреже негізі, 3 – дәреже көрсеткіші.
г) 4 – дәреже көрсеткіші, 5 – дәреже негізі.
Төмендегі өрнектің ішінен мәні 81-ге тең болатын өрнектерді теріп жаз:
а) З4; б) (- 9)2;
в) - З4; г) - 92;
д) -(-9)2; е) -(-З)4;
ж) - (-81)1.
Жауап: А, Б, Ж 1тапсырма: теңдікті қалай түсіндіруге болады. Оқушылар өз ойларын айтады.
2-тапсырма:Есептелер жүргізбей өрнектің мәні қандай санмен аяқталатын анықта


V. Сабақты қорытындылау. Рефлексия. (3 мин)
VІ. Үйге тапсырма. (2 мин.) № 35 (4,5,6),№40(2,4,6),№41

VІІ. Оқушыларды бағалау. (1 мин.) Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Натурал көрсеткішті дәреже можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 291 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar