Меню
Назад » » »
Наурыз – думан
загрузка...

загрузка...
Атырау облысы, Атырау қаласы
№35 мектеп-гимназиясының
мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Жанбирбаева Нургул Жанбирбаевна
Тақырыбы: «Наурыз – думан»
Мақсаты:Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен таныстыру. Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Туған елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт дәстүрді құрметтеуге, үлкендерді және бірін бірі сыйлауға тәрбиелеу. Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.
Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді.
Тәрбиеші: Армысыздар,құрметті қонақтар! Ұлыс күндеріңіз құтты
болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
Ән: « Қош келдің, төрлет Наурызым!»
Тәрбиеші: -Балалар біз бүгін қандай мерекеге жиналдық?
-Наурыз мерекесін қай мезгілде тойлаймыз?
Наурыз – көктем мезгілінің алғашқы айы. Наурыз айында күн мен түн теңеледі. Наурыз мерекесі бұл қазақтың жаңа жылы, жылда 22-наурыз күні Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін ел болып тойлаймыз. Бұл күні ата-анамызбен, ата-әжелеріміз үй-үйді аралап наурыз көжеден дәм татып, баталарын береді.
Наурыз мейрамы жүректерге нұр сепкен.
Маңдайымнан сүйіп жатыр, күн көктен.
Жарығыңмен шуағымен Күн- Ана.
Алып келді жер бетіне гүл дала.
Осыншама жақсылық алып келген Наурызым.
Төрлет бізге нұр болып
Шуақ шашып ақ жұзің!
Құтты болсын Жаңа жыл! Құтты болсын әз Наурыз!
Ән: "Әз Наурыз" -Анель Ө
Балалар тақпақтары:
О,жарандар,жарандар, Анел Ө
Тамашадан қалмаңдар.
Құс қанатты көңілмен
Жыр әлемін шарлаңдар.
Оятып шың мен асқарды
Ерітіп мұз бен ақ қарды
Нұрландырған даланы
Наурыз-көктем басталды!

О,жарандар,жарандар, Жақсылық
Бәрің мұнда қараңдар!
Наурыз тойы басталды,
Текке қарап тұрмаңдар!
Әуелесін армандар
Үміті от боп жанғандар
Бақ қонып,Қызыр дарысын,
Мерекеден қалмаңдар.

Кең пейілді қазақ елім ! Ерәли
Кемелденген ғажап елім
Ұлыс күні құтты болсын!
Ел іргесі мықты болсын!
Бақыт әкеп ұлыс күні
Баянды боп тыныштығы
Кел,кел бәрің келіңдер!
Ұлыс күнін көріңдер!

Жаңарғаны сананың Сымбат
Ұмытады мұны кім?
Ата салтын бабамның
Алып келді ұлыс күн!
Бір анадан туғандай
Бір ұядан ұшқандай
Бір аспанның астында
Береке-бірлік татулық
Болсын мәңгі тыныштық!
Ортаға әуен ырғағымен тазша бала кіреді. Қоржынына нөмірленген асық салып кіреді.
Тазша бала: Уа, халайық Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, қайда барсаңдарда жолдарың болсын!
Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе, Тазша бала! Қош келдің! Наурыз мерекесі құтты болсын!
Тазша бала: Наурыз мейрамында адамдар әр үйге кіріп амандасып, үлкендердің батасын алады. Менде ертемен ауылдарды аралап келе жатырмын. Сендердің Наурыз мерекелеріңмен құттықтап, өзіммен бірге ойын ала келдім. Ойынның аты «Асық жинау». Ойын шарты: Балалар сендерге нөмірленген асықтар беріледі, сол асықтың сұрақтарына жауап берулерің тиіс. Сұрақтарға жауап беру арқылы қоржынға асықтар жинайсыңдар.
1. Жеті атаны ата?(ата,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат,жүрежат)
2. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата?(айран,сүт,ірімшік,құрт,шұбат,қымыз,бешбармақ,жент,бауырсақ)
3. Ұлттық аспаптарды ата?(қобыз,сазсырнай,асатаяқ,тайтұяқ,қобыз,домбыра)
4. Ұлттық кимдерді ата?(кимешек,камзол,сәукеле,тақия,шапан,
5. Қасиетті сандарды ата?(3,7,9)
Би: «Қара жорға»
Балалар тақпақтары
Аманбысың,армысың халқым менің! Анел А
Ақтарған кең даланың алтын кенің.
Мереке басы болсын берекенің
Ардақты Наурыз тойы,салтың елім.

Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар Мұрат
Босқа қарап тұрмаңыздар!
Наурыз тойы басталды
Қызықтан тыс қалмаңыздар!

Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ
Қалыс адам болмасын некен-саяқ Есжан
Ән шырқап,би билейік,қауым болып
Уақыт келді қалмайтын өнерді аяп.
Ата салтым-асыл мұрам,ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын Нурбина
Саен ғасырда салтын бұзбас,қадірім,
Өткенімді бүгінгімен жалғадым.
Ән: "Анажан" -Іңкар
Тазша бала: Балалар өте жақсы. Ойынды жақсы ойнадыңдар! Өнерлерің де тамаша екен.Енді мен кетейін. Көрші ауылдың адамдарын Наурыз мерекесімен құттықтайын. Сау болыңдар балалар!
(Ат тұяғының дауысы естіледі).
Тәрбиеші: Балалар ат шауып келе жатқан сияқты. Кім екен бізге асығып келе жатқан? (Сол кезде сүйінші сұрап ортаға бір бала келеді).
Бала: Сүйінші, сүйінші бүгін той, бүгін мереке! Сүйіншімді беріңдер, сүйіншімді беріңдер!
Тәрбиеші: Уа, балақай! Сүйіншіңді берейін, түсіндірші мән -жайды?
Бала: Бүгін атам мен әжемнің ауылында үлкен той. «Атқа мінгізу» тойы болайын деп жатыр. Мен сол тойдың хабаршысымын. Атам мен әжем сіздерді тойға шақыруды маған тапсырды.
Баланың сүйіншісіне басына тақия кигізеді.
Тәрбиеші балаларға ата мен әженің ауылына баратынымызды айтып, «Ауылға» өлеңінің әуенімен қимыл жасай жүріп, орындықтарының жанына айналып келіп түрады. (Осы кезде сахна ашылып, ата мен әже, немересі келіні шығып қарсы алады. Балалар амандасады, мерекелерімен құттықтайды.)
Ата: Бүгін менің немерем Наурызбек 5 жасқа толды. Немеремді атқа мінгізу дәстүрін жасамақпын. Соған сендерді қонаққа шақырдым. Сендер бұл дәстүрді көріп тамашалаңдар. Алдымен бұл дәстүрдің қалай жасалатынын сендерге айтып, түсіндіріп өтейін. Ол үшін баланы мінгізуге жуас құнан ат дайындалады. Бұл атқа баланы мінгізіп бір адам құнанды жетекетеп жүреді. Бұған жиналған үлкендер бата береді.
Атқа жақсы шаба біл,
Өнеге өнер таба біл!
Аймағыңа жаға біл –деп тілек бата береді. Әжелері баланың атқа міну құрметіне шашу шашады.
Сол жерде осы "Атқа мінгізу"салт-дәстүрі көрсетіледі.
Тәрбиеші: Бүгінгі мерекеге арнап біздің балалардың тақпақ, өлеңдері бар.
Балалардың тақпақтары:

Наурыз келді күн жылына бастады
Еріп жатыр Алатаудың жас қары Гүлжанат
Наурыз келді ,көктем келді жарқырап
Жағадағы желге ойнайды балқұрақ

Жауқазындар қар астынан қылтиды Иманғали
Күннің ыстық сәулелерін тартып ап
Қараторғай көкте ұшады әуелеп
Көктем келді ,Наурыз келді деп жар салып

Наурыз келді,наурыз көже ауылдың
Бар үйінде пісіп жатыр бұрқырап Мейрамгүл
Құлпырады туған елдің байтағы
Екі-екіден қозы ертеді қой тағы
Әжемізге,көжемізге риза ел
Наурыз әнін ,көктем әнін айтады.

Қарды ерітіп жылғасы
Наурыз келді жыл басы
Шуақ төкті жарық күн Іңкар
Мейрамында халықтың
Бата беріп атамыз
Бата беріп анамыз
Тәтті болып жасалған
Наурыз дәмін татамыз.

Міне келді көктем де
Күн ұзара бастады Жаннұр
Улап-шулап балалар
Ағаштардың басына
Ұя жасап тастады
Әже: Балалар сендер біздің дастарханнан дәм татыңыздар. Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған наурыз көжеміз, құрт, майымыз, сүзбе, айранымыз, бауырсағымыз бар.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыз әже! Біздің балаларымыздың да Наурыз туралы түсініктері мол. Наурыз көженің қалай жасалатынын да біледі. Наурыз көжеміз туралы тақпақтарымыз бар еді ғой. Қанеки, айтып жіберейік.
Балалардың тақпақтары:
Наурыз тойын әдемі
Әжем еске түсіреді Амина
Біздерге арнап әдейі
Наурыз-көже пісірді
Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды.
Бидай,күріш,тары бар
Бар сүт пен шұжығы
Ащы құрты тағы бар
Көже елдің ырзығы
Бидай салып көжеге
Мол болсын деп биыл нан
Ұлыс күнге сақталған
Тары да бар ақталған
Адал астан бұйырған
Дәм татыңыз,ел жиылған.

Қарды ерітіп жылғасы Абылай
Наурыз келді жыл басы
Шуақ төкті жарық күн
Мейрамында халықтың
Бата беріп атамыз
Бата беріп анамыз
Тәтті болып жасалған
Наурыз дәмін татамыз.
Тәрбиеші: Бабамнан қалған мол мұра.
Қасиетті домбыра
Домбырамен таныттым
Қазақтың кім екенін
Би: «Бипыл»
"Арқан тартыс" ойыны
Тәрбиеші: Бүгінгі тойларыңыз құтты болсын. Ұлдарыңыз үлкен азамат болсын! Бүгінгі Наурызға жайылған дастархандарыңыз мол болсын. Бүгінгі мерекеге сай әдемі «Дастархан» әнін қабыл алыңыздар!
Ән: «Дастархан»
Ата: (бата айтып, шығарып салады)Балалар балабақшаға оралады. «Ауылға» әнін айтып кері қайтады.
Тәрбиеші: Балалар біздер қайда бардық? Ол ауылда қандай салт-дәстүр жасалды? Сендерге Наурыз тойымыз ұнадыма? Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Наурыз – думан можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 292 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar